Сабақ «Ас атасы нан!»



бет2/2
Дата07.05.2017
өлшемі322,04 Kb.
#15876
түріСабақ
1   2
«Бауырсақ ертегісі»

Бір кемпір мен шал болыпты. Бірде шал жалынып:



  • Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берсеңші, - дейді.

  • Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

  • Әй, кемпірім-ай! Қойманың түбін қырнап көрсең ғой, мүмкін табылып қалар.

Кемпірі солай істейді, қойма түбін қырып-қырнап екі уыс ұн табады да, қаймаққа шылап, қамыр илеп, бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытқалы қояды.

Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан үйдің іргесіне домалап түседі, іргеден көгал үстіне домалайды, көгалдан жылжып жолға жетеді. Одан әрі жолмен зырлай жөнеледі. Бауырсақ жолда зымырап бара жатса, қарсы алдынан қоян шыға келеді:



  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

  • Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Қоян құлағын түреді, ал бауырсақ әнге басады:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Қоян, сенен да қашам! – деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді:

-Бауырсақ» Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

- Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Бауырсақ әндете жөнеледі:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Мен қояннан қаштым,

Қасқыр, сенен де қашам! – деп, бауырсақ алға қарай домалап кетті. Бауырсақ орман ішінде зымырап келе жатса, қарсы алдынан түлкі шыға келеді:



  • Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоям!

  • Жоқ, сен мені жеме, мен саған өлең айтып берем.

Бауырсақ әндете жөнеледі:

Мен бауырсақ, бауырсақ,

Мен атайдан қаштым,

Мен әжейден қаштым,

Мен қояннан қаштым,

Мен қасқырдан қаштым,



Түлкі сенен де қашам!

  • Әдемі өлен екен! – дейді түлкі. Менің ауызама отыршы, өлеңді тағы бір рет айтып берші.

Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығады.

  • Мен бауырсақ... – деп өлеңдете бастайды. Ал түлкі оны «ап!» деп жеп қойды.

Жақсы, балалар, рахмет сендерге. Балалар, мында қараңдаршы, ол не? Бұл сандық. Қане, ашайық, ішінде не бар? – Мұнда нан туралы тыйым сөздер жазылған екен. Қане, бірге айтайық.



Нанды лақтыруға болмайды.

Нанды бір қолымен үзуге болмайды.

Нанды аяқпен басуға болмайды.

Міне, балалар, естідіңдер ғой. Енді біз нанды Қастерлей білеміз: «Ас атасы - нан» деп бекерге айтпаған. Қане, бәріміз бірге нан туралы өлеңдер айтайық.



Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар,

Теріп алып, қастерлеп,

Тоғайларға тастаңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет