Сабақ: Қасым Аманжолов. Туған жер Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып



бет24/114
Дата06.02.2022
өлшемі1,73 Mb.
#55150
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114
Сабақтың тақырыбы:
Қастек Баянбаев. Араша

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып:

Қатысқан:

Қатыпағандар:

Сабақта меңгерілетін
дағдылық мақсаттар

Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, өлеңді сатылай кешенді талдау арқылы білімдерін көтеру.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білуге тиісті:
Автордың өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Тақырып мазмұнын түінуі тиіс

Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Автордың өзге де шығармаларын.

Бұрыннан бар білімдері

Тапсырмаларды сатылай кешенді талдауды біледі.

Жоспар

Жоспарланған
уақыттар

Жоспарланған уақыт (жаттығулар)

Ресурстар

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
Қызығушылықты ояту
Ой қозғау. Ребус шешу. (Ара суреті (құрал), шана суреті көрсетіледі)
шешуі: АРАША
- Араша сөзін қалай түсінесіңдер? - деп оқушылардың ойын тыңдау. Оған мағынасы жуық сөз табу. Қамқор, көмек

Ребус шешу. (Ара суреті (құрал), шана суреті көрсетіледі)


шешуі: АРАША



Ортасы



Жаңа сабақ
Қастек Баянбаев 1936 жылы 15 қарашада Алматы облысының Алакөл ауданындағы Талдыбұлақ деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған. 1960 жылдан бастап Алакөл аудандық, 1965 жылдан бастап Алматы облыстық газет редакцияларында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып істеген. 1971 - 1995 жылдары «Жазушы» баспасында редакция меңгерушісі, «Жалын» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған.
3. Өлеңді оқып беру. Оқу барысында слайд көрсетіліп тұрады.
4. Сөздік жұмыс: бүлік төбелес, көркем сөздер: бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, Маубас
5. Оқушылар тізбектей оқиды.
6. «Сәйкестендір» ойыны Шарты: Тақтадағы қима қағаздағы сөздердің қай жануарларға қатысты екенін тауып, суретінің тұсына қою.
Шыбын: бөрткен дәндей әлсіз жәндік
Торғай: кәдімгі ашулы бейшара
Мысық: мұртын талдап тараған, үстін сәндеп жалаған, шапшаң әрі епті, маубас
Төбет (ит): жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, ашу қысқан арландай
Құнан (ат): құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, жымиған қос құлағы

Автор портреті. Сөздік жұмыс: бүлік төбелес, көркем сөздер: бөрткендей дәндей, жайын ауыз, жуан төс, томар мойын, тұман көз, құрақ мойын, қыл құйрық, шын жүйрік, ұзын сирақ сары бала, Маубас

Сергіту сәті

Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.

Сергіту жаттығуы жазылған парақша

Аяқталуы

Сабақты бекіту мақсатында слайдтан ұяшықтар шығады. Балалар ұяшық нөмірін таңдап, сұрақтарға жауап береді.
1. Өлең неліктен «Араша» деп аталған?
2. Мәтіндегі басты кейіпкерлерді ата
3. Ақты төгіп шашқан кім? Аққа қатысты тыйымдар айт
4. Төбетке қатысты сөз тіркестерін есіңе түсір
5. Кер құнанға қатысты көркем сөздерді ата
6. Диалог дегеніміз не?
Сабақты өлеңнің негізгі ойын ашатын мақал мәтелмен қорыту:
1. Өзіңді зор тұтпа, өзгені қор тұтпа.
2. Ашу шабыстырады, ақыл табыстырады.
V. Үйге тапсырма.
1. Өлеңді қара сөзбен мазмұндау.
2. Өлең мазмұны бойынша сурет салып, кішкентай буклет арқылы сюжетті диафильм құрастыру.

Сөздік жұмысын жүргізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   114




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет