Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ
Қасымханова Гүлмира Мауленбаевна
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы
«А.В.Луначарский атындағы орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сабақтың мақсаты: 1.Тақырыпқа байланысты білім, білік дағдыларын тұрақтандыру, өтілген модуль материалдарын қайталау арқылы оқушылардын меңгерген білімдерін жуйелеу, бекіту нәтижесін өзара бағалау.
2. Тапсырмаларды берілген жұмыс түрі бойынша орындау барысында тілдің коммуникативтік қызметін арттыру, өз бетімен ізденіп оқуға, іскерлікке бағыттау, пәнге қызығушылықтарын дамыту
3. Даналық создердің мазмұны арқылы Отанды сүюге, оқу, білімге тәрбиелеу, әр уақытта ойлап сөйлеуге баулу.
Сабақтың түрі: Теориялық және практикалық өз бетімен жұмыс сабағы.
Типі: Білімдерін тексеру және бағалау (нәтиже сабақ).
Әдісі: Аудиовизуальдық әдісі (көрнекілікпен сөйлеу, сұрақ-жауап, өзін-өзі басқару әдісі, бағалау әдісі, бақылау әдісі (тест, диктант)).
Көрнекілік: ДК, мультимедиалық тақта (слайд), қазақша-орызша синонимдік сөздіктер, интернет.
Қолданылатын технология: Коммуникативтік технология
Пәнаралық байланыс: Информатика, өзін-өзі тану, орыс тілі
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру
Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Сыныпта кім жоқ?
Бүгін нешесі?
II. Білімдерін тексеру
(Бақылау әдісі бойынша диктант жұмысы)
Диктант (оқшау сөздеріне байланысты) ДК
Ой –бу, балам-ай, теледидрдын алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
Апа, қазір сериал басталады, теледидарды қосайыншы.
Сіздіңше, теміржолға тіке тартқан дұрыс па?
Бетіңнен тайма, қызым!
Дау жоқ, келісімді орындау керек.
Пәлі! Ақын ғой мынауың!- деді Қоржынбай.
Шырағым, байқағайсың, құлап қалма.
III. Сабаққа мақсат қою
Нәтиже сабақта көрсетілген тапсырмаларды, берілген материалды жаңа техникалық құралдар арқылы орындау, білімдерін тексеру және өзара бағалау, тақырып бойынша алған білім, білік дағдыларын « Не білемін?», «Не білдім?», «Не білуім керек?» деген мақсат бойынша тұрақтандыру .
IV.Нәтиже сабақ
«Не білемін?» I бөлім
2. 7.1. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңдар. ДК(аудиовизуальдық әдіс)
Мәлімет – Қағида –
Жарнама – Тұңғыш –
Мақала – Қоғам –
Баспасөз – Насихат –
Жергілікті – Тұтқыш –
Пайда – Қауіпті –
Қызмет – Ұшқыш –
7.2. Сөз жоқ, бәлкім, қорыта айтқанда, мүмкін деген қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңдар. ДК
Сөз жоқ
Бәлкім, саған да іс ұнайтын болар.
Сені де, бәлкім, апарып салармыз
Қорыта айтқанда
Сарқып құйғаны, мүмкін, біткен шығар.
7.4. Дұрыс құрастырылған сөйлемді белгілеңдер. ДК
а) Бағдарламаларды теледидардан қажетті көріп тұрған дұрыс.
ә) Теледидардан үшін қажетті көріп тұрған дұрыс.
б) Теледидардан қажетті бағдарламаларды көріп тұрған дұрыс.
7.9. Сөйлемдердің тыныс белгілерін қойыңдар. ДК
Жарайсың, балам, өнеріңе қуанамыз.
Болат, сен кешегі гала-концертті көрдің бе?
Жүргізуші мырза, қазір оңға бұрылыңыз.
Қараңызшы, әже, менің туған күніме қанша сыйдық әкелген!
7.5. Сұрақтарға жауап беріңдер. ДК
1. Қазақ тілінде оқшау сөздер нешеге бөлінеді? Атап шығып, оларға мысал келтіріңдер.
2. Қыстырма сөздер дегеніміз не?
Кітапті ашу қане бүгінгі нәтиже сабақтың қандай тапсырмаларын орындап қойдық екен? (Орындаған тапсырмаларды көрсету)
Не білдім? II бөлім
(Орындалмаған тапсырмаларды табу, орындау)
7.6. Етістігі қалау райда тұрған сөйлемді белгілеңдер.
1. Өзімнің сүйікті газет – журналдарымды жазып алдырамын.
2. Омбыда шыққан тұңғыш газетте жұмыс істеді.
3. Теледидардан әр түрлі танымдық бағдарламаларды көргім келеді.
4. Биылға мерзімдік басылымға жазылдық.
А.Етістік дегеніміз не? Қалау рай нені білдіреді?(қалау рай қалау, тілекті білдіреді).
Ә. Үшінші сөйлемге синтаксистік талдау жасау (тақта).
2. 7.3. Төмендегі сөздердің мағынасына мәндес сөздер
(Синоним дегеніміз не?)
Бұқара, ақпарат, тілші, іс, тұңғыш, ренжігіш, жедел.
Бұқара – халық, көпшілік Тұңғыш – алғашқы
Ақпарат – дерек Ренжігіш – қапалану, қабыржу
Тілші – журналист, газетші Жедел – тез,жылдам
Іс – жұмыс
3. 7.7. Мына сөздердің антонимдерін жазыңдар
Танымал – беймәлім Мықты – бос
Тұңғыш – соңғы Жиі – сирек
Көп – аз Сапалы –
Таза – лас Жай – тез
Антоним мен жұрнақ арқылы жасалатын болымды-болымсыз мағына бірдей ме? (сапалы-сапалы емес антоним болама?)
Болымсыздық мағынаны білдіреді, антоним бола алмайды.
4. 7.8. Жарнама туралы шағын диалог құрыңдар. Диалог төмендегідей сөйлемнен басталатын болсын.
Мына газетті оқыдың ба?
...
Тест тапсырмалар орындау
Не білуім керек? III бөлім
Интеративтік тақта бойынша жасырын сұрақтарға жауап. О-Ө
1) Одағай
2) қыстырма
3) о - Ө
IV. Білімдерін бағалау
I бөлім бойынша бағалар
II бөлім бойынша бағалар
III бөлім бойынша бағалар
Мұғалім: Демек, қандай тақырыпты қай бөлімнен іздеу керек екенін, даналық сөздерді, ұлылардын айтқаны бойымен қатар әріптердің емлесін білуіміз керек.
V. Үйге тапсырма
Қолданылған әдебиеттер: 8-сынып оқулығы
Республикалық «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс сыныптарында» журналы
Тест тапсырмалар
Оқшау сөздердің негізгі қызметі не?
а) сөйлем мүшесі болады
ә) сұраққа жауап береді
б) айтылған ойға қатысы болады
Қыстырма сөз деген не?
а) тыңдаушының назарын аударады
ә) сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіреді
б) адамның көңіл-күйін білдіреді
Одағай сөзді белгіле:
Тәйірі, сол да қиын ба?
а) қиын ба?
ә) сол да
б) тәйірі
Сөйлемдегі қыстырма сөздің мағынасы қандай?
Менің байқауымша, ол – сабырлы, ілтипатты адам
а) сенер-сенбестік
ә) мойындау
б) ойдың кімнен шыққаны
Қаратпа сөз қатысқан сөйлем қайсы?
а) Сөйлей бер, ақ домбырам, күмбірлеген.
ә) Сабақ басталып, біз тапсырма орындай бастадық.
б) Көзді ашып-жұмғанша ауылға келдік.
Одағай сөздің неше түрі бар?
а) 5
ә) 4
б) 3
Күннің суытатын сыңайы бар, сірә. Қыстарма сөздің орнын көрсет.
а) басында
ә) соңында
б) ортасында
Оқшау сөздің тыныс белгісі
а) үтір
ә) сызықша
б) қос нүкте
Одағай сөзден жасалған есімшені тап:
Зал ішінен алақайлаған сәбилердің даусы шықты.
а) зал ішінен
ә) алақайлаған
б) сәбилердің даушы
Ал, Бәке, бұған не дейсіз?
а) ал, Бәке
ә) бұған
б) не дейсіз?
Достарыңызбен бөлісу: |