Телескоптың дамуы адамзатқа қандай мүмкіндіктер берді?
Құсжолы галактикасына ұқсас галактикалардың бар екенін білуге мүмкіндік берген қандай телескоп?
Рефрактор деген не?
№4 Практикалық сабақ
Жұлдызды аспанның жылжылмалы картасы. Бір мезгілде планеталардың өзара орналасуы. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы (ЖАЖК) белгілі бір орында жылдың кез келген күні мен тәуліктің әр сәтінде жұлдызды аспанның көрінісін анықтау мақсатында қолданылады.
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы екі бөліктен құралған: Жұлдыздар картасы және қондырма дөңгелек. Карта аспан сферасының жазықтыққа көшірілуінен құрылған. Картада жұлдыздар, шоқ жұлдыздардың танымал бейнесі, шекаралары, аспанның экваторлық координаталарының торылардың бейнеленген.
Картаның орталығында кеңістік дөңгелектерінің радиалды сызықтар түріндегі көшірмелері қиылысады. Бұл нүкте — дүниенің солтүстік полюсі. Тура көтерілу мәндері сағаттық санмен карта жиегінің ішкі жағында сағат тілінің жүрісі бойынша әр 1 сағ сайын жазылған. Аспан экваторы (еңістігі 0°) және аспанның үш ендігі әр 30° сайын концентрлік шеңбермен сызылып, бастапқы 14 8 еңістік дөңгелегімен (0 сағ — 12 сағ түзуі) қиылысқан тұстарында градуспен таңбаланған. Осы сандардың көмегімен аспан шырақтарының экваторлық координаталарының мәндерін жуықтап анықтауға болады.
Аспан экваторының ішкі жағында аспанның солтүстік жарты шары, одан тысқары оңтүстік жарты шарының 45° еңістікке дейінгі аймағы орналасқан. Аспан экваторымен екі нүктеде (күн мен түннің теңелу нүктелерінде: көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі а = 0 сағ, 8 = 0° және күзгі күн мен түннің теңелу нүктесі а = 12сағ, 8 = 0°) қиылысатын әрі орталық нүктесі дүние полюсімен сәйкес келмейтін шеңбер — эклиптика. Жазғы күн тоқырау нүктесі солтүстік жарты шарда эклиптиканың еңістік дөңгелегімен 6 сағ мәнінде, ал кыскы күн тоқырау нүктесі оңтүстік жарты шарда, онымен 12сағ мәнінде қиылысқан тұста орналаскан. Карта жиегін ала күнтізбелік айлар және күндер кәрсетілген. Олар Күннің эклиптикадағы орнын анықтайды. Қондырма дөңгелекте географиялык ендік мәндері жазылған сопақ пішінді тұйық сызықтар кәрсетілген. Оның орны мен пішіні бақылаушының Жер бетінде орналасуына, яғни оның тұрған орнының географиялық ендігіне тәуелді. Бақылаушының орналасу орнының ендігіне сәйкес бұрыштық белгі салынған қисық бойымен қиып алғанда, оның тұйық жиегі осы орынның математикалық көкжиегіне сәйкес болады. Көкжиек бойында дүниенің "төрт бұрышы" белгіленген. Егер оңтүстік пен солтүстік нүктелерінің арасында жіп керілген болса, онда ол аспан меридианын көрсетеді.Осы жіптің орта шенін жуықтап зенит ретінде санауға болады.
Онық дәл орны керілген жіптің Жер ендігі φ-ге тең аспан ендігімен қиылысқан нүктесіне сәйкес келеді. Мысалы, Алматы үшін (φ = 43,25°) зениттің аспандағы орны картада 8 = 43,25° сәйкес ендік шеңберін сызып, сол шеңбердің солтүстік сызықпен қиылысқан нүктесін белгілеу арқылы анықталады. Қондырма дөңгелектің сырт жиегі 24 сағатқа, ал әр сағат 6 бөлікке бөлінген. Бұл дөңгелекте сағат сандарының мәні жергілікті уақыт бойынша белгіленген. Бақылау кезінде бұл жайт есте болу керек (жергілікті уақыт жөнінде). Қондырма дөңгелектің ойылып алынған жерін мөлдір қағазбен желімдеп жапсырып, онда солтүстік (меридиан) сызығы мен зенит орнын белгілесе және картаны дүниенің солтүстік полюсі нүктесінен шегеге қондырса, жылжымалы карта қолдануға ыңғайлы болады.
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасының (ЖАЖК) көмегімен әртүрлі астрономиялық есептер шеше аламыз. Олар берілген орындағы жұлдыздардың шығу, бату, жоғары және темен шарықтаудың (яғни, көкжиектен ең биік және ең темен орналасуының) қай күні, кай уакытта болып өтетінін анықтау да қажет. Мәселен, берілген күннің белгілі бір уақытында жұлдызды аспаннық көрінісін анықтау үшін қондырма дөңгелегінің сағаттық жиегіндегі уақыт шамасы картаның жиегіндегі күн санымен сәйкестендіріледі. Осы кезде ойық ішінде аспанда көрінетін жұлдыздар пайда болады. Солтүстік сызық бойындағы Жұлдыздар шарықтау шегінде: дүниенің солтүстік полюсінің оңтүстік жағындағылары жоғарғы, ал оның солтүстік жағындағылары төменгі шарықтау сәтінде орналасады . Шығып келе жаткан жұлдыздар көкжиектің шығыс бөлігінде, ал батып бара жатқандары батыс бөлігінде орналасады. Мысал. Қазақ халық астрономиясында кейбір жұлдыздар меншоқ жұлдыздардың шығу және бату заңдылықтарын тұжырымдайтын жұлдыз ережесі бар. Солардың бірінде: "Үркер, Ұшарқар- Таразы және Сүмбіле үш айда туып, бір айда батар" деп айтылады. Осы ереженің растығын және олар қай мезгілде орындалатындығын Жұлдызды аспанның жылжымалы картасыты колданып тексерейік. Бұл ережеде аспан шырақтарының ең соңғы кешкі батуы мен таңертеңгі ең алғаш тууы туралы айтылған. Олар гелиакал бату және туу деп аталады. Шырақтардың гелиакал туу және бату мезгілі бакылаушы тұрған орнының географиялық ендігіне де төуелді. Біз қондырма дөңгелекті сопак пішінді кисықтың ф = 45° мәніне сәйкес кесіп алып қолданамыз. Қондырма дөңгелекті карта бетіне орналастырып, дөңгелекті жоғарыда аталған шырактар оның ішкі жиегінің батыс түсында орналасқанша айналдырамыз. Келесі сөтте сағаттық дөңгелектен және айлар мен күндер кәрсетілген жиектен аталған шырактар, жуықтап алғанда 5—15 мамыр аралығында, келесі ретпен: Үркер, Үшарқар-Таразы жөнө Сүмбіле жергілікті уақыт бойынша 20 сағ кезінде бататынын анықтаймыз. Қондырма дөңгелекті сағат тілінің қозғалу бағыты бойынша айналдыра отырып, бірінші болып Үркер туатынын байқаймыз. Үркердің жуықтап алғанда тууы — маусымының 23 күні жергілікті уақыт бойынша 2 сағатта болады. Дәл осылайша Үшарқар-Таразының шамамен шілденің 27-де 3 сағ 25 мин-та, ал Сүмбіле 20 тамызда 3 сағ 54 мин-та туатынын анықтаймыз.
Күн жүйесінің кұрамында сегіз планета бар. Бұлар Күнді эллипстік орбиталар бойымен айналып жүреді. Күннен алыстау орналасуына карай, олар: Меркурий, Шолпан, Жер (Аймен қоса), Марс, Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун деп аталады. Құралсыз көзбен бес планетаны - Меркурий, Шолпан, Марс, Юпитер және Сатурнды көруге болады. Сыртқы түріне қарап планетаны жұлдыздан ажырату оңай емес, оның үстіне ол көп жағдайда жұлдыздан гөрі жарық бола бермейді. Планеталар аспан сферасының тәуліктік қозғалысына қатысып кана қоймайды, олар сонымен бірге шоқжұлдыздар аясында ыгысатын (кейде елеусіз ғана) шырақтар қатарына жатады.
«Планета» деген сөздің өзі олардың осы ерекшелігіне байланысты, өйткені ертедегі гректер «қыдырма» шырақтарды осылай атаған. Аспан денелерінің тәулік бойы аспан әлемінде қозғалатынын бәріміз де байқаймыз. Түні бойы Ай мен жұлдыздардың да қозғалысын бақылауға болады. Мұнда жұлдыздардың бір-бірімен салыстырғандағы өзара орналасу қалпы өзгермейді.
Бақылау сұрақтары:
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы не мақсатта қолданылады?
Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы неше бөліктен тұрады?
Аспан шырақтарының экваторлық координаталарының мәндерін қалай анықтаймыз?