Сабақ Аспан сферасы және астрономиялық координат жүйесі. Аспан сферасы элементтерін оқу



бет5/7
Дата15.03.2023
өлшемі291,75 Kb.
#172555
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Астрономия 1-4

Бақылау сұрақтары:

  1. Шырақ деген не?

  2. Тәуліктік қозғалыс деп қандай қозғалысты атаймыз?

  3. Темірқазық жұлдызына жақын орналасқан əлемнің солтүстік полюсі қай бағытта қозғалады?

  4. Шоқжұлдыз деген не?

3 Практикалық сабақ


Телескоп арқылы Айды, Күнді, планетаны, жұптық және айнымалы жұлдыздық, шоқжұлдыздарды тұмандықтарды, Құсжолын қарау.
Астрономияның негізгі зерттеу əдісі – бақылау. Бақылаулар негізінен түрлі телескоптар көмегімен жүргізіледі. Оптикалық диапазоннан тыс электромагниттік сəулеленуді тіркеу, спектрлік талдау, фотосуретке жəне бейнетаспаға түсіру, фотоэлектрлік құралдарды қолдану, компьютерлерді пайдалану бақылау жүргізудің жəне оны сараптаудың мүмкіндіктерін едəуір кеңейтті. Ғарышкерліктің дамуына байланысты астрономияда тəжірибе жасау мүмкіндігі пайда болды. Ғарыш кемелері мен жасанды жер серіктері көмегімен астрономдар Əлемді зерттеудің жаңа деңгейіне көтерілді. Күн жүйесін зерттеуде планетааралық ғарыш кемелерін қолдану астрономияда көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді.
Телескоп – аспан денелерін бақылауға арналған көру түтігі. Линзалардан жасалған телескопты рефрактор деп атайды. Объективі ойыс айнаға алмастырылған телескопты рефлектор деп атайды.
Телескопта барлық жұл- дыздар жарқырайтын нүктелер түрінде көрінеді, бірақ бұрыштық ұлғайту арқасында бір-бірінен алыстайды, бұл қос жұл- дыздарды, үштік жұлдыз- дарды және жұлдыздар шоғырын анықтауға мүм- кіндік береді. Объективінің диаметрі 12,5 см телескоп бір-бірінен бұрыштық қашықтықта орналасқан екі жұлдызды ажырата алады, телескоптың жартыметр- лік объективі бір-бірінен 25 бұрыштық қашықтықта оpналасқан екі жұлдызды ажырата алады.
Көрінетін жарықты зерттеу кезінде сәулеле- нуді жинақтау үшін линзалар мен айналар пайдаланылады. Телескоп пен спектрос- коптың пайда болуы адамға ғаламда болып жатқан таңғажайып және бай құбылыстар әлемін ашты. Микроскоптың пайда болуы биологияда үлкен серпіліс жасады. Ғылыми аспаптардың маңызды бөлігінің бірі – линза. Линзасыз микроскоп та, телескоп та, спектроскоп та, фотоаппарат та, проектор да болмас еді. ХХ ғасырда оптикалық зерттеулер негізінде негізгі физикалық теориялар: салыстырмалылық теориясы және кванттық физика пайда болып, қарқынды дамыды. Лазерлердің пайда болуы ғылым мен техниканың түрлі салаларында жаңа мүмкіндіктерді ашты. Оптиканың практикалық маңызы және оның ғылымның басқа салаларына әсері ерекше маңызға ие болды.
XIX ғасырдың орта тұсында телескоптардың қуатының артуына байланысты жаңа жұлдыздар көптеп ашыла бастады. 6-жұлдыздық шамаға дейінгі жұлдыздар саны 6000-дай, 11-жұлдыздық шамаға дейінгілер миллиондай, ал 24-жұлдыздық шамаға дейінгілер 2 миллиардқа жуық. XIX ғасырда ғалымдар жұлдыздардың шынайы жарықтылығы Күнмен бірдей, ал байқалатын жарықтылығы олардың қашықтығына байланысты деп санады. Бұл болжамдар қате тұжырымдарға алып келді, өйткені көптеген жұлдыздардың жарқырауы шын мәнінде Күннің жарқырауынан айтарлықтай асып түсті (270-сурет). Жұлдыздарды негізгі сипаттамалары: қашықтығы, жарқырауы, түсі, өлшемдері, массасы, жасы, құрылымы бойынша зерттеу мен жіктеу оларға дейінгі қашықтықты анықтау мәселесін шешудің алғашқы қадамы болды.

Соңғы 20 жылда астрономдар зерттеулері адамзаттың Әлем құпияларын зерттеуін айтарлықтай ілгерілетті. Алыс галактикаларда тіршілік нысандары болуы мүмкін. Олардың қандай бейнеде екенін, қандай жағдайларда тіршілік ететінін және қалай пайда болғанын тек қана болжауға болады. Қазіргі заманғы ғылым ол туралы нақты деректер бере алмайды: әзірге ондай технологиялар жоқ. Бірақ ғарышта тіршілік нысандары бар деп сенімді түрде айтуға болады. Бұл – түрлі, ғылымға белгісіз өте кіші бактериялар, жасушалар мен мик- роағзалар болуы мүмкін. Олар белгілі планеталардың көп бөлігінде табылған.
1990 жылы 24 сәуірде іске қосылған «Хаббл» ғарыш телескопы осы күнге дейін алыс галактикаларды суретке түсіреді. Оның көмегімен Әлемде Құсжолы галактикасына ұқсас галактикалардың бар екені белгілі болды. Сонымен қатар шаң-тозаң мен газдан тұратын басқа да үлкен галактикалар бар, олардың ішінде қара құрдымдар бар.
Барлық ғарыш нысандары бірдей материалдардан: газ, шаң-тозаңнан, өлі жұл- дыздар мен планеталардың қалдықтарынан тұрады. Бізді қоршаған материя атом- дардан, көміртегі қосылыстарынан және басқа элементтерден тұрады. Бірақ егер ғарышта бактериялар, микроағзалар, вирустар және басқа да тіршілік иелері бар болса, онда неге Әлемде басқа да тіршілік пен ақыл иелері жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет