Сабақ Аспан сферасы және астрономиялық координат жүйесі. Аспан сферасы элементтерін оқу



бет2/7
Дата15.03.2023
өлшемі291,75 Kb.
#172555
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Астрономия 1-4

Горизонталды координаттар жүйесі. Горизонталды координаттар жүйесінің негізгі жазықтығы ретінде математикалық көкжиек жазықтығы алынады. Негізгі нүктелер ретінде зенит жəне оңтүстік нүктелері алынады. Бірінші координат ретінде шырақтың зениттік қашықтығы z немесе көкжиектен биіктігі h алынады. Екінші координат ретінде шырақтың азимуты А алынады. Берілген шырақтың зениттік қашықтығы деп вертикаль шеңбер бойымен зениттен бастап сол шыраққа дейінгі доғаны немесе ілме мен шыраққа дейінгі бағыттың арасындағы бұрышты айтамыз (1.7 сурет). Зениттік қашықтық 0º ÷ 180º аралығындағы мəндерді қабылдайды. Шырақтың зениттік қашықтығы 90º кіші болса ол аспан сферасының көрінетін бөлігінде, үлкен болса көрінбейтін бөлігінде жатады. Берілген шырақтың көкжиектен биіктігі деп шырақ арқылы өтетін вертикаль шеңбер бойымен көкжиектен бастап сол шыраққа дейінгі доғаны немесе көкжиек жазықтығы мен шыраққа дейінгі бағыттың арасындағы бұрышты айтамыз. Биіктік -90º ÷ 90º аралығындағы мəндерді қабылдайды. Шырақтың биіктігі 0º ÷ 90º арасында болса (зенитке қарай өлшенеді) ол аспан сферасының көрінетін бөлігінде, 0º ÷ -90º арасында болса (надирға қарай өлшенеді) көрінбейтін бөлігінде жатады.

Шырақтың зениттік қашықтығы мен биіктігі арасында мына қатынас орындалады.
z+h=90º
Бір альмукантаратта жатқан шырақтардың зениттік қашықтары мен биіктіктері бірдей болады. Шырақтың азимуты деп S оңтүстік нүктесінен бастап математикалық көкжиек бойымен батысқа қарай шырақтың вертикаль шеңберіне дейінгі доғаны немесе талтүстік сызық пен шырақтың ілме сызығының көкжиекпен қиылысу нүктесі бағыты арасындағы бұрышты айтамыз. Азимут 0º ÷ 360º аралығындағы мəндерді қабылдайды. Кейде азимутты батысқа қарай 0º ÷ 180º аралығында (батыс азимут), шығысқа қарай 0º ÷ –180º аралығында (шығыс азимут) өлшейді. Бір вертикал шеңберде жатқан шырақтардың азимуттары бірдей болады. Геодезияда азимутты солтүстік нүктесінен бастап шығысқа қарай 0º ÷360º аралығында, немесе сəйкесінше шығысқа қарай 0º ÷180º аралығында (шығыс азимут), батысқа қарай 0º ÷–180º аралығында (батыс азимут) өлшейді. Мұндай азимутты геодезиялық азимут деп атайды. Астрономиялық азимут А жəне геодезиялық азимут А’ арасында мына қатынас орындалады: A’=A+180º, (А 0º ÷ 180º аралығында); A’=A -180º, (А 180º ÷360º немесе 0º ÷ - 180º аралығында); Горизонталды координаттар жүйесі шырақтардың көрінетін орнын астрономиялық құралдар көмегімен тікелей өлшеу үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет