Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»



Дата07.05.2017
өлшемі88 Kb.
#15953
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы Бөкей Ордасы ауданы

Хан Ордасы ауылы Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аксенова Альфия Ринатовна


Пәні:

Ана тілі

Сыныбы:



Сабақтың тақырыбы:

Ашық сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»


Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) ақпараттық құзыреттілік

Оқушыларға Қазақстанның қорықтары жөнінде, туған жерді жырлаған ақындар жайлы мағлұмат бере отырып, олардың шығармалары арқылы туған жердің сұлулығын, байлығын жеткізу.

Ә) коммуникативтік құзыреттілік

Ауызша, жазбаша сөйлесу арқылы өзіндік ойлау дағдыларын сақтауға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Жинақылыққа, ұқыптылыққа, туған жерге мақтанышпен қарауға, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

Б) проблеманы шешу құзыреттілігі

Өз әрекетін бақылау, салыстыру, шешім шығару біліктерін дамыту. өзіндік бақылау мен бағалауға дайын болу.

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Білім беруді ізгілендіру, «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы, СТО әдістері-ой қозғау, рефлексия, «Блум кубигі», постерлермен жұмыс

Сабақтың әдісі:

түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс:

Ән,тарих, дүниетану

Оқыту құралдары:

интернет жүйесі: скайп бағдарламасы, магнитті тақта мен суреттер, АКТ, «Онлайн сабақ»

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, оқушыларды түгендеу; назарларын сабаққа аудару.

-Сәлеметсіздер ме, балалар!



Амандасады; оқу-құралдарын дайындайды

Оқушылар тұрып амандасады



Сынып сабаққа психологиялық тұрғыдан дайын

Рефлексия

Менің қымбатты әдебиет танушыларым! Сабағымызды сурет салудан, яғни автопортрет салудан бастаймыз. «Портрет» дегеніміз балалар, ол адамның бейнесі салынған сурет, ал «автопортрет» - ол адамның өзінің бейнесін өзі салады деген сөз. Портрет-портрет- painting.

Сол қолдарымызға ақ қағазды аламыз да басымыздың үстіне қоямыз, оң қолдарымызға қалам алып, қағазға сурет сала бастаймыз.

Алдымен, екі көзімізді, мұрнымызды, аузымызды, құлағымызды, енді басымызды саламыз. Енді суреттеріңізді маған көрсетіңіздер. Жарайсыңдар, жақсы суретші екенсіңдер!


Мұғалім артынан қайталап, портрет сөзін меңгереді.

Бірге орындайды.




Жаңа сөзбен және оның ағылшшын тіліндегі нұсқасымен танысты.

Көңіл-күйлері көтеріңкі болады.



Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар, енді өткен сабақта алған білімдерімізді қайталайық! Ол үшін мен мына қолымдағы Блум кубигін пайдаланамын. Шаршы қандай санды көрсетсе, сол санның артында жасырылған сұраққа жауап береміз.

  1. Жүсіпбек Аймауытов кім? /Жазушы/

  2. Жүсіпбек Аймауытов қай облыста дүниеге келген? /Павлодар/

  3. Қандай романнан үзінді оқыдық? /»Қартқожа»/

  4. «Қартқожа» романы не туралы?

  5. - Қартқожа бала кезден қойтастан не теруші еді? /жуа/

  6. Ауылының қарасы көрінгенде Қартқожа кімді ең бірінші есіне алды? /әжесін/

  7. «Топай» деген не? /үлкен малдың асығы/

  8. Тұңғышбай деген кім? /Қартқожа жоқта қайтыс болған ағасы/

Оқушылар мұғалімінің қойған сұрақтарына жауап беріп жатады


Барлық оқушылар

Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ

/Музыка пәнінің мұғалімі/

-Жарадыңдар, балалар, қазір әдемі әндер тыңдаймыз, ал сендер мұқият ән сөздеріне зер салып отырыңыздар. Кейін мен сендерге сұрақтар қоямын.



  1. Тыңдаған әндеріңізді сөзбен сипаттап көріңіздер: КӨТЕРІҢКІ КӨҢІЛСІЗ, ҚУАНЫШТЫ, ҚАЙҒЫЛЫ, ӘЛСІЗ, КҮШТІ.

  2. Осындай көтеріңкі, қуанышты көңіл-күйде, күшті дауыспен айтылған өлең не туралы екен? /Туған ел/

Оқушылар ән тыңдап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Оқушылар мұғалім тапсырмаларын қызығушылықпен орындайды

«Ой қозғау»

Жарайсыңдар, балалар! Балалар, енді тақтаға назар аударыңыздар, бұл суреттің артында бір адамның портреті жасырынған. Қане, ойлап, тауып көрейік:

  1. Бұл адамның мамандығы қандай деп ойлайсыңдар?

  2. Қай жерде дүниеге келген?

  3. Ұлты қандай екен, балалар?

  4. Бос уақытында немен айналысқанды ұнатқан деп ойлайсыңдар?

  5. Маған оның келбетін сипаттап беріңіздерші: бат-бейнесін, киген киімін

-Жарадыңдар, балалар! Енді мұнда кімнің портреті жасырынғанын айтайын. Ол Мұзафар Әлімбаев атты ақын аталарыңыз. /Өмірбаяны туралы айту/

Мұзафар Әлімбаев- қазақтың ақыны, аудармашы, жазушы. 1923 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Кітаптар көрмесіне назар аударыңыздаршы. Оның көптеген өлеңдері ән болып орындалып жүр. Мысалы: «Менің Қазақстаным», «Өшпес от», «Жүрек лүпілі». Сонымен қатар, ақын ертегілер, жұмбақтар, жаңылпаштар жазған. Мен сендерге бір өліңін оқып берейін. «Күз».



Оқушылар қиялдарынаерік бере отырып, портрет кейіпкерін табуға тырысады

Қызығушылықтары артып, кейін, ақынның өмірбаянымен танысады.

Дәптермен жұмыс

Сөздік жұмыс


Әдемі әдебиет дәптерлерімізді ашып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазайық.

17 қараша. Сынып жұмысы. Мұзафар Әлімбаев. Атамекен аяулы. Ақын аталарыңыз, балалар, өз туған жерін қатты сүйген. Оның Отаны – біздің Отанымыз Қазақстан. Міне біздің кең байтақ жеріміз. Қараңдаршы – өзі кең, дархан, сұлу! Шіркін! Біздің елімізде әдемі жерлер өте көп. Солардың бірнешеуімен бүгін біздер танысатын боламыз.

Аңырақай – Итишпес өзені мен Балқаш өзенінің ортасында, Аңырақай атты өзеннің аңғарлары, шатқал деп аталып кеткен шоқалақ жерде үлкен шайқас болған. Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы шайқаста жоңғарлар жеңіліске ұшырады.

Алтынемел – ол, балалар, ұлттық табиғи парк. Алматы облысында орналасқан бұл парк атауы биік Алтын Эмель деген шыңнан қойылған. Мұнда қорғауға алынған жануарлар, құста, өсімдіктер бар, балалар. Және тағы бір қызықты жері – ол Әнші құмдар. Біздің ауылдың құмдарына бұл ұқсағанмен, жел соққанда Әнші құмның дыбысы – аспанда ұшқан ұшақтың гүріліне ұқсайды екен. Өлеңімізде, балалар, адамның есімі кездеседі. Қане, тауып көріңдер. Иә, Шоқан Уалиханов деген – Осы сұлу жер туралы ақын былай жырлаған./

Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Мұнда көптеген тарихи ескерткіштер де бар.

Өлеңді аудиотаспадан тыңдату/ 1,2,3,/

Міне, балалар, сіздер ақынның өлеңдерімен қатар, туған еліміздің тарихи жерлерімен де таныстыңыздар.

Енді жаңа сөздеріміздң мағынасын танып алайық.

Жоңғарлар- ерте заманда қазақпен жауласқан халық.

Тұралата қаусатқан - тізебүктіріп жеңу.

Тағзым ет – басыңды иіп, құрмет көрсет.

Енді, балалар, сендердің оқу шеберліктеріңізді байқап көрейік.



  1. Бірінші өлеңді мәнерлеп оқу үшін батыр бейнесін сомдап оқып көрейік.

/оқушы батыр сауытын кие тұрып оқиды/ Меңжан Әсет.

  1. Екінші өлеңде жердің сұлулығын нәзік дауыспен жеткізу керек.

Бисенбай Нұрзада.

  1. Үшінші өлеңді мақтанышпен оқуымыз керек. Жасқайрат Азат.

  1. Ерболатов Нұрхан

  2. Кайратова Көркем

3- Сүлеймен Зарина

  1. Әлмади Нұрхан

  2. Жігерова Гульвира

  3. Дүйсенбай Әсем

Төмендегі сөздерге қатысты ақын қолданған көркем сөздерді тауып көр.

------------аңғар

-----------шатқал

-----------таудың биік белесі. /ер тоқым деген ат әбзелі екенін білесіңдер, ақын тауды ер тоқымға теңеген/

Өлеңдегі сөздерге мән бер. Берілген суреттерден осы сөздердің мағынасына сәйкес келетіндерін таңда.

Аңырақай –үлкен аңғар...

Жоңғарларды туралата қаусатқан...

Таудың биік белесі...

Әр өлеңнің ойын білдіретін суреттерді тап.


Оқушылар өлеңдер туралы мағлұмат алады, мәнерлеп оқиды, сұрақтарға жауап береді. Өлең жолдарынан теңеулерді өз беттерімен тауып үйренеді.

Жаңа сабақты меңгереді.

Сергіту сәті

Енді демалып алайық! Көздеріңізді жұмып, партаға ыңғайланып жатыңыз. «Беу,беу, туған жер! Құдіретіңнен айналайын. Менің туған ауылым – Орда жері неткен сұлу десеңші! Мөп-мөлдір суын ішкенде – құдды анамның бал салған сүтін ішкендейсің. Ауасы қандай десеңші. ЫМ-ЫМ.. кеудеңді әдемі гүлдердің иісіне, туған жердің сағынышына толтырады. Мен сені ешбір елге айырбастамаймын Қасиетті жерім менің. Мен Орда ауылын шын жүректен сүйемін... »

Оқушылар көздерін жұмып, демалады.

Барлық оқушылар бірге орындайды

Шығармашылық жұмыс

Слайд. /Музыка пәнінің мұғалімі/ / Оқушыларға белсенді үйлестірмелі парақтар беріледі/

-Балалар, келесі тыңдайтын әндеріңіз біздің ауылымыздың әнұраны боп саналады. Қане, сөздерін зер салып тыңдаңыздар!

«Орда туған мекенім» әні орындалады.

Тыңдаған әндеріңізді сөзбен сипаттап көріңіздер: жайлы, мақтанышпен айтылады, көңілді т.б.

Бұл әннің авторы Бисен ауылының тұрғыны болған 2уес0ой 2нш3 Хабиболла Әлесов.


Әнді тыңдайды. музыкалық талдау жасайды. Авторы жөнінде мағлұмат алады.




Үй тапсырмасы

Осы әннің шабытында, балалар, үйде Орда ауылы жайлы 4 жолды өлең жазып келесіңдер. Өте сәтті шыққан өлеңдерді шығармашылық бұрышымызға іліп, газет беттерінде жариялайтын боламыз.

Оқушылар күнделіктеріне жазып қояды.

Үй тапсырмасын түсінеді

Сабақты бекіту.

Бағалау.

Балалар, Жапония елінде жылына 1 рет гүл ататын сакура деген ағаш өседі. Оның гүлдері сондай әдемі, тіпті оны тамашалауға әр елден көптеген адамдар жиналады. Біз де бүгін сабағымызды әдемі сакура ағашының гүлдеріне сабақта не білдік, соны жазумен қорытындылайық.

-Балалар, енді сабағымызды саусақтарымызбен бағалап көрейік.



Сабақта барлық оқушылар бағаланады.

Оқушылар күнделіктеріне бағаларын қойдырады

Сабақ мақсатына жетеді

Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет