Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме



бет4/36
Дата11.12.2021
өлшемі267,42 Kb.
#99546
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
0003993c-cf33a296
0003993c-cf33a296
Оқушының аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Қорытынды баға

1.






















2.






















Бағалау ұпайын мұғалім өзі даярлайды

сабақ соңында үйге тапсырма беріледі


2 сабақ






Химия

10 сыныбы



Сабақ тақырыбы:

§2.2. Химиялық элементтер атомдарының құрылысы

Сілтеме:

10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,

Жалпы мақсаттар:

Білу, түсіну – Оқушыларға атом құрылысы, атом ядросының құрамы, изотоптар жөнінде жан-жақты білім беру.

Тәрбиелік – Оқушыларда атом құрылысы жөнінде білімді қалыптастыра отырып, тұлғаның адамгершілік қасиетіне, ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Дамытушылық – Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін, жігерін, ынтасы, қиялы мен қабылдауы сияқты танымдық қабілеттерін дамыту.


Күтілетін нәтижесі

Протон, электрон, нейтрон туралы білім қалыптасады. Ядролық реакциялар жайлы түсінік алады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір- бірін бағалайды

Түйінді идеялар

Химиялық элемент атомының басты сипаттамасы - ядро заряды, ол элементтің реттік нөмірімен дәл келеді. Бір химиялық элемент ядросындағы нейтрон саны әртүрлі болғанда, изотоптар түрі шығады.

Сабақтың әдісі

Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі

Сабақтың көрнекілігі

Периодтық кесте, интерактивті тақта, слайдтар, постерлер

Ұйымдастыру кезеңі


  • Оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу.

  • Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы

  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады

Қызығушылықты ояту


Т үрткі сұрақ :


Химиялық элементтердің периодтық жүйесі дегеніміз не?









Үй тапсырмасы

1 – перфокарта.

  1. Химиялық элементтерді екі топқа бөліп, металдар мен бейметалдар деп жіктеу неге негізделген?

  2. Химиялық реакцияны аяқтап, теңестіріп, қай типке жататынын анықтаңдар. Na + H2O =

2 - перфокарта.

  1. І топ металдары не себепті сілтілік металдар деп аталады?

  2. Сілтілік металл – натрий оксиді мен гидроксидінің түзілу теңдеуін жазыңдар.

3 - перфокарта.

  1. Галогендердің химиялық қасиетін айтып, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

  2. Қандай бір реактивтің көмегімен: а) натрий хлориді, б) натрий бромиді, в) калий йодиді ерітінділерінен галогендерді ығыстыруға болады? Жауаптарыңды реакция теңдеуімен ділелдеңдер.

4 - перфокарта.

  1. Айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар. Ca → CaO → Ca(OH)2→ CaCl2

2) Мына элементтерді металдық қасиеттерінің өзгеруі бойынша

орналастырыңдар. Na, Cs, K, Li, Pb




Жаңа сабақ


Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс

1. Атом күрделі бөлшек.

2. Атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынған ғалым.

3. Атом ядросының құрамы.

4. Изотоптар.осындай топтарғ бөліп, топтың тақырыбын ашу тапсырмасын беру арқылы мәтінді игертуге болады. Осыдан соң оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалай алады.

Топтар мәтінді ашқан соң мұғалім бір қорытындылауы қажет

1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд атом құрылысының «планеталық» моделін ұсынды. Бұл модель бойынша атомның ортасында оң зарядталған ядро бар, ал оны электрондар айналып жүреді. Ядро құрамында оң зарядты бөлшек протоннан басқа, зарядсыз бөлшек – нейтрон болады.


Электрон е (Аr = 0)

Нейтрон n (Аr = 1)

Протон Р (Аr = 1)




Протон саны + нейтрон саны = Аr

Химиялық элемент атомдарының ядро зарядтарының сандық мөлшері сол элементтердің периодтық кестедегі реттік нөмірлеріне тең болатындығы анықталған.



(11р, 12n) 11 е (17р, 18n) 17 е

Атомның ядро заряды химиялық элементтің қасиеттерін сипаттайтын физикалық шама.

Аргонның оң заряды +18,калийдікі +19, сондықтан калий аргоннан кейін тұр.

Қазіргі уақытта периодтық заңның тұжырымдамасы былай оқылады: химиялық элементтер, олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атом ядроларының зарядтарына периодты түрде тәуелді болады.

Ядро зарядтары бірдей, бірақ салыстырмалы атомдық массалары әр түрлі болатын элементтер де бар.

Оқушылар изотоптарды оңай түсіну үшін төмендегі мысалмен айтуға болады.

Бір химиктің отбасында үш егіздер туылады.

Егіздер Изотоптар

жасы → 1 1 1 → ядро заряды (реттік нөмірі)


Н

Н

Н

салмағы → 1 2 3 → атомдық масса

аты: протий дейтрий тритий

р = 1 р = 1 р = 1

n = 1 – 1 = 0 n = 2 – 1 = 1 n = 3 – 1 = 2

e = 1 e = 1 e = 1

Ядроларында протондар саны бірдей, бірақ массалары әр түрлі, белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрін - изотоптар деп атайды.

(Изотоп грекше «бір орынға орналасушы» деген мағынаны білдіреді.)



(17р 18n) (17р 20n)

Изотоптар ядрозарядтары бірдей болғандықтан, оның электрондар саны да өзгермейді, сондықтан химиялық қасиеттері де бірдей.

Яғни, химиялық элемент дегеніміз – ядро зарядтары бірдей атомдардың белгілі бір түрі.

Табиғатта кездесетін хлордың 75,53 % - і 35Cl изотоптан және 24,47 % - і 37Cl изотоптан тұрады. Олай болса хлордың орташа атомдық массасы:

Аr (Cl) = 35 0.7553 + 37 0.2447 = 35.453 35.5

Иодтың бір ғана изотопы бар , ал теллурдың 6 изотопы бар, оның ішінде массасы үлкендеу – 128Те және 130Те изотоптары басым болып келеді. Сондықтан реттік нөмірі бойынша Теллур иодтан бұрын тұрса да, оның иодтан салыстырмалы атомдық массасы үлкен болып шығады.





Ой толғаныс

Бұл кезеңде жұптық жұмыс жасауға болады, жұптаржды зерттеуге қолайлы болу үшін А мен в, В мен С немесе А мен С, т.б бөлуге болады:

І деңгей

1) Металдар қай қатарда орналасқан?

а) Na, Ca, K ; ә) Na, C, Mg; б) C, Cl, N; в)В, Са, Аl; г) Р, О, Рв

2) Бейметалдардың орналасу ретін көрсетіңіз.

а) Al, Na, Ca; ә) S, P, Si; б) Li, C, F; в) Na, Ca, K; г) Na, C, Mg;

3) Периодтық заң қай жылы тұжырымдалды?

а) 1969 жыл; ә) 1869 жыл; б) 1911 жыл; в) 1776 жыл; г) 1748 жыл

ІІ деңгей

1) Негіздік оксидтер қайсы? а) Al2O3, SO3, Na2O; ә) Li2O, NO2, MgO;

б) Na2O, CaO, K2O; в) Al2O3, MgO, CO2; г) SO2, CO2, NO2

2) Галогендер тобын анықтаңыз. а) Na, Li, K; ә) Cl, Br, F; б) O, S, Se; в) I, Cl, O; г) Be, Mg, Ca

3) Металдар қасиеттерінің арту қатары (негізгі топша бойынша)

а) Be, Mg, Ca; ә) K, Na, Li; б) Na, Mg, Al; в) Na, C,Al; г) Ca, Al, Be



ІІІ деңгей

1) Алюминийдің атом құрылысы: а) (13р, 13е ) 14n; ә) (13р, 14n ) 13е‾;

б) (13р, 14n) 14 е‾; в) (11р, 12n) 11е‾ ; г) (14р, 14n) 14е‾

2) Табиғатта 12С(98,892 %) және 13С(1,108 %) изотоптар қоспасы түрінде кездесетін көміртек атомының орташа салыстырмалы атомдық массасы:

а) 13 ә) 6 б) 12 в) 5; г) 11


Кейінгі тапсырмалар

Топтық жұмыс.

№1тапсырма. « Химиялық кубикті» пайдаланамыз. Элемент атомдарының ядро зарядын анықтаңдар және периодтық жүйеде орналасуын сипаттаңдар. (тапсырма ауызша орындалады)

№2 тапсырма. Реттік нөмірлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрон, протон, нейтрон сандарын анықтаңдар:

а) Z=5, бор B

ә) Z=9, фтор F

б) Z=13, алюминий Al

в) Z=16, күкірт S.

№3 тапсырма. Ребус шешу.


, Li ,,, ,N, ,F, ,,,Kr,, ,Ba,,


Бағалау

Формативті бағалау : екі жұлдыз,бір ұсыныс.

Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына Критерий арқылы бағалайды




Кері байланыс

Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет