10 сынып оқулығы ( жаратылыстану- математикалық бағыт) ,
Жалпы мақсаттар:
Білу, түсіну: Оқушылардың химиялық байланыс туралы білім алуына жағдай туғызу;
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен дүниетанымдарын кеңейту;
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істей білуге тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижесі
Иондық байланыс туралы түсінеді;
Тапсырмалар орындай алады
Топшама № 1 А) Ковалентті байланыс дегеніміз не?
Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: HF, H2, Br2O7, SiO2, F2, HNO3 Топшама № 2 А) Ковалентті полюссіз байланыс дегеніміз не?
Ә) Химиялық байланыс түрлері мен бейорганикалық қосылыстардың кластарына ажыратыңдар: H2SO4, O2, CI2O7, SO2, B2O7, CI2
Иондық байланыс деп – иондар арасындағы байланысты айтады. Металл мен бейметалл арасында түзіледі.
Ион – бұл электрон беру немесе алу нәтижесінде түзілетін зарядталған бөлшек.
Мысалы: Ас тұзы NаСІ қарастырайық:
Электрондарын беретін бөлшек оң ионға айналады (катион).
Электрондарын беретін бөлшек теріс ионға (анион) айналады.
1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады.Түзілген иондар біріне-бірі Кулон заңы бойынша тартылысып.иондық байланыс түзіледі
Na0 + F 0 → Na + F- Na0 + Cl02 → Na+ + Cl - K 0 + Cl20 → K +Cl-
Сыныппен жұмыс:
№ 1
Химиялық пирамиданың шыңына шығу жолы – қосылыстардағы ионды химиялық байланыс. Осы заттардағы байланыстың түзілу сызбасын сызыңдар.
№ 2
«Крестиктер-ноликтер» ойынын ойнаңдар. Барлығы ионды байланыспен түзілген заттардан тұратын тік, көлденең немесе қиғаш жолақты табыңдар. Осы заттардағы ионды байланыстың түзілу жолын сызыңдар.