Сабақ атауы Көркем прозадағы жаңа көркемдік ізденістер. М. Мағауин



Дата27.05.2018
өлшемі254,01 Kb.
#40959
түріСабақ

Бекітемін:




МДОІЖО Г.Амирова

04.05.2017

11А-сынып

Қазақ әдебиеті

Орыс тілі кабинеті

Сабақ атауы

Көркем прозадағы жаңа көркемдік ізденістер. (М. Мағауин «Жармақ», Т. Әбдіков «Парасат майданы» Қ.Жұмаділов «Дарабоз», Т.Жұртбай «Дулыға» романдары.)

Сілтеме

Білім стандарты,пән бағдарламасы, “Қазақ әдебиеті”, Алматы,

Жалпы мақсаты

Ұлттық рухани жаңаруы және сөз бостандығы. Ұшқыр жанр лирикадағы ел егемендігінің жырлануы. Қазақ қаламгерлерінің елдің тәуелсіздігін, халықтың арман-мүддесін жырлауы. Поэзиядағы тың тақырып, жаңа идеялар мен соны теңеулер. Эпикалық жанрдағы тың ізденістер, қол жеткен табыстар. Поэзияда дәуір шындығының көркем жинақталуы.

Күтілетін нәтиже

- Шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін-бірі

оқытуын қалыптастыру

-тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену

- өз бетімен білім алушылық қабілетін қалыптастыру

-сыни ойлау арқылы терең білім алу қабілеттерін дамыту


Негізгі идеялар

Прозадағы, поэзиясындағы, драматургиясындағы патриоттық, отаншылдық, сүйіспеншілік, нарықтық қарым-қатынастар, экология мәселелерінің терең тыныста талдануына назар аударту;оқушыларға қазақ әдебиетіндегі жаңа жас буынмен таныстыру.

Дереккөздер

Интернет деректері, ,ресурстар, « Қазақ әдебиеті» Шың оқулығы


Кейінгі тапсырмалар

Өлеңді мәнерлеп жаттап келу.



Үй тапсырмасын тексеру

І топ

«Гауһар иерархиясымен» топтастыру



ІІ топ концептуалды кесте толтыру

Кейіпкер

Портреті

Адами қасиеттері

Өмірге қызығушылығы
















Сабақтың эпиграфы: «Дүниеге тәуелсіздік көзімен қарайтын әдебиет керек» Н.Назарбаев

Блум таксономиясы

ІБілу

ІІ. Түсіну.

«КАСТ » әдісі

1-топ: Көзқарас –бағыттары, ақындардың өлең-жырларындағы ел тәуелсіздігі, азаттық, бостандық сияқты ұғымдардың көркем жинақталуы, отаншылдық рух

Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан кейінгі жылдарда  қазақ поэзиясында ұлттық тәуелсіздік жаңа көркемдік мазмұнмен жырланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи сананы ояту, ұлттық рухты көтеру басталды деп нық сеніммен айта аламыз. Дәстүрлі даму арнасынан  ауытқымаса да  мазмұн мен идеяда   жаңашылдықтар,  көркемдік жаңа айшықтаулармен ерекшеленді. Поэзияда ұлттық рух, ұлттық мұрат, тәуелсіздіктің лебі есіп тұратын кең тынысты жарлар жазыла бастады. 

2-топ: Аргумент- шығармалар . Ақын лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуы

Поэзияда дәуір шындығының көркем жинақталуы. А.Бақтыгерееваның «Наурыз» лирикасы. Ақын лирикасындағы ата дәстүрді аңсау, тарихи жадтың қайта оянуы. «Наурыз» жырының көркемдік ерекшелігі, ұйқас пен ырғақ мәселелері. Жарасқан Әбдіраш поэзиясының көркемдік сипаты. Иранбек Оразбай поэзиясындағы шеберлік үрдістер. Лирикалық пафос, интонациялық қызулық. Нұрлан Оразалин, Ұлықбек Есдәулетов, Серік Ақсұңқарұлы, Рафаэль Ниязбек, Несіпбек Айтұлы поэзиясындағы автор тұлғасы және өлеңдеріндегі бейнелілік. Темірхан Медетбек лирикасының тақырыптары, жанрлық ерекшеліктері. «Мінез», «Бір уыс топырақ» лирикаларындағы отаншылдық рух. Ақын поэзиясындағы көне түркілік сарын. Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы уақыт пен кеңістік. Жұматай Жақыпбаев, Есенғали Раушанов, Тынышбай Рахимов, Исрайыл Сапарбаев, Ғалым Жайлыбай, Тыныштықбек Әбдікәкімов, Гүлнар Салықбаева, т.б. ақындардың өлең-жырларындағы ел тәуелсіздігі, азаттық, бостандық сияқты ұғымдардың көркем жинақталуы, отаншылдық рух. Адам бойындағы нәзік сезім иірімдерінің сөзбен кестеленуі);

3-топ: Себеп- тарихпен байланысы . Тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы уақыт пен кеңістік, ел тарихымен сабақтастыру

Ұлттық сананың, тарихи сананың оянуы өткен жолымызға қайта үңiлтiп, қаншама жылдар бойы айтылмай, жазылмай келген ақиқаттың ақ таңдақтары мен қара таңдақтарын анықтауға, жүрiп өткен асуларымыз бен алдық деген асқарларымыздың қаншалықты тарихи маңызы болғанын бағалауға, мәдени, әдеби әлемiмiздегi жарық жұлдыздарымыздың тарихи әдiлеттi орнын тануға мүмкiндiк ашты.

тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы  ана тілі,  е л тағдыры, жер тағдыры ең көп жырланған тақырыптар деп айтуға болады. Қазақ тілінің тағдыры жырлағанда, тілдің қазіргі қолданысына көңіл толмау сарыны ерекше байқалады. Ана тілін менсінбеу,өзге тілде сөйлеуді мақтаныш тұтқан жандар аз емес. Ақын С.Адай «Менсінбеймін» дегенше деген өлеңінде өткір жырлайды.

   Қатты айттым!

   Сынып кеткен шыдам-бұл.

   Ұлт ішінде: Айыр тілді жылан жүр.

           Өз Тіліңді «Менсінбеймін»  дегенше,

           Өз халқыңнан туғаныңды күмән қыл!...  [1, 88].   

Жас ақын Алмас Темірбайдың  ана тілі туралы толғанысы бүгінгі күннің шындығымен  өрілген. Алмас ақын ана тілінің  қазіргі күйіне көңілі толмай, ертеңіне алаңдаулы. Ана тілі туралы «Бәлду-бәлду...», «Қазақ тілі туралы элегия» атты  жырларында  ана тілінің бүгінгі халі шындықпен жырланған. Ақын сәби  үнінен, бала бақша мен мектептен, биік мінбелер мен кеңселердегі қазақ тілінің тағдырына  қынжылады.

                   Президент қазақша сөйлеп тұр... тағы да

                    Парламент орысша ойлап тұр ішінен.. [2, 88].   

Көшедегі көрініс те мәз емес, қазақтар орысша сөйлейді шүлдіреп, жылағым келеді, күлгім де келеді деп жырлаған ақын қазақ тілінің болашағына алаңдай отырып, армандайды.  Ұлт үшін ең өзекті мәселенің бірі - дін. Алмас Исаділ   «Шоқынған бала» атты жырында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі - өзге дінге өту мәселесі жайында толғанады. Әке тәрбиесі мен ана тәлімін алған жастың өзге діннің жетегінде кетіп, шоқынуы  ұлттың ұйысуына төнген қатер.

Түс елемей  аят, Құран, ғазалды,

Кәпірлермен қоса айтысып жаңа әнді,

Мұхаммедтің  кім екенін ұмытып,

 «Иегова куәгері » саналды.



Өз тіліне,

Өз дініне қас ұлға,

Өлгеннен соң тыныштық жоқ ақында.

Қазақ болып туғаннан соң, күні ертең

Ай тұрмай ма, қабірінің басында

Мұғалім-тұжырым- Ақын М. Шаханов әр адамда анасынан басқа төрт ана болуы керек, ол –туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарих – тәуелсіз ұлттың төрт тірегін  атады.  Барлап қарасақ, тәуелсіздік жылдарындағы поэзиядағы  ана тілі,  ел тағдыры, жер тағдыры ең көп жырланған тақырыптар деп айтуға болады. Бұл тақырып бүгінде «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасып жатыр.





ІІІ Қолдану

Несіпбек Айтовтың «Бәйтерек» поэмасын талдау



Кубизм. Кубикті иіреді, қай жағы түссе, сол жағының сұрағына жауап береді.

  1. Суреттеңіз. Елбасы бейнесі

  2. Зерттеңіз. Бәйтеректі тақырып етіп алудағы ақынның мақсаты. Қазақ халқының өткен өмірі поэмада қалай көрініс тапқан?

  3. Байланыстыр. Поэмадағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын салыстыр.

  4. Қолданыңыз. а) Кейіпкер іс-әрекетіне байланысты қандай нақыл сөз, мақал-мәтел айтар едіңіз? ә) Шығармадағы сөз кестелерін, ой айшықтарын тап. Қыл қобыздай, алмастай жарқылдаған, пайғамбардай, ошақтың үш бұтындай, сиырдың бүйрегіндей, ұршықтай, көкжалдай-теңеу, Алатаудың мұзбалағы, Сарыарқа сайын дала-жер кіндігі, Нұрсұлтан-арқа тірек, алтын діңгек, халқы-бала, самсаған қара орманым-байтақ елім-метафора, қызыл тіл, ақ қағаз алтын қалам, ақ сарай, қара қылды, көк дауылы, көк семсер, сайын дала, қара орманым-эпитет).

  5. Талқылаңыз. Азаттық, тәуелсіздік жайында

  6. Салыстырыңыз. Н.Айтұлының «Бәйтерек» поэмасы мен Маралтай Ыбыраевтың «Көшбасшы» поэмасындағы ортақ идеяны салыстыр.

IY Талдау

Түсініктеме күнделігі. 1) пірім-қолдап-қорғаушы рух, аруақ. 2) Құлқын-тамақ, кеңірдек. Қара бастың қамы, өз пайдасы. 3) Пақыр-халі мүшкіл байғұс, сорлы. 4) Томаға-қыран құстың көзін жауып тұру үшін басына кигізіп қоятын былғары тұмылдырық. 5) Тулақтай-жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін пайдаланатын, кептіріп қатырылған шикі тері. 6) Тарпаңдай-жабайыланып кеткен жылқы. 7) Ғазауатқа-мұсылман діні жолындағы қасиетті соғыс.


Y. Жинақтау.«Астана -Тәуелсіздік белгісі» бір айналым сөйлем

IY Бағалау
1.Ақ қалпақ-Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттердің негізгі тақырыптары қандай?
2.Қызыл қалпақ-
3.Қара қалпақ- тәуелсіздік алғанға дейін қай тақырыптарды айтуға , жырлауға тыйым салынды
4.Сары қалпақ-
5.Жасыл қалпақ- Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетке қосар үлесіңіз.
6.Көк қалпақ- Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттердің тарихи-әдеби маңыздылығы






Жиынтық бағалау

Кері әсер парағын алу



  1. Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз немесе не үйрендіңіз?

  2. Сабақ барысында сізге не ұнады, не ұнамады?

  3. Сабақ мазмұны бойынша немесе кез-келген сұрағыңыз.

Үй тапсырмасы .



.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет