Пәнге қатысты лексика мен терминология Бірмүше, бірмүшенің коэффициенті, бірмүшенің дәрежесі;
Бірмүшенің стандарт түрі
Құндылықтарға баулу
- құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;
- ынтымақтастық;топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;
- ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;
- еңбек және шығармашылық;берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдай білу;
- өмір бойы білім алу; натурал көрсеткішті дәреженің қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.
Пәнаралық байланыстар
Физика, химия (физикалық шамалар мен өлшемдерді өрнектеуде, физика мен химиядан атомдық, ядролық бөлшектердің массасын жазуда бірмүшенің стандарт түрі және дәрежесі тақырыбында алған білімдерін қолданады).
Алдыңғы білім
Санның стандарт түрін, натурал және бүтін көрсеткішті дәреже ұғымдарын біледі.