Тақырыбы: 27-САБАҚ
|
Функция және функцияның графигі
|
Күні,айы:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
-
|
Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
|
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
7.4.1.1
функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;
7.4.1.2
функцияның берілу тәсілдерін білу;
7.4.1.3
функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу;
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Функционалдылық тәуелділік ұғымын қалыптастырып, функцияның жазылуын, оқылуын білу. Функцияның анықталу аймағын, мәндерінің аймағын таба білу дағдысын қалыптастыру
|
Оқушылардың басым бөлігі:
Функцияның формуламен берілуін пайдаланып, жаттығуларды орындай біледі.
|
Кейбір оқушылар:
функцияларының графиктерін салуға және графиктері бойынша х-тің мәндеріне сәйкес келетін у-тің мәндерін табуға үйрету. Осы функциялардың қасиеттерін талдау.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңдері
|
Жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы(2-5 минут)
|
(МК)Оқушылардың сабаққа дайындығы.Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Өткен тақырыпты қайталау:
Функция немен беріледі?
2. Тәуелсіз айнымалы не деп аталады?
3. Тәуелсіз айнымалының қабылдайтын мәндерінің жиыны функцияның қандай аймағы деп аталады?
4. Координаталық жазықтықтағы әр түрлі екі шаманың арасындағы тәуелділіктің сызықпен кескінделуі?
5. «Функция» терминін математикаға тұңғыш енгізген неміс физик - математигі?
6. Квадраттық барлық қабырғаларының қосындысы?
7. Аргументке тәуелді айнымалы не деп аталады?...
|
|
|