Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық.
. Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Қайталау: «миға шабуыл» стратегиясы бойынша өткенді пысықтау.
. «Сұхбаттасатын жұп» бойынша үй тапсырмалары тексеріледі.
1. Функция дегеніміз не?
2. Аргумент дегеніміз не?
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
(МК,Ұ),
.
1-топ. Координаталық жазықтық ұғымы.
Функция дегеніміз не?
2-топ Функцияның графигі деген не?
Функцияның графигі қандай түрде беріледі?
y = kx + l (мұндағы x - тәуелсіз айнымалы, k мен l – нақты сандар) түріндегі формуламен берілетін фуннкцияны сызықтық функция деп атайды.
у = kx + l функциясының анықталу аймағы барлық нақты сандар жиыны.
Егер у = kx + l сызықтық функциясындағы l = 0 болса, онда у = kx түрінде жазылады. у = kx функциясы тура пропорционалдық деп аталады.
Егер у = kx + l формуласындағы k = 0 болса, у = 0x+l, онда у = l; у = l функциясы тұрақты функция деп аталады. у = l тұрақты функциясы сызықтық функцияның дербес жағдайы.
Сызықтық функцияның графигі
У = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигін сызайық.
Ол үшін x пен y-тің сәйкес мәндерінің кестесін құрастыру керек.
х
-3
-2
-1
0
1
2
3
у
-6,5
-5
-3,5
-2
-0,5
1
2,5
Координаталық жазықтықта координаталары кестеде көрсетілген нүктелерді белгілейік.
Б елгіленген нүктелерді қоссақ, түзу сызылады. Осы түзу у = 1,5x - 2 сызықтық функциясының графигі болады. y = kx + l функциясының графигі түзу сызық. Жазықтықтағы екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізілетіндіктен, түзуді жүргізу үшін, оның екі нүктесінің координаталарын білу жеткілікті.
Y = kx + l сызықтық функциясының графигі болатын тузу ординаталар (Оу) осін (0;l) нүктесінде, ал абциссалар (Ох) осін ( ;0) нүктесінде қияды.