(МК) Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа
дайындау, оқу құралдарын алу.
.. Үйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске
түсіру.
1.Қандай жағдайда екі сызықтық функцияның графиктері қиылысады?
2. Қандай жағдайда екі сызықтық функцияның графиктері параллель болады?
3.Қандай жағдайда түзулер ординаталар осіндегі бір ғана нүктеде қиылысады?
1. «Сиқырлы ұяшықтар» бөлімі. Біздің мақсатымыз: өткен материалға байланысты қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру. Әр топ ұяшықтарды кезек-кезекпен ашады.
1. Сызықтық функция дегеніміз не?
2. у=kx түрінде берілген функция қалай аталады?
3. «Функция» терминін математикаға енгізген кім?
4. Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады?
5. Функция дегеніміз не?
6. у=l функциясы түрінде берілген функцияны қалай атаймыз?
2. «Жауабыңды сәйкестендіру» бөлімі
Екі топтан бір-бір баладан шығып, берілген тапсырманы дұрыс жауаптарымен сәйкестендіреді.