2,5 мл тамызғыш пен аспаптың бiр пробиркасын сынаққа алынған аздаған мөлшерлi сүзiндiсiмен жуып шаяды.
Ол сүзiндiнiң 2-5 мл-рiн индикатордың 2-3 тамшысын пробиркаға құйып сiлкiгеннен соң рН шамасын анықтайды.
Ерiтiндiнiң түсiне қарай қажеттi эталонды касетаны таңдап алып, оны рН-тың белгiсi сырт жағында болатындай етiп, компаратордың ұясына қондырады. Пробирканың iшiнде сынақ ерiтiндiсi құйылғанын сол жақ ұяға
/мөлдiр бөлектiң қарсы жағына/, ал су құйылғанын оң жақ ұяға орналастырады.
Касетаны тiк бағытта қозғау арқылы қос шыны түтiктi компаратордың арнаулы тесiкьерiнен қарап, түсiн зерттеуге алынған түсiне сәйкес келетiндей үлгiнi табады.
Егерде ерiтiндiнiң түсi екi үлгiнiң аралығында орташа дәрежеде болса, онда рН-тың орташа көрсеткiшiн алады.
Суда еритiн заттар мен құрғақ қалдықтың жалпы мөлшерiн анықтау
25-50 мл сүзiндiнi алдын ала кептiрiлiп өлшенген фарфор шәшкесiне салады да, әбден құрғағанша суды банкiге ұстап буландырады.
Шәшкенi сыртынан мұқият ысқылап, 101-1050С электр шкафта бiр сағаттай кептiредi. Мұнан кейiн тұнбасы бар шәшкенi эксикаторда суытып алып таразыға өлшейдi.
құрғақ қалдықтың /қ.қ./ процентiн құрғақ топырақ салмағына шағып, мына формула бойынша шығарады.
ққ= а 100 Кг
С
мұнда, а-құрғақ қалдықтың салмағы /грамм/, 100-100г топыраққа айналдыру коэффициентi, Кг-мәлiметтердi құрғақ топыраққа айналдыру коэффициентi, Кг-мәлiметтердi құрғақ топыраққа шағып есептеу үшiн алынатын гигроскопиялық коэффициентi, су сүзiндiсi көлемiне сәйкес /С/ алынған топырақтың салмағы, г.
Су сүзiндiсi құрамын анықтау
Бұл жұмыс топырақтағы тұздардың сандық мөлшерi мен сапасын, ондағы сульфат, хлор, кальций мег магнийдiң және натрий иондарын анықтау да кiредi.
Сiлтiлiк анықтау
ТОпырақтың сiлтiлiгi ондағы карбонаттар NaCO3 мен бикарбонаттардың металдарына, кремний мен органикалық қышқылдардың сiлтiлi тұздарына бiрден бiр байланысты болады.
Сiлтiлiктiң натрийге байланысты жекелеген түрлерiн анықтаудың практикалық жағынан мәнi бар. өйткенi сода топырақты сiлтiлiк жағынан күшейтсе, натрий бикарбонаты оның сортаңдығын арттырады. Екеуi де өсiмдiкке зиян.
Достарыңызбен бөлісу: |