2. Зертханалық-практикалық сабақ. Ауыл шаруашылығы қолданысындағы топырақтардың (физикалық-химиялық қасиеттері) қарашіріндінің мөлшері
Сабақтың мақсаты: Топырақтың қарашіріндісін, алмаспалы сіңген катиондар мөлшерін, су сүзіндісін анықтау
Әдістемелік ұсыныстар: Ш.Т.Тайжанов, А.У. Амралин, Н.Б.Қошқаров Топырақтану және геология негіздері: Оқулық . – Астана: 2008. – 350 бет.
Почвоведение: Учебно.-метод.пособие для выполнения лаб.-практ.работ
/ Л.П.Галеева. – НГАУ, 2006. – 67 с.
Елешев Р.Е., Елемесов Ж.Е., Мұхаметкаримов Қ.М. Топырақтану практикумы. – Алматы, 2008, «Агроуниверситет» баспасы. – 156 бет.
Иллюстрациялар: топырақ үлгісі, електер, дистелденген су, таразы, цилиндр, сүзгіш қағаз, ыдыстар, реактивтер, су моншасы, бюретка, термостат, воронка, плита және т.б.
Гумусты И.В.Тюрин тәсiлi мен анықтау өзiнiң қарпайымдылығы, нақтылығы және жылдамдығымен ерекшеленедi.
И.В.Тюрин тәсiлiнде гумусты 0,4Н екi хром қышқылды калиймен (К2Сr207) тотфқтыруға негiзделген, оны күкiрт қышқылында сумен көлемдiк қатынастары 1:1 мөлшерде араластырып жасайды. Гумусты тотықтыруға кеткен хром қышқылының мөлшерi арқылы анықтайды.
Егер топырақ күштi хлоридтармен тұздалғанда және темiрдiң шала тотықтары мен көп мөлшерде марганецтер кездескен жағдайда бұл тәсiл арқылы гумусты анықтауға болмайды, (мағлұмат мөлшерi көбейiп кетедi). Топырақтағы карбонаттар гумусты анықтауға кедергi жасамайды.
X ( A Б ) Км 0,0010362 100КH 2 O ,
C
Гумустың топырақтағы мөлшерiн (%) төмендегi формуламен табады: Х-гумустың мөлшерi (% құрғақ топырақта)
А-таза (бос анықтау) анықтауға кеткен Мор тұзының көлемi,мл.
Б-Реакцияға қатыспай қалған хромқышқылды калий тұзын титрлеугк кеткен Мор тұзының көлемi, мл;
Км – Мор тұзының титрiне, түзету коэффициентi; 0,0010362-гумусқа есетеу коЭффициентi, ол 1 мл 0,2л-ды Мор тұзы 0,0010362г гумусқа тең;
Кн2О –топырақтың гигроскопиялық коэффициентi; 100 – шыққан қорытындыны пайызға айландыру; С – талдауға алынған топырақ салмағы (гр).
Достарыңызбен бөлісу: |