Сабақ. Ауыл шаруашылығы қолданысындағы топырақтардың физикалық-химиялық


Топырақ құрамындағы алмасатын кальциймен магний қосындысын анықтау



бет3/8
Дата14.11.2022
өлшемі27,58 Kb.
#158147
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-3 Апта 2-жұмыс

Топырақ құрамындағы алмасатын кальциймен магний қосындысын анықтау


Жұмыс барысы. Алмаспалы кальцийдi анықтау үшiн дайындалған топырақ сүзiндiсiнен 50 мл алып сиымдылығы 250 мл шыны сауытқа ауыстырады. Оған 50 мл дистилденген су 1-2 мл 5-проценттiк тұз қышқылды гидроксиламин, бiрнеше түйiр натрий диэтилдитикарбамат тұзын, сiлтiлiк орта тудыру үшiн 5 мл буферлi хлорлы аммиак ерiтiндiсiн және 10-15мг (пышақ ұшымен) қара хромоген индикаторын қосып 0,05 н трилон Б ерiтiндiсiмен шие қызыл түстен ашық көгiлдiр түске өзгергенше титрлейдi.
Топырақ құрамындағы алмасатын кальций мен магний мөлшерiн төмендегi формуламен есептейдi:
Х а N V 100
H в
Мұнда, Х-100г топырақ құрамындағы алмасатын кальций мен магний мөлшерi, мг-экв.
а-сүзiндi ерiтiндiсiн титрлеуге жұмсалған 0,05 н трилон Б мөлшерi, мл. V-топырақ сүзiндiсiнiң жалпы көлемi, мл.
N-трилон Б ерiтiндiсiнiң нормальдiгi.
Н-талдауға алынған топырақ массасы,г.
в-талдауға алынған топырақ сүзiндiсiнiң көлемi, мл.
Топырақ құрамындағы алмасатын магний мөлшерiн бiлу үшiн кальций мен магний қосындысынан кальций мөлшерiн алу керек.



- 2- - 2-
Топырақтың су сүзiндiсiнен құрғақ қалдық, pH анықтау. Аниондарды анықтау: HCO3 , CO3 , CI , SO4 . Катиондарды анықтау: Ca2+, Mg2+, Na+ мен K+.


Су сүзiндiсiнiң /рН/ реакциясын анықтау
Су сүзiндiсiнiң реакциясына қарап, өсiмдiктiң өсiп-өнуiне тiкелей әсер ететiн топырақ ерiтiндiсiнiң қышқылдылығы немесе сiлтiлiгi жөнiнде мәлiметтер алынады. Мәдени өсiмдiктер әр түрлi топырақ ерiтiндiсi реакциясын түрлiше қабылдайды. Олардың көбiсi бейтарапты немесе соған жақын реакцияда қалыпты дамиды. Мәселен, бидай бейтараптыға жақын, зығыр әлсiз қышқылды, картоп қышқылы, мақта сiлтiлi реакция жағдайында жақсы өсiп-өнедi.
Су сүзiндiсiнiң реакциясы сутектi және гидроксильдi иондарға, суда еритiн қышқылдарға, сондай-ақ топырақ құрамындағы қышқылды және сiлтiлi тұздарға байланысты. Сутектi және гидроксильдi иондардың ара қатынасына қарай реакция /орта/ бейтарапты, қышқылы немесе сiлтiлi болады. Сутектi иондар мен гидроксильдi иондар концентрациясы тең болған жағдайда /HOH/, онда қышқылды реакция, ал бұған керiсiнше жағдайда
/HСу сүзiндiсiнiң реакциясын рН шамасынан белгiленген сутектi иондар концентрациясының терiс логарифмiн құрады. РН шамасына қарй топырақ аса қышқылды /рН 3-4/, қышқылды /рН 4-5/, әлсiз қышқылды /рН 5-6/, бейтарапты /рН 6-7/, сiлтiлi /рН 7-8/ және күштi сiлтiлi /рН 8-9/ болып белгiленедi. Күлгiн топыраққа қышқылды реакция тән. Тұзды топырақтар әдетте сiлтiлi ортасы – мен ерекшеленедi. қазiргi кезде рН-ты колориметриялық және электрометриялық /потенциометриялық/ әдiстермен анықтайды. Колориметриялық әдiс тек қана түссiз зерттеуге жарамды. өйтсе де қолдануға қолайлы және қолдану уақыты көп болмайды.
РН-ты колориметриялық әдiспен анықтау үшiн, Алямовский аспабын пайдаланады.
Бұл аспап түрлi-түстi шкаладан /касетадан/ немесе 4,8-8,0 аралығындағы рН анықтауға мүмкiндiк беретiн түрлi-түстi үлгi ерiтiндi құйылған пробирка, тамызғыш /пипетка/, компаратордан және KCI индикаторынан /15 мл тазартылған судағы 3,75 г тұз ерiтiндiсiнен/ тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет