Хлор ионы азот қышқылды күмiске хлор қышқылды натрийдiң 10 проценттiк ерiтiндiсiн қосу арқылы алады. Реакция былайша жүредi:
NaCI+AgNO3=NaNO3+AgCI
Хлор ионы тұнбасы түзiлгеннен кейiн, азот қышқылды күмiстен артылып қалған белгiнiң қышқылды калиймен реакциялауы нәтижесiнде хром қышқылды күмiстiң тұнбасы пайда болады, бұл жағдай реакцияласу процесiнiң аяқталғандығын көрсететедi:
К2С2О4+AgNO3=2KNO3+AgCuO4
Талдау барысы
Жалпы сiлтiлiктi анықтауға пайдаланған колбадағы 10%-тi хромқышқылды калийдiң 10 тамшысын қосып, қышқылды күмiстiң 0,01 қалыпты ерiтiндiсiмен қызғылт түске боялғанша титрлейдi. Егер топырақ құрамында тұз көбiрек болса, су сүзiндiсiн аз мөлшерде /5-10/ алу керек.
Анықтау нәтижесiн мына формула бойынша есептеп шығарады:
100 г топырқатағы хлор ион, мг-экв= а1000,01кг С мұндағы : а- су сүзiндiсiн титрлеуге жұмсалған азот қышқылды күмiстiң мөлшерi;
С-анықтау үшiн алынған су сүзiндiсi көлемiне сәйкес топырақ салмағы,
г;
0,01-мг-экв-ге шағып есептеу көбейткiшi;
100-100г топыраққа шағып есептеу көбейткiшi, гигроскопиялық
коэффициент;
-Хлор ионының миллиграмм эквивалентiн процентке айналдыру үшiн 0,035-ке көбейту керек.
Мұндай иондарды анықтаудың таразылық әдiсi өзiнiң айтарлықтай көлемдiлiгiмен ерекшеленедi және көп уақыт алады. Ең тиiмдiсi-өте аз уақыт алатын комплекс метрлiк немесе трилонометрлiк әдiстi /С.В.Астапов/ қолдану.
Топырақтың су сүзiндiсi құрамындағы кальций, магний және сульфат иондарын анықтаудың комплекс метрлiк көлемдiк әдiсi күрделi органикалық қышқылдардың кейбiр тұздарының тиiстi индикаторлар қосу арқылы титрлеу жолымен мөлшерi белгiлi болатын қос валенттi катиондары бар, суда жақсы ерiгiш, iшкi комплекстi қосылыстар түзу қасиетiне негiзделген.
Мұндай күрделi қосылыста құрамындағы натрийi басқа катионмен алмасуға бейiм тұратын этиленаметра сiрке қышқылын /В трилоны/ қос тұзы жатады.
Су сүзiндiсi құрамындағы кальций мен магний катиондары трилон натрийi катиондары мен алмаса отырып, сiлтiлi ортадағы индикатор қосындысы жағдайында өздерiне тән түске боялады. Бұған қарап бiз концентрациялау процесiнiң аяқталғанын шамалай аламыз.