Топырақ құрамындағы аламасатын кальций мен магний анықтауда трилон Б реактивiн қолданады. Сондықтан оны тринометрлiк әдiс деп атайды. Бұл әдiс топырақ құрамындағы кальций мен магнийдi бейтарап тұздармен ығыстырып трилон Б ертiндiсiмен титрлеуге негiзделген.
Алмасатынкальций мөлшерiн анықтау.
Жұмыс барысы. Ауада құрғатылған топырақтан 30 г өлшеп алып хлорлы калий тұзының ерiтiндiсiн құяды. Шыны сауытты каучукты тығынмен тығындап бiр минөттей шайқайды да 18-20 сағатқа қалдырады. Егер 18-20 сағатқа қалдыру мүмкiн болмаса, ротатор құралында үздiксiз 1 сағат шайқайды. Мұнан кейiн сауыттағы суспензияны сүзгiш қағаз арқылы басқа шыны сауытқа сүзедi. Сүзiндiден пипеткамен 10-25 мл алып, сиымдылығы 150-200 мл стаканға ауыстырады, оның үстiне 75-90 мл дистилденген су қосып сұйылтады. Стакандағы сұйытылған сүзiндiге марганец ионының зиянды әсерiн жою үшiн 2 мл 5-проценттiк тұз қышқылды гидроксиламин және ауыр металдарды байланыстыру мақсатында бiрнеше түйiр (пышақ ұшымен) натрий диэтилдитиокарматын қосады. Одан ары қарай бұл сүзiндiге
10 мл 20 проценттiк натрий сiлтiсiнiң ерiтiндiсiн құйып, үстiне 20-30мг мурексид индикаторын салып түсi қарақошқылдан ақшыл көкке ауысқанша 0,05 н трилон Б ерiтiндiсiмен титрлейдi. Титрлеу барысында стакандағы ерiтiндiнi үздiксiз араластыру үшiн магниттi араластырғыш құралын пайдалану керек. Содан соң сиымдылығы 250-300 мл стаканға 100 мл дистилденген су алып сүзiндiге қосқан реактивтердi оған да қосады, оны да 0,05 н трилон Б ерiтiндiсiмен титрлейдi. Сүзiндiмен дистилденген суды титрлеуге жұмсалған трилон Б тұзының ерiтiндiсiнiң мөлшерiн жазып алу керек.
Топырақ құрамындағы алмасатын кальций мөлшерiн төмендегi формуламен есептейдi:
Х(а б) NV100
Н в Мұнда Х-100г топырақ құрамындағы алмасатын кальций мөлшерi, мг/экв. а-сүзiндiнi титрлеуге жұмсалған 0,05 н трилон Б мөлшерi, мл.
б-дистилденген суды титрлеуге жұмсалған 0,05 н трилон Б мөлшерi, мл. N-триолон Б ерiтiндiсiнiң номальдiгi.
топырақ сүзiндiсiнiң жалпы көлемi, мл. Н-талдауға алынған топырақ массасы,г.
в-талдауға алынған топырақ сүзiндiсiнiң көлемi, мл.