№89 Л. Жолдасов атындағы жалпы орта мектебі
Сабақ тақырыбы: М. Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы кейіпкерлер бейнесі
|
Мұғалімнің аты-жөні:
Пәні: қазақ әдебиеті
Күні:
|
СЫНЫП: 7 сынып
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақтың негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
|
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау, іс-әрекеттеріне баға беру арқылы рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш- қуатын таныту.
|
Сабақтан күтілетін нәтиже:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Шығарманы мазмұны бойынша әңгімелейді;
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Шығармадағы негізгі ойды анықтайды;
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлер іс-әрекетін бағалайды, өз көзқарасын білдіреді.
|
Тілдік мақсат:
|
Оқушылар орындай алады: Өз пікірін дәлеледермен жеткізе біледі..
Айтылым мен жазылымға арналған тіркестер: Меніңше..., қорытындылай келе...
|
Ресурстар:
|
Флипчарт, маркер
|
Пәнаралық байланыс:
|
Биология, география
|
Алдыңғы оқу:
|
Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар беріледі
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ:
|
Сабақ барысы, жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
|
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
(психологиялық ахуал қалыптастыру)
3 минут
|
Жағымды ахуал орнату
«Қимыл-қозғалыс» ойыны арқылы көңіл-күйлерін көтеру
Оқушылар жаттығу жасайды.
Түстерді таңдау арқылы үш топ құрады.
|
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
15 минут
Үй тапсырмасын қорытындылау
1-деңгей (білу, түсіну):
|
Әңгіменің толық нұсқасын оқып келу.
«Роунд Роббин» әдісі арқылы әңгіменің мазмұнын айту.
Бірінші оқушы: Қарадырдың Қарағанды сайы елсіз
Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Маңайдан жуалардың иісі келеді.
Екінші оқушы: Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағанның ортасында терең құз жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. т.б
|
ӨЖ
Әңгіменің мазмұныны толық біліп, келген жерінен жалғастыра білуі.
1 ұпай
|
2-деңгей (қолдану, талдау):
|
Әңгіме желісі бойынша түсірілген «Көксерек» фильмі туралы және қасқырлар туралы мәлімет жинақтау.
Өз мәліметтерін ұсынады.
|
ӨЖ
Қосымша ақпаратттар жинақтай білуі
2 ұпай
|
3-деңгей (жинақтау, бағалау):
|
Шығарма мазмұны бойынша жоспар құру.
Жоспары:
Қарадырдағы қасқырлар мекені.
2. Адамдардың шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры.
3. Көксерек ауылда. Адамдардан көрген жәбірі.
4. Көксерек және Құрмаш. Баланың таза көңілі
5. Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез тіл табысуы
6. Көксеректің жойқын, дүлей күшке айналуы. Құрмаштың қазасы
7. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары
|
ӨЖ
Жүйелі жоспарлай білуі
3 ұпай
|
ЖАҢА САБАҚ
7 минут
|
«Стоп кадр» әдісі бойынша
«Көксерек» фильмінен үзінді көрсете отырып оқушыларға фильм бойынша сұрақтар қою.
1. Құрмаштың бойын осы тұста қандай сезім биледі? Бұл дұрыс па?
2. Бөлтіріктерін өлтіріп жатқанда ана қасқыр қандай күйде болды?
Бөлтіріктерді аяусыз өлтіруге Құрмаштың екі аяқтыларды қандай күш итермеледі деп ойлайсың?
Ол кезде адамдардың күн көріс кәсібі не болған?
|
ТЖ
Кейіпкердің жан дүниесін ұғына білуі
|
САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
«Кубизм» әдісі
1. Суретте :Көксеректі суреттеу
2. Салыстыр: Дала қасқыры мен Көксеректі салыстыр
3. Зертте: Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіңдер?
4. Қолдан: Көксерек туралы ауыл адамдары не дейді?
5. Дәлелде: Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?
6. Талда: Көксеректің қатігездігін қай тұстардан байқауға болады?
|
ЖЖ
Берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білуі
1 ұпай.
|
2-деңгей (қолдану, талдау):
|
Шығармада көтерілген мәселелер бойынша сұрақтар қою:
1. Әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?
2. Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма?
3. Табиғат тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?
4. Құрмаштың қайғылы тағдырының себебі неде?
5. Кінәлілер кімдер, Көксерек пе әлде ауыл адамдары ма?
6. Шығарманың басты идеясы қандай?
|
ТЖ
2 ұпай.
|
3-деңгей (жинақтау, бағалау):
|
«Автор орындығы» әдісі арқылы
1-топ: М.Әуезов;
2-топ: Құрмаш;
3-топ: Көксерек кейпіне еніп сұрақтарға жауап береді.
|
ТЖ
3 ұпай.
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
3 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
М.Әуезовтың басқа шығармаларын оқып келу.
|
ӨЖ
1 ұпай
|
2-деңгей (қолдану, талдау):
|
Шығарма мазмұны бойынша сурет салу.
|
ӨЖ
2 ұпай
|
3-деңгей (шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
|
«Адам және табиғат» тақырыбында шағын шығарма жазу.
|
ӨЖ
3 ұпай
|
Бағалау.
2 мин
|
11-12 ұпай – «5», 8-10 ұпай – «4», 6-7 ұпай – «3»
|
|
Кері байланыс
|
«БББ» кестесін толтырады.
Білемін
|
Білгім келеді
|
Білгенім
|
|
|
|
|
|