Сабақ: Қазақ әдебиеті Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Елемесова Н. Н тобы: 79



бет2/2
Дата14.10.2022
өлшемі30,06 Kb.
#153040
түріСабақ
1   2
Байланысты:
ҚМЖ АБАЙ

Пәнаралық байланыс:

Тарих, музыка



АКТ қолдану дағдылары:

Интербелсенді тақта,PowerPoint таныстырылым,аудиомәтін

Алдыңғы оқу:

Абай өмірімен, шығармашылық жолымен таныс.***

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
3 минут

Қызығушылықты ояту.
Топқа бөлемін ***

Абайдың «Сегіз аяқ» әнін тыңдайды.


«Миға шабуыл» әдісімен:

  • Мына ән сіздерге таныс па?

  • Неліктен бұлай аталған?

  • Бұл өлеңде Абай не туралы жазды деп ойлайсыздар?

Оқу мақсаты мен және бағалау критерийлерімен таныстыру.



Білім алушылар Абайдың «Сегіз аяқ» әнін тыңдайды.

7 минут

1-тапсырма. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы
Білім алушыларға мәтін беріледі.
Өлеңнен ақын сынға алған мінездемелерді анықтап тауып оқы, жұбыңмен пікір алмас, топта пікірлеріңмен бөліс, кестемен жұмыс жаса:

Ақын сынға алған мінездеме

Оқырман пікірі









Дескриптор:

  • Өлеңдегі сынға алған мінездемелерді/ұлттық құндылықтарды анықтайды;

  • Өз пікірін әңгімелейді.

2-тапсырма. Т. Концептуалдық кесте әдісі.
Білім алушылар сұрақтарға жауап іздеу арқылы төмендегі кестені толтыру тапсырылады?
Сұрақ: Абай өмір шындығын ашық сынай отырып, қандай ғибрат, өсиет сөздер айтады?
Бүгінгі күнгі өмір шындығымен салыстырып өз бағаларыңызды беріңіздер.

Көтерілген мәселе

Мәселені шешу жолы немесе ақынның ақыл-өсиеті

Мәселенің бүгінгі көрінісі

Өзіндік баға















Дескриптор:

  • Көтерілген мәселені анықтайды;

  • Дәлелді пікірлерді келтіреді;

  • Бүгінгі өмірмен байланыстырады;

  • Өзін пікірімен бағалайды.

Кері байланыс: «+», «-« топтар дескрипторға сүйене отырып,бірін –бірі бағалайды.



Әнді тыңдаған соң, толық танысып тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.



Ортасы
12 минут

Соңы
Рефлекция


Сабақ барысында оқу мақсатына қол жеткізілді ме? Оқу мақсатына қол жетпеудің себебі неде? Бүгін білім алушылар не біліп, не үйренді?



3-тапсырма. Ж
«Білгенге маржан, білмеске арзан» тақырыбында шағын шығарма жаз.
Дескриптор:

  • Тақырыпқа сай жазады;

  • Тақырыпқа қатысты пікірін жазады;

  • Тақырыптың өзектілігін дәлелдейді;

  • Ойын түйіндейді.



Кері байланыс.
«Автор орындығы» әдісі арқылы оқиды.
Үй тапсырмасы: «Сегіз аяқ» өлеңінен үзінді жаттау.











Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет