САБАҚ: Қазақ әдебиеті
|
Мектеп: КММ Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназиясы
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Унербаева Айнур Аблазимовна
|
СЫНЫП: 7
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы
|
Балалар мен үлкендер
|
Сабақтың атауы
|
М.Әуезов «Түз тағысы»
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
7. Б/С 4; әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу.
|
Сабақ мақсаттары
(SMART мақсаттар)
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Мұғалімнің көмегімен көркем мәтіннің мазмұнын түсінеді, көркемдегіш құралдарды теориялық тұрғыдан таба алады, мағынасын анықтап, шағын эссе жаза алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Көркем шығарманы мазмұндық композициясы бойынша талдап 50-60 сөзден тұратын эссе жаза алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
өмірмен байланыстырып сыни эссе жаза алады.
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
эстетикалық құндылық, сыни шолу, фразеологизм, диалект сөздер, сөздің тура және ауыспалы мағынасы, эпитет.
|
Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Түз тағысы, кеңдігі кісі сыйғандай, таяқ жемейді, кеудесін бермейді, зіңгіттей көк шолақ, күлдіреуіштей бүгілді, заты қастай жібімейді, шылапшынның салдыры, айлы түн, елсіз адыр.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Қазақ ұлттық танымындағы «көк» сөзінің мәні қандай?
Әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы деп нені айтамыз?
Таяқ жемейді, кеудесін бермейді, заты қастай жібімейді сөздерінің мағынасын өз сөзіңмен қалай түсіндірер едің?
|
Көркем шығармадағы көк сөзінің жиі қолдануының себебі неде?
|
ишара: Бас изеу, қол соғу, күлімдеу, бас бармақ көрсету.
|
|