Қысқа мерзімді сабақ жоспары
САБАҚ: Қазақ тілі
|
|
Күні: 10. 10. 2017 ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Г.Г. Кенжегереева
|
Сынып: 2 «в» сынып
|
Мектебі: №24 ЖОББМ
|
|
Бөлім атауы:
|
Менің отбасым және достарым.
|
Сабақтың тақырыбы
|
Отбасыңда неше адам бар?
|
Жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
2.2.3.1.Тілдік нормаларды сақтай отырып, белгілі бір тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну.
2.4.1.1. Мұғалімнің көмегімен жай сөйлемнің соңында қойылатын тыныс белгілерін қолдану.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар: Мәтінді түсінеді. Сөйлемге сәйкес суретті тауып кластер жасайды. Берілген сұрақтар бойынша диалог құрастырады. Сурет бойынша кестегехабарлы сөйлемдер жазады.
Көптеген оқушылар: Оқыған мәтін бойынша түсінгенін топпен кластер арқылы айтады. Сурет бойынша бойынша диалог құрастырады. Хабарлы сөйлемдер жазу арқылы кестені толтырады.
Кейбір оқушылар: Мәтінді түсінеді, өз сөзімен әңгімелейді. Сурет бойынша диалогқұрастырып, өз отбасы туралы айтады. Өмірмен байланыстырады. Кестені толтыруда өз отбасы туралы жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтінді түсініп, сәйкес суретті тауып кластер жасайды.
Берілген сұрақтар арқылы диалог құрастырады.
Кестені толтырып, оқып береді.
|
Ойлау дағдылары
|
Білу, түсіну, қолдану, жинақтау.
|
Тілдік міндеттер
|
Аға, іні, әпке, сіңлі, қарындас, ата, әже, әке, ана т.б.
|
Құндылықтар
|
Зайырлы қоғам және жоғарғы руханият
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Менің ағаның аты - Әділ
|
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Дерек
көздер
|
Сабақтың басы
мин
|
1. Оқушылармен амандасу. Шаттық шеңбері .
Біз бақытты баламыз,
Гүлденеді қаламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
2. Топқа бөлу. Коктейль таяқшалары арқылы топқа бөлу.
Оқылым алды: "Отбасы лексикасы" әдісі арқылы отбасы мүшелерінің суреттерін атап, қарапайым сөйлемдер құрастыру. Мысалы: Менің анамның аты- Мария. Менің әкемнің аты -Леша. т.б.
Суретке қарай отырып, отбасыңда неше адам бар? деген сұрақ қойып, отбасы мүшелерін санау.
Сабақтың тақырыбын айтып, бағалау критерийлерімен таныстыру.
|
|
Сабақтың ортасы
5 мин.
10 мин.
10 мин.
|
Оқылым (Топтық жұмыс)
Менің атым Әнел. Менің отбасым үлкен. Отбасымда бес адам бар. Менің әкем, анам, ағам , сіңлім бар. анамның аты - Сәуле. Әкемнің аты - Асқар. Ағамның аты - Қанат. Сіңлімнің аты Алуа. Мен отбасымды жақсы көремін.
Дескриптор:
Мәтінді оқып түсінеді.
Сөйлемдерге сәйкес суреттерді жапсырады.
Кластер жасап, топпен қорғайды.
Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі
Айтылым. (Жұптық жұмыс) Оқушыларды жұпқа бөліп, отбасы мүшелерінің суреттері үлестіріледі. Берілген сурет және сұрақтар арқылы диалог құрастырады. Амандасады, суреттегі отбасы мүшесінің атын сұрайды.
Барлық оқушылар:
Берілген дайын сұрақтар арқылы диалог құрастырады.
- Сәлем!
....
Сенің ағаң бар ма?
....
Ағаңның аты кім?
Көптеген оқушылар:
Берілген отбасы мүшелерінің суреттері арқылы диалог құрастырады. (ана, әке суреттері)
Кейбір оқушылар:
Сурет арқылы диалог құрастырып, өзге де отбасы мүшелері туралы айтады.
Дескриптор:
Жаңа сөздерді пайдаланады.
Сурет бойынша диалог құрастырады.
Қалыптастырушы бағалау: смайлик
Жеке жұмыс. (Жазылым)
Оқушыларға графикалық органайзер беріледі. Ондағы кестеге өз отбасы мүшелері туралы хабарлы сөйлемдер жазып , оқып береді.
Дескриптор:
Кесте бойынша сөйлемдер жазады.
Оқып береді.
Қалыптастырушы бағалау: мұғалімнің ауызша кері байланысы.
|
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
Рефлексия: Ағашқа қызыл, сары, жасыл алмалар ілу
Үйге тапсырма: Жұмыс дәптері.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |