Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
5.7.3.Көлік және жол белгілері
|
Сабақ: Қазақ тілі
|
Мектеп: №179 А.Хангелдин атындағы орта мектебі
|
Күні: 9. 12. 2017 жыл
|
Мұғалімнің тегі, аты: Манапова Алипа Сафаргалиевна
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны: 18
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Тақырыбы
|
Тіркемелі трактор.Зат есім
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.Т/А4.Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5.ӘТН 4.2 Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
1.Мәтіннің мазмұнын түсініп,тірек сөздерді тауып, негізгі ойды жетекші ұрақтар арқылы анықтайды.
2. Зат есімнің мағыналық түрлерін ажырата алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1.Мәтіннің мазмұнына сүйене отырып, бөлімдерге бөледі.
4.Түбір зат есімдерден туынды зат есім жасап, түрлендіріп,мысал келтіреді.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1.Мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіре отырып, түйінді шешім шығарады.
2. Зат есімнің мағыналық түрлерін ажырата отырып, бөліп көрсетіп, мәнмәтін аясында қолдана алады.
|
Бағалау критерийлері
|
-Ұсынылған тірек сөздерді орынды пайдалана алады.
-Жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады.
-Мәтіннен зат есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратып, сұраққа жауап бере отырып, өз ойын айта алады.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар орындай алады:
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәтіннен таба алады.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:.
Бесаспап,отағасы,үйелмен,ұршықша үйіру сөздерінің мағынасын таниды
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Әпке мен бала диалогі, баланың әжесіне деген қамқорлығы
Талқылауға арналған сұрақтар:
-Әпкесі не себепті қалада тұрады?
-Анасы мен әкесі неліктен таңертеңнен кешке дейін үйінде болмайды?
-Бұл мәтіннен не түюге болады?
|
Алдыңғы оқу
|
Сөз таптарын біледі
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті,Орыс тілі,Математика, Өзін –өзі тану
|
Құндылықтарға баулу
|
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, ынтымақтастық, ашықтық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
6 минут
|
2 мин
4 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесемін.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.
3. «Жырлайды жүрек » әдісі арқылы пихологиялық дайындық жасатамын
Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды .
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
«Билет сату» әдісі арқылы 3 топқа біріктіремін:
І топ – Қанағат
ІІ топ - Рақым
ІІІ топ – Терең ой
«Зымыран сұрақтары» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау:
Сөз таптары дегеніміз не?
Қазақ тілінде қанша сөз табы бар?
Семафор дегеніміз не?
Бағдаршамның түстері қалай белгіленеді?
Қалыптастырушы бағалау: Смайлик арқылы бағалаймын
|
|
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ
29 мин
Білу
Түсіну
Қолдану
|
3 мин
5 мин
4 мин
5 мин
5 мин
7 мин
|
"Миға шабуыл" әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қоямын:
Көліктің қандай түрлерін білеміз?
Жүк көліктері туралы не білеміз?
Зат есім дегеніміз не?
Мұғалім түсіндірмесі
Өзім оқушыларға «Тіркемелі трактор» туралы қысқаша түсінік беремін.Зат есім туралы түсінік беріп өтемін.
1-тапсырма. Тыңдалым,айтылым. Жеке жұмыс
Мәтінді тыңдатамын.Бөлімдерге бөліп,мәтіннен негізгі, туынды зат есімді табады.
Қалыптастырушы бағалау:«Басбармақ» әдісі
Кері байланыс: Тапсырма қиын болған жоқ па?
2- тапсырма.Топтық жұмыс. «Ақпаратты сүзу» әдісі арқылы тірек сөздерді тауып, постер қорғайды.
Қалыптастырушы бағалау: «Стикердегі диалог» әдісі арқылы топтар бір – бірін бағалайды.
Дескриптор
1.Тірек сөздерді таба алады.
2.Мәтінді бөлімдерге бөле алады.
3 - тапсырма. Жазылым. Жұптық жұмыс.
Сөздікпен орындалатын жаттығу
Тақтадан дұрыс сөздерді көрсетемін.Жұптар бір – бірін бағалайды.
3 - тапсырма. «Жалғасын тап» әдісі арқылы Кітап,бүркіт,кесте, трактор,белбеу сөздерін айтамын.
Сол сөздерді жалғаулар арқылы түрлендіріп,сөйлем құрастырады.
|