Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: №264 мектеп-лицей Ұзақ мерзімді жоспар тарауы



Дата06.07.2018
өлшемі29,99 Kb.
#47592
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ: Қазақ тілі

Мектеп: №264 мектеп-лицей

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

5.1.1. Мәдениет: тіл және қарым-қатынас

Күні: 4.09.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Кубесова Жанымкуль Саймахановна

Сынып: 5

Қатысқандар саны: 25

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың

тақырыбы:

Ана тілі. Тіл дыбыстары

Сабақ негізделген оқу мақсаты

5.Т/А4. Берілген мәтіннен негізгі ойды анықтау.
5.Ж5. Оқылым материалы бойынша негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтінді түсініп оқып,негізгі ойды анықтайды.

Мәтін бөліктерінде айтылған ойды өз сөздерімен баяндайды.

Тіл дыбыстарының ерекшеліктерін біледі.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Берілген мәтін мен өлеңнен ортақ ойды табады және өз сөзімен баяндайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Өлеңге сүйеніп, ана тілі туралы өз ойларын жазады.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен негізгі ойды анықтайды.

Берілген оқу материалы негізінде өз ойларын жазады.




Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Ана тілінің маңызын түсінеді.

Тіл дыбыстарының ерекшелігін біледі.


Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):

Ана тілі, дыбыс, тіл дыбыстары, дыбыстау мүшелері, сүрлеу, тіл ұстарту.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Туған тіл, ұлт тәрбиесі, ыстық ықылас, ауыл-аймақ, ел-жұрт, тарихи сүрлем, ана тілі, дыбыстау мүшелері.



Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Адам өзінің ана тілін өмір бойы үйренумен болады? Неге?

  2. Ана тілін ұмытпас үшін...

  3. Дыбыс пайда болу үшін...

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Сіз неліктен тіл дыбыстарын жасауда дыбыстау мүшелерінің рөлі зор деп ойлайсыз?

Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:

Мұхтар Шаханов «Төрт ана» өлеңін тыңдатамын.

Алдыңғы оқу

Оқушылар ана тілі, тіл дыбыстары жүйесімен таныс. Қазақ тілі, 4-сынып.

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, Тарих, Жаратылыстану, Биология, Өзін-өзі тану

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, құрметпен қарау, жауапкершілікті сезіну, ана тілін құрметтеу, тіл тазалығын сақтау.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз

Ресурстар

Сабақтың басы

8

3 мин

3 мин


2

мин



Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесемін.

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.

3.Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Шаттық шеңберін» жүргіземін. Мақал-мәтелдер жазылған парақшаларды таратып, құрастыру арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін.



Тіл – аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз.

Тіл – халықтың жаны, сәні.

Тіл бар жерде халық бар.

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы.

І топ: Тіл жанашырлары

ІІ топ: Тіл білгірлері

ІІІ топ: Тіл сақшылары

ІҮ топ: Тіл мақтаныштары

Үй тапсырмасы:«Ыстық орындық» әдісі арқылы 4-сыныпта алған білімдерін тиянақтаймын.

Кері байланыс: Өткен тарауда қиындық туғызған сұрақтар бар ма?

Қалыптастырушы бағалау: Әр дұрыс жауап айтқан оқушыға жұлдызша жабыстырып отырамын.
Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлеңін тыңдатамын. Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, түсінгенін сұраймын. Пікір алмаса отырып, жаңа тақырыпты анықтаймын.

Үнтаспа

Қағаз қиындылары

Үнтаспа


Сабақтың ортасы
30 минут

7 мин


7 мин

4 мин


7 мин

5 мин


1-тапсырма.Тыңдалым/айтылым. Топтық жұмыс

«Пирамида» әдісінің 4 қадамын жазу арқылы мәтінмен танысады.

І топ: Мәтінмен жеке танысып, негізгі ойды анықтайды.

ІІ топ: Мәтін бөліктерінде айтылған ойды өз сөздерімен баяндайды.

ІІІ топ: «Адам өз тілін өмір бойы өзі өмір сүрген ортадан үйренумен болады» деуінің себебін түсіндіреді.

ІҮ топ: Тақырыпқа байланысты өлең шумақтарын жатқа айтады.

Кері байланыс: Топтық жұмыс жасауда не қиындық тудырды?

Қалыптастырушы бағалау: Өзара «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау.
2-тапсырма. Жазылым ЖЖ

«Еркін жазба» әдісі бойынша «Ана тілі» өлеңін оқи отырып, ой толғаныс, бір үзік сырды қағазға түсіреді.
Кері байланыс: Жоғарыда берілген мәтін мен өлеңге ортақ ой бар ма?

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Грамматикалық мағынаны ажырату.

«Тіл дыбыстары » туралы түсіндіремін.
Дыбыс пайда болуы үшін міндетті түрде ауа кеңістігі қажет. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің немесе табиғаттағы бір заттың екінші бір затқа соғылуынан пайда болады және шыққан дыбыс құлаққа сыбыр, салдыр, тарсыл, үн және т.б. түрде естіледі.

Тіл дыбыстары адамның сөйлеу (дыбыстау) мүшелері арқылы жасалады. Тіл дыбыстарының саны шектеулі болады және олар белгілі бір тәртіппен тіркесіп сөз құрайды.

Дыбыстау мүшелеріне: өкпе, көмей, желбезек (дауыс шымылдығы), тіл, ерін, тіс, тілшік жатады.

3-тапсырма. Жазылым. Т

«Зерттеу картасы» әдісі бойынша 4топқа 4 түрлі тапсырма беріледі. Тапсырманы әр топ орындап, басқа топтарға жазған жауаптарымен ойларын толықтырады.

І топ: Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылап жазу.

Сал, тас, жат, қаш, жан, тық.

ІІ топ: Төмендегі сөздердің дыбыс санын көбейту арқылы мағынасы басқа сөздер жасау.

Ал, ат, у, ыс, ас.

ІІІ топ: Тіл деген сөзге назар аударыңдар және оның бірнеше мағынада жұмсалатындығына мысалдар тауып жазу.

ІҮ топ: Төмендегі сөздердің дыбыстарын мүмкіндігінше өзгерте отырып, олардың сөз мағынасына тигізетін әсерін бақылап жазу.



Сұқ, шап, жат, қаш, жан, тық.
Кері байланыс: Дыбыс пайда болу үшін....

Тіл дыбыстарының ерекшеліктерін айта аласыз ба?


Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалайды.

4-тапсырма. Айтылым.Ж Ж

«Екі жақты күнделік»әдісі арқылы үнтаспадан тыңдалған дыбыстың кімге, неге тән екенін бөліп айту.

Қымбат, бай, жас, артық, күн, жақсы, дұрыс.



Қалыптастырушы бағалау.Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Плакаттар, маркер, оқулық, стикер

АКТ арқылы кесте бойынша

Үнтаспа


Сабақтың соңы

5 минут


3 мин


1 мин

1мин


Кері байланыс: «Менің сөзім» әдісі бойынша оқушылардың бүгінгі сабақта алған білім, білігін бағалау. Оқушы бүгінгі сабақта нені үйренгенін айтады.Келесі сөйлейтін оқушыны өзі ұсынады.
Үйге тапсырма беру.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдерді аяқтап жазу.






Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Жеке жұмыс: «Ыстық орындық» әдісі арқылы 4-сыныпта алған білімдерін жинақтай отырып, өткен материалдарды естеріне түсіремін. Ал кейбір үлгермеуші, уәжі төмен оқушыларға қолдау көрсету мақсатында оқушыларды топтастыра отырып, ЖАДА арқылы бірін-бірі үйрете отырып, үйренуіне жағдай жасаймын. Қабілеті жоғары оқушылардың деңгейлерін ескере отырып, тапсырмаларды біртіндеп күрделендіремін. Атап айтқанда, берілген материал негізінде өз ойын өлең не эссе түрінде жазады. Сабақта оқушылардың оқудағы ілгерілеуін және өзін -өзі реттей алуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі тиімді әдістерді үйлесімді қолданамын:

Топтық жұмыс:«Пирамида» әдісінің 4 қадамын жазу арқылы мәтінмен толық танысады.

Топтық жұмыс: «Зерттеу картасы» әдісі бойынша 3 топқа 3 түрлі үлгі бойынша кестені толтыру беріледі. Тапсырманы әр топ орындап, басқа топтарға жазған жауаптарымен ойларын толықтырады.

Жеке жұмыс: «Еркін жазба» әдісі бойынша «Ана тілі» өлеңін оқи отырып, ой толғаныс, бір үзік сырды қағазға түсіреді. Осы әдіс арқылыөз ойларын еркін және жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастырады. Сөздік қорын молайтады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Жеке жұмыс:

«Екі жақты күнделік»әдісі арқылы үнтаспадан тыңдалған дыбыстың кімге, неге тән екенін бөліп айту.

Сыныппен жұмыс: «Менің сөзім»әдісі бойынша оқушылардың бүгінгі сабақта алған білім, білігін бағалау.


1. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.

2. Топтық жұмыс«Пирамида», «Зерттеу картасы» әдістері арқылы оқушылардың бірлескен әрекеті бақыланады. Жұлдызшалар арқылы, «Бағдаршам» арқылы, өзара басбармақ арқылы бағалауда оқушылардың оқу жетістіктері айқын байқалады.




Қазақ әдебиеті пәнімен байланыс: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлең жолдары арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайтады.
Қауіпсіздік шараларын қадағалаймын.
АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады.

Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері өз дәрежесінде орындалды. Мақсатқа сай берілген тапсырмаларды оқушылар белсенді, қызығушылықпен орындап отырды. Оқушылар мәтіннің негізгі ойын анықтай алды.

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Оқушылар ел болып қалыптасу жолындағы тілдің маңыздылығын түсінеді. Дыбыстың қалай пайда болатыны туралы біледі. Тіл дыбыстарының ерекшеліктерін біледі.

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Оқу мақсатына сәйкес, сабақ өз деңгейінде өтті.Белсенді оқу ортасы қалыптасты. Топпен ынтымақтаса жұмыс істеу қабілеті байқалды.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар тақырыпты меңгертетіндей нақты және жүйелі болды.

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Уақыт бөлінісінің тиімділігі сақталды. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар тиімді жүзеге асырылды.

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында деңгейлерін, қабілеттерін ескере отырып түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Атап айтсам, «Зерттеу картасы», «Екі жақты күнделік», «Бағдаршам», «Пирамида» әдістері.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты(оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз)

1. «Ыстық орындық» әдісі

2. «Бір минут» әдісі.

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. «Зерттеу картасы» әдісі

2. «Еркін жазба» әдісі

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Мәтінді оқып бергеннен гөрі бейнетаспадан тыңдатқан тиімді. Оқушы үшін де қызықты.



2.Дәптермен жұмысты көбірек жүргізу керек.




Бағалау парағы

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

  1. Берілген сұрақтарға жауап береді.

  2. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.

  3. Мәтін бөліктерінде айтылған ойды өз сөзімен баяндайды.

Берілген оқу материалы негізінде өз ойларын жазады.

  1. Тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан ерекшелігін түсіндіреді.

  2. Дыбыстардың пайда болуы туралы түсіндеріді.

  3. Тіл туралы өз ойын жазады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет