Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Сабаққа қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Сабағымда мынадай белсенді оқыту стратегияларын: адасқан әріптер, аквариум әдісі, ұшақтар сөйлейді, ұшатын шарларды қолдандым.
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Тапсырмаларда бағалау дескрипторлары құрылды. Бағалау түрлері: «бағдаршам», «бас бармақ», «бес саусақ» әдістері, бағалау критерилері
|
Пəнаралық байланыс –
АКТ-мен байланыс, дүниетану, құндылықтары-
мен байланыс.
(тәрбие элементі: адал,шыншыл дос болуға тәрбиелеу)
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды
Бүгін оқушылар достардың қандай жақсы қасиеттері, қандай жаман қасиеттері болатынын білді. Берілген бейнематериалдан сөздерді естеріне сақтап қалды, әріптерден сөз құрады, сөз тіркесін құрады, кейбір сөздерді жаза білді.
Сабақ белсенді, жақсы деңгейде өтті.
Жоспарланған саралау жақсы іске асты,алған тапсырмаларға критерийлер сәйкес болды,уақытты тиімді пайдаландым.
Жоспарыма өзгерістер енгізген жоқпын.
|
Қорытынды бағалау
1.Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1.Жаңа сабақты «Балапан және оның достары» атты мультфильм көрсетуден басталып, берілген мейнематериал арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталды. «Адасқан әріптер», «Аквариум» «Ұшақтар сөйлейді» әдістері өте қызықты орындалды.. Сөз тікестерін құруда сипаттаушы сөздер өз нәтижесін берді.
2. Оқушылардың жауаптарына байланысты оқу - алдағы уақытта алға жылжуы үшін және сабақ барысында жауапкершілікті өзіне алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.
2.Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)
1. « Ұшақтар сөйлейді» тәсілін қолдану оқушылардың білімдерін толықтай жеткізуге көмектеседі.
2.Бірлескен жұмыс арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларының жетілген кезінде бір-бірімен пікір алмасып, ойларын еркін жеткізіп, ортақ шешімге келуге жағдай жасайды..
3.Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекеленген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? Сұрақтар қойылғанда, «Аквариум» әдісін пайдаланғанда оқушылардың өз идеяларын ұсынуларына мүмкіндік берілді, алайда жұмыстың бастапқы кезеңінде өз ойларын жеткізуде жасқанып, үндемей отыру сияқты қиындықтар туындады. Алдағы уақытта бұл олқылықтарды жою үшін сабақта оқушыларды қанағаттандыратындай тапсырмалар кіріктіремін.
|