САБАҚ: Қазақ тілі
|
Мектеп: Қарағанды облысы білім басқармасы «№3 Қазақ-түрік лицей-интернаты» КММ
|
Күні:
|
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы
|
СЫНЫП: 5
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім атауы:
|
2-бөлім: Киім.Сән.Талғам.
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Жарасымды киім
|
Осы сабақ арқылы
жүзеге асатын оқу
мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдің айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану (5.О2)
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Мәтін арқылы ауызекі және жазба стильдің лексикасын табу.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Оқыған мәтін негізінде ауызекі стиль мен жазба стильдің айырмашылықтарын салыстыру.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Ауызекі стиль мен жазба стильдің лексикасына мәтіндер арқылы мысалдар келтіру.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады: Ауызекі стилі мен жазба стильдің ерекшеліктерін анықтап, өз пікірлерін дәлелдейді.
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
|
Киім үлгісі, ою-өрнек, ұлттық киім, жарасымды, стильді киім үлгісі, бренд, стиль.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Стиль ұғымын қайда қолданасыңдар?
Стильдің тіл біліміне қандай қатысы бар?
|
Алдыңғы оқу:
|
Мәтіндегі негізгі ақпаратты түсінеді, жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Басы:
3 мин
5 мин
5 мин
4 мин
8 мин.
15 мин.
|
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Ынтымықтастық орта құру мақсатында
«Жүректен жүрекке» әдісі бойынша
бір-біріне жүрекшелер сыйлап, жылы
лебіздері мен тілектерін білдіреді.
Шағын топтарға бөлу:
Оқушылар ұлттық, классикалық, брендтік киім үлгілері бейнеленген сурет қиындылары арқылы 3 шағын топтарға бөлінеді. Әр шағын топ мүшелері не себепті бұл киімді таңдағаны жайында өз ойын айтып, ойымен бөліседі. Сабақ тақырыбына болжам жасаймыз.
Осы орайда оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
1.Күнделікті өмірде қандай стильде киінесің?
2.Бұл брендті не себепті таңдадың?
3. Бұл ұлттық кіимдерді қайда киюге болады?
Оқылым алды тапсырмасы
Оқушылар «Шығыс базары» тәсілі арқылы өздері әзірлеп келген күрделі сұрақтарды бір-біріне қойып, үй тапсырмасын пысықтайды.
Киім стилі дегенді қалай түсінесің?
Қазіргі таңда қандай киім стильдері бар?
Өзіңіз ұнататын киім стилі қандай? Оны қалай таңдайсыз?
Оқылым кезі
Ж.
Тапсырма ГО «Дара» кластер
терминнің мағынасын ашу үшін ақпарат көздерін пайдаланып топтастыр
Тапсырма аяқталған соң жауаптары салыстырылып, ҚБ "Бас бармақ" әдісі оқушыларды ынталандыру үшін қолданылады.
ЖЖ «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы жұпта жұмыс жасаңыздар. Жұптағы 1-оқушыға ауызекі стильдегі мәтін, 2-ші оқушыға жазба стильдегі мәтін беріледі.
Тапсырма
Жазба стильді мәтіннің лексикасын ауызекі сөйлеу стиліне айналдыр, ал ауызекі стиліндегі мәтіннің лексикасын керісінше жазба стильге айналдыр.
Орындап болған соң, дұрыс нұсқасымен салыстырады, бірін-бірі бағалайды.
Ауызекі стилі
|
Жазба стилі
|
- Сәлем.
- Сәлем.
- Сен бүгін не бітірдің?
- Мен бүгін отбасыммен киім дүкенінде болдым.
- Ояқтан не сатып алдың?
- Мен өзіме бұ жақта жоқ әдемі көйлек сатып алдым. Апам сым, анам мен әкем өздеріне жейде сатып алды.
- Жейде қандай?
- Қызыл түсті, ұзын өте әдемі, маған ұнады.
- Өзің киiп, өзің тоздыр.
- Рахмет.
|
Ең алдымен, «бұл сәндегі киім» деген сөзді ұмытуымыз керек. Сұлулық дегеніміз – өзіне жарасымды, ыңғайлы, ерсі емес киіну. Ең бастысы, киім денеге қонымды болуы керек. Құрбылармен қыдырғанда, туған-туыстарымыздың үйіне барғанда кеудеше денеге тым жабысып тұрмағаны жөн, бұл еркін қозғалуға мүмкіндік береді және гүлді бояуы болса, нәзік көрінуге мүмкіндік береді.
|
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша жұптар бірін-бірі бағалайды.
Оқылымнан кейін
Тапсырма
ТЖ
«Қос диаграмма» әдісі арқылы екі мәтінді салыстырып, айырмашылығын, стилін табыңыздар.
Ауызекі стилі мен жазба стилінің лексикасына мәтіндерден мысалдар келтіріңіздер.
Мысалдар:
Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан(жазба стилі).
Қазақ халқы ұлттық киімді қадірлеген(ауызекі стилі).
Кең етегі жеті сатыдан тұрады(ауызекі стилі)
Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады (жазба стилі).
|
Флипчарт, маркерлер
Интербелсенді тақтадағы сызбамен салыстыра-
ды.
Ауызекі және жазба стиліндегі мәтіндер
Ауызекі және жазба стиліндегі мәтіндер
|
1-мәтін (Мұқасан Шахзадаевпен жүргізген сұхбаттан үзінді)
Мұқасан аға, сізді қазақ эстрадасындағы жоғары талғаммен киінетін әншілердің қатарына жатқызады. Өзіңіздің ойыңызша қалай?
-Мен өзін сыйлаған, өзін жақсы көрген әрбір адам дұрыс киінеді деп ойлаймын.Оның үстіне, өнер жолында жүргеннен кейін, халықтың алдында жүреміз. Дұрыс киініп жүрмесе, онда адам өз-өзін сыйламағандығы. Өзіме келер болсам, сәнмен, талғаммен киінуге бала кезден құштармын. Себебі, анам тігінші болған. Кеңес үкіметінің кезінде ақшаң болған күннің өзінде киім тапшы болатын. Сондықтан анама әр түрлі сән журналдардағы киімдерді көрсетіп, тіктіртіп алатынмын.
2-мәтін
Қашанда қазақ халқы ұлттық киімді қадір тұтқан. Қазақ қыздарының ұлттық киімін - баршын, торғын, шәйі, қырмызы сияқты жұмсақ нәзік маталарды пайдалана отырып бүрмелі етек, бүрмелі жеңін аса кең етіп көлбеңдете тіккенін де қазақтың бүкіл тұрмыс-салты жатыр емес пе?! Қыз балалардың, әйел адамдардың киімін жұмсақ, нәзік матадан тігетіні нәзіктігі мен әдептілігі үстіндегі киімінен-ақ көрініп тұрған ғой. Етек-жеңінің кең болатыны-қазақтың дархандығы,үрімді-бұтақты екендігі, мейірімі, қонақжайлылығы,даладай кең пейілі, қолының жомарттығын білдіреді. Кең етектің қабат-қабат бүрмесі жеті сатыдан тұрады. Жеті қазына, жеті кие, жеті қат жер, жеті ата тазалығы осы ұғымға сиып тұр.
Ерекше қабілетті оқушыға: сән, талғам, жарасымдылық жайында «Бес жолды өлең» стратегиясы бойынша өлең шығаруға шығармашылық тапсырма ұсынылады.
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
1. Стиль түрлерінің лексикасын ажырат.
2. Мәтіннен ауызекі стиль мен жазба стильдің лексикасын тап.
|
- мәтіндердің стильдік ерекшелігін табады;
- ауызекі стилі мен жазба стилін қолданады;
- стиль түрлеріне мысалдар келтіреді.
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
Мәтіндердің стиліне қарай лексикасына 5 мысал табады.
|
Оқыған мәтін негізінде ауызекі стилі мен жазба стильдің айырмашылықтарын 7 мысалмен салыстырады.
|
Ауызекі стилі мен жазба стилінің лексикасына мәтіндер бойынша 10 мысал келтіреді.
|
|
Соңы:
5 мин
Кері байланыс
|
Рефлексия
- бүгінгі сабақтан алған білімім ...
-бүгінгі білімді ...........эмоциямен (әсермен) қабылдадым.
-бүгінгі сабақтағы іс-әрекетім...
|
Қосымша ақпарат: http://www.juldizdar.kz/2014/07/02/1191.html
Терминдер сөздігі
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пəнаралық байланыс –
Денсаулық жəне қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс
(тəрбие элементі).
|
Қабілетті оқушылар дербес қалаулары бойынша тапсырманы «Синквейн» әдісінде бере алады. Көпшілігіне «Қос диаграмма» , «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісінде жұпта, топта бірлесе жұмыс жасай отырып , ауызекі стиль мен жазба стильдің ерекше, ортақ қасиеттерін анықтау, мәтіндер стилін ауыстыру барысында өздерінің тың идеяларын ұсынады. Ал барлық оқушы «Стиль» сөзін ГО «Дара» кластер әдісінде топтастырғанда терминдер сөздігі мен ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамын. Кейбір үнсіз оқушылар «Қос диаграмманы», «Дара» кластер әдісін флипчартқа түсіру барысында белсенділік танытып отырады.
|
«Бас бармақ» әдісі
|
«Жүректен жүрекке» стратегиясында бір-біріне жылы лебіздерін білдіруі өзін-өзітану пәнімен байланысты. Ынтымақтастық құндылығы «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі мен «Қос диаграмма» әдісінде оқушылардың бірлесіп әрекеттесуінде көрінеді. АКТ-ні «Дара» кластерді
толтырғанда тақырыптағы негізгі терминдердің мағынасын ашып, ақпарат көздері арқылы топтастырғанда байланыс табады . (Терминдер сөздігі)
|
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
|
|
Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)
1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1:
2:
|