Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Қиял әлемі
|
Сабақ: Қазақ тілі
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің тегі, аты:
|
Сынып: 5
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Тақырыбы
|
Бала қиялы. Тіркесті күрделі сөздер. Қос сөздер
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.Ж.1.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімді қамтитын қарапайым жоспар құру.
5.ӘТН.4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
1 Берілген мәтінге қарапайым жоспар құра алады.
2.Ауызша және жазбаша тілдесім барысында туынды сөздерді қолдана алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
1.Жоспар құру барысында жоспар құрылысын сақтай алады.
2.Мәтін ішінен күрделі тіркесті және қос сөздерді таба алады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
1.Кейіпкерлер мінезін аша отырып,салыстырады,шығармаға өзіндік баға бере алады.
|
Бағалау критерийлері
|
Мәтінге қарапайым жоспар құрады
Күрделі сөздердің түрлерін ажыратады
|
Тілдік мақсаттар:
|
Оқушылар орындай алады:
1. Оқушылар уәдеде тұру – жақсы қасиет екенін түсінеді.
2. Тіркесті сөздердің ерекшеліктері жайында және қос сөздердің түрлері туралы үйренеді.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Күрке, қарақшылық, уәделесу, опасыздық, о дүние, тозақта шыжғырылу, тіркесті сөздер, қос сөздер, қосарлама қос сөздер, қайталама қос сөздер, туынды сөздер, тұрақты тіркестер т.б.
Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Қиял әлемі, шынашақ ілмелестіру, ит тұмсығы батпайтын, әлденіп алу, жанын қию т.б.)
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қожа мен Сұлтан қол алысып, шынашақ ілмелестіріп серттесті. Неге?
Сұлтан мен Қожаның жасаған ырымдары қазақтың дәстүріне сай ма?
Күрделі сөздердің жасалуында кемінде екі лексикалық мағыналы сөз болу керек. Не себепті?
|
Алдыңғы оқу
|
Түбір сөздер,туынды сөздер, күрделі сөздер туралы біледі.
«Менің атым -Қожа» фильмімен таныс.
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ әдебиеті,Өзін-өзі тану, Жаратылыстану, Музыка
|
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарих, мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылығын сақтау. Топтық жұмыс барысында өзара сыйластыққа, құрметпен қарауға үйрету. Жауапкершілікті сезіну, достық,татулық секілді адами қасиеттерге баулу, уәдеде тұру, опасыздық жасамауға тәрбиелеу
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
2 мин
4мин
|
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен амандасамын.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеремін.
3. Сынып оқушыларын қима қағаздар арқылы топқа біріктіремін.
1-топ - Достық
2-топ -Татулық
3-топ- Бірлік
4-топ-Адалдық
4.Үй тапсырмасын
«Кім жылдам?» әдісі арқылы топтарға түбір сөздерден біріккен сөздер жасау тапсырмасын беремін.
Кері байланыс: Біріккен сөздердің жасалу жолдарын толық түсіндіңдер ме?
Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды
|
Қима қағаздар
Кеспе қағаздар
|
Сабақтың ортасы
|
7 мин
10минут
2 мин
8мин
2мин
2мин
|
Жаңа сабаққа ену.
Тыңдалым/Айтылым тапсырмалары
1.Жаңа сабақты бастамас бұрын, оқушыларға «Менің атым – Қожа» конифильмінен үзінді көрсету.
2. Оқушыларға тақырыпты болжату.
3. Қожа мен Сұлтанға ауызша мінездеме беру.
4. Оқулықта берілген «Бала қиялы» мәтінімен танысу
1-тапсырма. Топтық жұмыс
Жазылым тапсырмасы
Оқылған мәтін бойынша әр топ кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыны қамтитын жоспар құрады. Құрған жоспарларын сыныпта талқылайды.
Кері байланыс: Жоспар құру барысында қиындық туғызған жағдайлар болды ма?
Қалыптастырушы бағалау: Топтарды смайликтер ақылы бағалау
Слайд арқылы тіркесті сөздер мен қос сөздерді түсіндіру.
Тіркесті сөздердің құрамындағы сөздер бөлек жазылады:
Зат есім мен зат есім:
|
Жиренше шешен, Алдар Көсе, Балуан Шолақ, Шыңғыс Алмазұлы, сөз табы, әуе жолы.
|
Сын есім мен сын есім:
|
Қара торы, қызыл күрең, ақ құба, құла қасқа, кең иықты, ақ көйлекті, қызыл шырайлы.
|
Сан есім мен сан есім:
|
Он тоғыз екі мың, екі жарым бес жүз, үш ширек, милионнан астам, алпыс мың.
|
Етістік пен етістік:
|
Жазып отыр, ойнап жүрсіңдер, демалып жатыр, сөйлеп тұрмыз, сағынып қалыпты, ойлана қалды, жүгіре жөнелді,
|
Күрделі үстеулер:
|
күні үлгері, күні ертең, ала жаздай, жыл бойы,
|
Көмекші етістікпен тіркесіп келген еліктеу сөздер:
|
Қаңқ ету, селк етті, қорс етті,
|
Көмекші етістікпен тіркесіп келген есім сөздер:
|
Жәрдем етті, ән салу, үлгі ету, қабыл алды, риза болды, көмек берді
|
Көмекші сөзбен (шылаумен ) тіркесіп келген негізгі сөздер:
|
Отан үшін, мен арқылы, шешем сияқты, келешек туралы, мектепке дейін, үйге қарай, жақсылармен бірге, екеуінен кейін, сабақтан соң.
|
2-тапсырма Жұптық жұмыс
Жазылым тапасырмасы
2 А «Жалғасын тап» әдісі негізінде оқушылар мәтін мазмұнына сәйкес, сөйлемдерді аяқтайды
Күн кешкіріп,тоғай ішін көлеңке басқан кезде, ...
Сұлтан идеясы Қожаға ұнады,себебі ...
Кейде жолға шығып,кісі тонаймыз,өйткені ...
Судың дәл жағасындағы көк талдың арасынан ыңғайлы жер тауып, ...
Сұлтан мен Қожа шын дос болуға келісті,сөйтіп ...
Жерге сызылған дөңгелек бұл- ...
Сертті бұзуға болмайды,ал сертті бұзған адам ...
2Ә Мәтіннен 4 туынды сөз тауып, кестені толтырады
Туынды сөздер
|
Сұрағы:
|
Мысалы
|
Ұядай
|
Қандай?
|
Ұядай әдемі күрке жасап алдық.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді аяқтайды
мәтіннен 4 туынды сөз табады
туынды сөздермен тиісті сөйлем құрайды
Қалыптастырушы бағалау: Бағалау парақшаларына негізделіп, жұптар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.
3-тапсырма Жеке жұмыс.
Семантикалық карта
Мысалдар
|
Тіркесті сөздер
|
Қосарлама қос сөздер
|
Қайталама қос сөздер
|
Отыз алты
|
|
|
|
Ас пісіру
|
|
|
|
Ауа райы
|
|
|
|
Көзбе-көз
|
|
|
|
Ел-жұрт
|
|
|
|
Қып-қызыл
|
|
|
|
Дүркін-дүркін
|
|
|
|
Сүт-мүт
|
|
|
|
Қалыптастырушы бағалау:
Дұрыс жауабын тақтадан тексеру арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.
|
Оқулық
Бейнетаспа
Слайд
Үлестірмелі парақшалар
Үлестірме
парақша
|
Сабақтың соңы
|
1 мин
|
Үй тапсырмасы: 1.«Егер де мен сиқыршы болсам....» тақырыбында ойтолғау жазу.
Мәтінде қос сөздер мен тіркесті сөздерді пайдалану.
|
|
2 мин
|
Кері байланыс: «Сиқырлы қаламсап» әдісі арқылы оқушылардан бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергені жайлы сұрау
|
Қаламсап
|
Қосымша ақпарат:
|
Саралау.
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?
|
Бағалау.
Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
АКТ-мен байланыс.
|
«Кім жылдам» әдісі арқылы топтық жұмыс кезінде оқушыларда ЖАДА/жақын арадағы даму аймағы/ қалыптасады.
Оқушылар «Жалғасын тап» әдісі бойынша жұптаса отырып оқулықпен жұмыс жасайды, өз ойларын тұжырымдайды.
Кинофильмнен үзінді көру арқылы тақырыпты болжайды. Кейіпкер образын ашу үшін нақты дәлелдермен өз ойын жеткізеді,шығармаға өзіндік баға береді. «Семантикалық карта» әдісімен жеке жұмыс орындау барысында тіркесті сөздер және қос сөздерді бекітеді.
Мәтіннен туынды сөздерді табу,ол сөздерге сөйлем құрау арқылы оқушылардың жазу сауаты, өз ойын еркін және жүйелі жеткізу дағдысы қалыптасады.
|
1.«Екі жұлдыз,бір ұсыныс » 2.«Смайлик»,
3. «Басбармақ»,
4.Өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалайды.
|
Сергіту, АКТ қолдану, ресурстар, постер.
|
Рефлексия
|
1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
|
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды деп есептеймін.Себебі, оқу мақсатқына сай берілген тапсырмалар толық орындалды.Оқушылар сабақ барысында белсенді қатысып отырды.
|
2.Бүгін оқушылар не үйренді?
|
Оқушылар сыни ойлау арқылы өзіндік тұжырым жасай алуды, өзгелердің пікірін тыңдай білуді және құрметпен қарауды, қарым-қатынас және сөйлеу мәдениетін,топпен,жұппен және жеке жұмыс тиімді жасауды, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.
|
3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?
|
Сабақта оқу мақсатына сай жоспарланған тапсырмалар өз уақытында орындалды. Белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы ынтымақтастық ортасы қалыптасты. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары ,сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
|
4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
|
Тақырыпты оқушыға меңгерту үшін берілген тапсырмалар нақты және жүйелі болды.
Жұптық, топтық жұмыстарды орындау барысында түсіну, білу және қолдану кезеңдерінің тапсырмаларын саралап оқыту тәсіліне сай берілген жұптық тапсырмалар орындалды;
|
5.Уақытты қалай пайдаландым?
|
Жоспарланған жұмыстар өз уақытында толық орындалды.
|
6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
|
Сабақтағы жұптық тапсырмада саралап оқыту тәсілін қолдандым.Ол тәсіл арқылы деңгейлік тапсырмалар орындаттым.
Саралап о қыту тәсілін қолдану барысында оқушылардың танымдық деңгейіне, мұғалім тарапынан берілетін көмекке басты назар аудардым.
|
Қорытынды бағалау
Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты(оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз)
1.Жұптық жұмыс. «Жалғасын тап»әдісі.
2. Топтық жұмыс.
Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)
1.Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру;
2.Сралап оқыту тәсілін қолдануды дамыту;
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
1.Дәптермен жұмысты көбірек жүргізу;
2.Оқушының ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар түрін жетілдіру;
|
Достарыңызбен бөлісу: |