Сабақ: Қазақ тілі
|
Мектеп:
|
Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:
|
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар саны: 18
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Күй – халқымыздың рухани құндылығы
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты
|
7. Ж2 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу.
ӘТН 4.1. Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік түрлерін тілдесім барысында қолдану.
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
|
Берілген тапсырма негізінде тірек сөздер құрай алады.
Берілген мәтін бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып,мәтін құрастырады.
Мақаланың жанрлық және стильдік ерекшелігін және мақала жазу әдіс-тәсілдерін түсінеді.
Дайын мақаланы құру,өзгерту арқылы шағын мақала құрастырып жазады.
Тұйық етістікті түрлендіре отырып,мәтінде орынды қолдана алады.
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
|
Мақала құру барысында жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тың идеялар ұсына алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
|
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына “Күй – халқымыздың рухани құндылығы” тақырыбына мақала жазады.
|
Бағалау критерийлері
|
1.Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшеліктеріне сай қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазады.
2.Тұйық етістіктің ерекшелігін түсінеді және емлеге сай жаза алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
1.Қазақ халқының рухани құндылығы күй өнерінің құдіреті жайлы өз ойларын жазбаша жеткізеді.
2.Тұйық етістіктің ерекшелігін түсінеді және емлеге сай жаза алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер (пәнге арналған сөздік және терминология):
|
Күй, шертпе күй, төкпе күй, домбыра, қобыз, сыбызғы, күйші, күй сарыны, күй сазы, күй әуені, зерделі адам, тарихилық сипат.
|
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер
Күйдің түрлері, ұлттық аспаптар, музыка өнері, көне жанр, тек қазақ халқының өнері.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Күй дегеніміз не?
Күй қандай ұлттық аспаптарда орындалады?
Күйдің қандай түрлері бар?
“Күй – тарихи хабар” дегенді қалай түсінесіңдер?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Сіз неліктен күй өнері тек қана қазақ халқына тән өнер екенін айта аласыз ба?
|
Алдыңғы оқу
|
1.Күй өнері, күйдің құдіреті, күйдің белгілі бір тарихи оқиғаларға негізделіп шығатыны жайлы біледі.
2.Етістік, тұйық етістік туралы жалпы ұғымдары бар.
|
Пәнаралық байланыс
|
Музыка, Қазақ әдебиеті, Тарих
|
Құндылықтарға баулу
|
1.“Мәңгілік Ел” жалпыұлттық идеясының зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылығын сақтау, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын арттыру.
2.Қазақ өнеріндегі ең күрделі, ең сырлы, ең толғаулы өнер - күй өнері тек қана қазақ халқына тән өнер екенін ұғындыру.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 минут
|
5мин
2мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесемін.
2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалаймын.
“Қима қағаз” әдісі арқылы тақырып аясындағы суреттер бойынша оқушыларды үш топқа біріктіремін.
Қызығушылықты ояту
Құрманғазының «Сарыарқа» күйі тыңдалады.Оқушылар күйді тыңдай отырып, «Еркін жазба» әдісі арқылы күй өнеріне қатысты қандай сөздер есіне түседі,сол сөздерді қағаз бетіне түсіреді.
Әр топтан бір оқушы жазған сөздерін оқиды.
Қай топ өзінің сөздік қоржынына көп сөз жинады ?
Кері байланыс: «Ауызша бағалау» әдісі арқылы кері байланыс аламын.
Қалыптастырушы бағалау: «Түйінді бір ой» әдісі арқылы жеке оқушыға бағалатамын.
|
Қағаз қиындылары
бэйдж
|
Сабақтың ортасы
30 минут
|
7 мин
10 мин
5мин
|
1-тапсырма. Топтық жұмыс
Берілген мәтін бойынша тірек сөздерді пайдалана отырып, «Мәтін құрастыр» әдісі бойынша шағын мәтін жазу.
«Егемен Қазақстан» тобы: күй сарыны,күй сазы.
«Ана тілі»тобы: күй әуені,зерделі адам.
«Сыр бойы» тобы: тарихилық сипат,шертпе,төкпе күйлер.
Әр топтан үздік деп танылған мәтінді бір оқушы оқиды.
Кері байланыс: «Лездеме» әдісі арқылы топтар бір-біріне кері байланыс береді.
2-тапсырма. «Шеберлік сыныбы» әдісі арқылы семинар өткіземіз. Семинарда 3 топқа дайын аяқталмаған мақала беріледі. Осы дайын мақаладан қайта шағын мақала құрастырып жазады.
Мақала жазуға қойылатын талаптар:
1
|
Мақаланың тақырыбы нақты болады. Бір мақала бір тақырыпты ашады.
|
2
|
Тақырып қойылады. Себебі, тақырып – мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша 3-4 сөйлем жазылады.
|
3
|
Мақаланың негізгі фактілері белгіленеді. (факт, ой, мағына).
Осының бәрі парақшаға сөздермен түсіріліп жоспар құрылады. Сөйлеммен емес, сөзбен құрылады. Жоспар оқылады. Егер ол тақырыпқа сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға болады.
|
4
|
Әр сөзге (факт, ой, мағына) бір абзацтан арналады. Мақаланың құрылымы сақталады.
Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу).
Негізгі бөлім
Қорытынды (негізгі ой қорытындыланады)
|
5
|
Мәтінде бос сөздер болмайды. Түсініксіз сөйлемдер қолданылмайды. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.
|
6
|
Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателер жөнделеді. Қайталанатын сөздер алынып, орнына синоним сөздер таңдалады.
|
7
|
Эпитет, теңеу, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер орынды қолданылады
|
Дайын мақаланың 3 бөлімінен 3 сөйлем шығарып, 3 сөйлемнен 1 сөйлем шығару керек. 1 сөйлемнен 1 сөз шығарамыз.Ол мақаланың тақырыбы болады.
Бағалау критерийлері
1.Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшеліктеріне сай қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазады.
|
Дескриптор
1.Мақаланың тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін сақтайды.
2.Көркемдегіш құралдарды орынды қолданады.
|
2.Тұйық етістіктің ерекшелігін түсінеді және емлеге сай жаза алады.
|
3.Грамматикалық, орфографиялық тұрғыда сауатты жазады.
|
Кері байланыс: «Жарқын ойлар» әдісі арқылы кері байланыс аламын.
Сіз үшін жаңа болып табылатын үш мәселені жазыңыз:
1.
2.
3.
Сіздің назарыңызды аударған бір нәрсе жазыңыз:
Сіз сенімсіздік танытқан салаға қатысты төрт сөз жазыңыз:
1.
2.
3.
4.
3- тапсырма
|