Сабақ: Қазақ тілі Мектеп: Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Күні


Грамматикалық мағынаны ажырату



бет2/2
Дата06.07.2018
өлшемі105,56 Kb.
#47368
түріСабақ
1   2

Грамматикалық мағынаны ажырату

Тұйық етістіктің емлесі. «Сөздік бинго» әдісі бойынша оқушылар қолына карточка таратылады. Мұғалім анықтаманы оқиды.Оқушылар өз карточкаларынан сол анықтаманы білдіретін сөзді белгілейді.

Жазу кезінде есте ұстайтын тұйық етістікке қатысты бірқатар емле ережелері бар.



1.Дауыссыз дыбыстарға аяқталған етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауысты болып жалғанады: бар -у, қайт -у, көр -у, кел -у. Дауысты дыбыстарға біткен етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы дауыссыз болып жалғанады: ойна -у, сөйле -у, барма -у, келме -у, сана -у.
2.Дауысты –ы/-і дыбыстарына аяқталған етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда түбірдің соңындағы ы, і дыбыстары жазылмай –у дыбысының құрамына еніп кетеді де, ол (у) дауысты дыбыс болып есептеледі. Мысалы: оқы + у – оқу, тасы + у – тасу, кемі + у – кему, ері + у – еру.
3.Қатаң п, қ, к дыбыстарына аяқталған етістіктерге тұйық етістіктің –у жұрнағы жалғанғанда түбір соңындағы п дыбысы б дыбысына, қ, к дыбыстары ғ, г дыбыстарына айналады. Мысалы: ақ + у – ағу, кеп + у – кебу, тап + у – табу, үк + у – үгу т.б.
4.И дыбысына біткен етістікке –у жұрнағы жалғанғанда екі дыбыс й + у яғни ю дыбысына айналып кетеді. Мысалы: сый + у – сыю, тый + у – тыю.
Кері байланыс «Қосу, алу,қызықты»әдісі арқылы кері байланыс аламын.

Бағалау; «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын.

4-тапсырма. Жұптық жұмыс «Жұрнақтар сөйлейді» әдісі

Егемен Қазақстан» тобы 3-тапсырмада берілген сөздерді тұйық «етістікке айналдырып,өзгерістерді табады.

«Ана тілі» тобы тұйық етістік жұрнағы жалғанған сөзді бір бөлек, тұйық етістік жұрнағы жалғанбаған сөзді бір бөлек жазады.

«Сыр бойы» тобы етістік те, зат есім де болып тұрған сөздрді тауып, лексикалық мағынасын түсіндіреді.
Кері байланыс: «Үш мәселе және бір әрекет»әдісі арқылы кері байланыс аламын.Оқушылар сабақ барысында жақсы орындаған үш мәселені атап, сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз,бір тілек»





Плакаттар, маркер, оқулық, стикер




АКТ арқылы кесте бойынша





Үнтаспа


Сабақтың соңы

5 минут


5мин



Рефлексия'>Рефлексия Мен бүгін өз қоржыныма ... салдым.

Не үшін салдым? Ол маған не үшін қажет?


Үйге тапсырма беру 1. «Күй – қазақ халқының рухани құндылығы» тақырыбында бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жазу.





Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Жеке жұмыс: «Еркін жазба » әдісі арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырамын.. Ал кейбір үлгермеуші, уәжі төмен оқушыларға қолдау көрсету мақсатында оқушыларды топтастыра отырып, ЖАДА арқылы бірін-бірі үйрете отырып, үйренуіне жағдай жасаймын. Қабілеті жоғары оқушылардың деңгейлерін ескере отырып, тапсырмаларды біртіндеп күрделендіремін. Атап айтқанда, берілген дайын мақаладан шағын мақаланы қайта құрып жазады. Сабақта оқушылардың оқудағы ілгерілеуін және өзін -өзі реттей алуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі тиімді әдістерді үйлесімді қолданамын:

Топтық жұмыс:«Шеберлік сыныбы» әдісі арқылы оқушылардың шығармашылық сыни ойлау дағдыларын арттырамын.

Топтық жұмыс: «Мәтін құрастыру» әдісі бойынша 3 топқа тірек сөздер беріп,шағын мәтін жазады. Тапсырманы әр топ орындап, басқа топтарға жазған жауаптарымен ойларын толықтырады.

Жеке жұмыс: «Еркін жазба» әдісі бойынша «Ана тілі» өлеңін оқи отырып, ой толғаныс, бір үзік сырды қағазға түсіреді. Осы әдіс арқылыөз ойларын еркін және жүйелі жеткізу дағдысын қалыптастырады. Сөздік қорын молайтады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.

Жеке жұмыс:

«Сөздік бинго»әдісі арқылы грамматикалық жаңа тақырыпты меңгерулеріне жағдай жасаймын..

Сыныппен жұмыс: «Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім»әдісі бойынша оқушылардың бүгінгі сабақта алған білім, білігін бағалау.


1. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.

2. Топтық жұмыс«Пирамида», «Зерттеу картасы» әдістері арқылы оқушылардың бірлескен әрекеті бақыланады. Жұлдызшалар арқылы, «Бағдаршам» арқылы, өзара басбармақ арқылы бағалауда оқушылардың оқу жетістіктері айқын байқалады.




Қазақ әдебиеті пәнімен байланыс: Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» өлең жолдары арқылы оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайтады.
Қауіпсіздік шараларын қадағалаймын.
АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады.

Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері өз дәрежесінде орындалды. Мақсатқа сай берілген тапсырмаларды оқушылар белсенді, қызығушылықпен орындап отырды. Оқушылар мәтіннің негізгі ойын анықтай алды.

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Оқушылар күйдің музыкалық өнер екенін,тек қазақ халқына тән өнер екенін біледі.Мақала жазудың әдіс-тәсілдерін үйренеді.Тұйық етістіктің емлесін біледі.

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Оқу мақсатына сәйкес, сабақ өз деңгейінде өтті.Белсенді оқу ортасы қалыптасты. Топпен ынтымақтаса жұмыс істеу қабілеті байқалды.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар тақырыпты меңгертетіндей нақты және жүйелі болды.

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Уақыт бөлінісінің тиімділігі сақталды. Топтық, жұптық, жеке жұмыстар тиімді жүзеге асырылды.

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында деңгейлерін, қабілеттерін ескере отырып түрлі жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаландым. Атап айтсам, «Мәтін құрастыру», «Шеберлік сыныбы», «Бағдаршам», «Сөздік бинго» әдістері.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты(оқытуды да,оқуды да есепке алыңыз)

1. «Еркін жазба» әдісі

2. «Мәтін құрастыру» әдісі.

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. «Шеберлік сыныбы» әдісі

2. «Еркін жазба» әдісі

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1.Мәтінді оқып бергеннен гөрі бейнетаспадан тыңдатқан тиімді. Оқушы үшін де қызықты.

2.Дәптермен жұмысты көбірек жүргізу керек.


Дескриптор


1.Мәтін мазмұнын толық ашты.





2.Тың ой, озық идея айтылды.





3.Уақытты тиімді пайдаланды.








Бағалау критерийлері


Дескриптор


1.Көркемдегіш құралдарды мәтіннің стильдік ерекшеліктеріне сай қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазады.

1.Мақаланың тақырыптық, жанрлық ерекшеліктерін сақтайды.

2.Көркемдегіш құралдарды орынды қолданады.




2.Тұйық етістіктің ерекшелігін түсінеді және емлеге сай жаза алады.

3.Грамматикалық, орфографиялық тұрғыда сауатты жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет