Қалаған нәрсеңізді алуға сізге қанша ақша қажет? Ол ақшаны қайда жұмсайсыз?
Кімдермен уақытты көбірек өткізесіз? Неліктен?
ІІ деңгейлі сұрақтар:
№ 2 жағдаят: Сіз ұзақ демалысты теңізде өткізуге бел будыңыз. Алдын ала тапсырыспен алдыртқан жолдамаңыз дайын. Ертең алып кеменің біріне мінесіз, сөйтіп мұхиттарға саяхатқа аттанасыз. Алайда, кешкілік күтпеген жағдай болды. Сіз барғалы жатқан аралда белгісіз жұқпалы ауру таралып, барлық саяхатшылар демалысқа барудан бас тартты.
Барасыз ба?
Неліктен? Себептерін баяндаңыз.
Кеткен ақшаңызды қалай қайтарып аласыз?
Ұйымдастырушылар қандай шығынға ұшырауы мүмкін?
Денсаулығыңыз үшін қандай демалыс орындарын таңдайсыз?