.
Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: «Ұ» дыбысы.
Мақсаты: 1. Оқушыларға, «Ұ» дыбысының мәнін түсіндіру. «Ұ» дыбысына байланысты сөздерді оқыту,
сурет аттарын айтқызу;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. Табиғатын аялауға,қорғауға,патриотизм
сезімдерге баулу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: «Ұ» әрпінің таңбасы,
суреттер, ереже, сандар жазылған суреттер,өлең жолдары.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Оқушыларды түгендеу;
Оқу құралдарын түгендеу;
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қандай жыл мезгілі?
Сен қай мезгілді ұнатасың?
Не себепті?
Күзде жапырақтар қандай түсті болады?
Бүгін аптаның қай күні?
Ауа рай қандай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
«Ұ» қандай дыбыс?
«ұ» әрпіне байланысты сөздерді айтыңдаршы?
Тағы қандай әріптерді өттік?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, қандай күн? Бүгін біз «Ұ» дыбысымен танысамыз 29 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Мақсатымыз: «Ұ» әрпінің қандай дыбыс екенін ұғыну,
сөздерді қайталау,жаңа дыбысты өлең жолдарынан табу,санап,сөйлеп үйренеміз.
1-тапсырма. Өлеңді тыңда,жаңа дыбысты тап.
Ұя,ұлу,ұшақтың
Басын бастап беремін.
Құс,жұмыртқа,бұтақтың
Ортасында келемін. (О.Асқар)
2-тапсырма. Сөйлемдерді тыңда,қайтала. (послушай, повтори)
Аспанда
ұшып барады. Ұяда
отыр.
3-тапсырма. Суреттегі заттарды ата, буынға бөліп айт.
4-тапсырма. Сөйлеп үйрен.
Құс. Не?
Үлкен құс. Қандай құс?
Үлкен құс ағашта отыр. Үлкен құс қайда отыр?
3. Бекіту кезеңі: - Оқушылар,бүгін қандай дыбыспен таныстық?
-«Ұ» - мынау қандай әріп?
«Құс» сөзі орысша қалау болады?
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалап, күнделіктеріне бағасын қоямын.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, «Ұ» әрпіне мысал келтіріңдерші.
«Ұ» қандай дыбыс?
Біз тағы қандай әріптер өттік?
Сау болыңдар!
Сабақ аяқталды!
Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: «І» әрпі.
Мақсаты: 1. Оқушыларға, жаңа «І» әрпінің айтылуымен таныстыру, мәнін түсіндіру. «І» әрпіне байланысты сөздерді оқыту, сурет аттарын айтқызу,түстер жайлы мағұламат беру;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, патриотизм сезімдерін ояту;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: «І» әрпінің таңбасы, суреттер, ереже, түстердің суреттері,жұмбақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Оқушыларды түгендеу;
Оқу құралдарын түгендеу;
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қазір қандай сабақ?
Қазақ тілі нешінші сабақ болып жатыр?
Бүгін аптаның қай күні?
Ауа рай қандай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
«Ұ» қандай дыбыс?
«ұ» әрпіне байланысты сөздерді айтыңдаршы?
Тағы қандай әріптерді өттік?
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз жаңа «І» әрпімен танысамыз 30 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Мақсатымыз: «І»
әрпін қайталап айту, сөздерді қайталау,сөйлеп үйренеміз.
1-тапсырма. Жаңа дыбыс және оның әрпімен таныс.
түлкі
кірпі ірімшік