Сабақ: Қазақ тілі Тақырып: Сөйлем. 164 168 жаттығулар. Мақсаты



Дата08.09.2017
өлшемі46,04 Kb.
#31078
түріСабақ
Сабақ жоспары.

Күні: 12.11.2016 ж

Сабақ: Қазақ тілі

Тақырып: Сөйлем. 164 – 168 – жаттығулар.

Мақсаты: а) Оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау;

ә) Оқушылардың жалпы қабілеттерін дамыту.

б) Адамгершілік тәрбиесін беру.

Құрал – жабдықтар: ереже,тірек – сызбалар, суреттер

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру – баяндау, сұрақ – жауап,көрнекілік

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, құрал – жабдықтарын түгендетіп, зейіндерін бір жерге шоғырландырып, сабаққа даярлау.



ІІ. Жаңа тапсырмаларды қалыптасрытуға даярлық кезеңі:

  • балалар, біз осы уақытқа дейін қандай тақырыптармен таныстық?

  • Қандай ережелерді жаттап едік, есімізге түсірейікші.Мәтін деген не? Мәтіннің қандай түрлері бар?

ІІІ. Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

І.Бағдарлау – мотивациялық кезеңі

Оқушы қызығушылығын ояту.(Ой шақыру стратегиясы)



  • Ерте – ерте, ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР ӨМІР сүріпті. Сөздердің бір тобы бір – бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті.Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір – біріне бағынып, бірін – бірі толықтырып тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей, ойды тиянақтап тұрыпты. Бұның қалай аталатындығын сендер қазір тапсырмалар орындау арқылы тез табасыңдар.

  • Сонымен,бүгін біз сол Әлемдегі ең үлкен ел – «СИНТАКСИС ЕЛІНЕ» саяхатқа шығамыз. «Синтаксис» - деген сөзді біз бірінші рет естіп тұрмыз, бұл қазақтілі пәніндегі үлкен – үлкен тараулардың аты,олартуралы үлкен сыныптарға барғанда ттолығырақ танысасыңдар.Олай болса, сендерге сәт сапар тілеймін. Жолда кездескен тапсырмаларды мүдірмей орындап,тапсырманы дұрыс табуларыңа тілектеспін. Саяхатқа шығу үшін тіркескен вагондары бар пойызға отырамыз.Әр вагонға бір жұмбақтан жасырылған.

М: 1 – вагонда: «Жылт – жылт еткен, жырадан өткен»

2 – вагонда: «Тәтті,тәттінің іші қатты, қаттының іші – тәтті»

3 – вагонда: «Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар»

4 – вагонда: «Қанаты жоқ - ұшады, аяғы жоқ – қашады»

5 – вагонда: «Ти десем, тимейді,тиме десем, тиеді»

6 – вагонда: «Отқа жанбас, суға батпас»



1 – тапсырма: Әр жұмбақтың шешуін тауып, әрқайсысының шешуіндегі бірінші әріптерінен сөз құрастыр.

- Қандай сөз шықты? (СӨЙЛЕМ) Бұл сөз туралы не білетінімізді есімізге түсірейік?



2 –тапсырма: Паравоз тоқтап қалды: Көмекке келейік. Ол үшін сөйлемнің неден тұратынын табайық?Сөйлем сөздерден тұрады.

- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

- Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

3 – тапсырма: - балалар, поездың ең соңғы вагонына сөйлемнің ТЫНЫС БЕЛГІСІ деген ақылгөй шешесі орналасыпты.Қасындағы үш қызының біреуі тиянақты сөйлесе, екіншісі тек сұрайды, ал үшіншісі бірде ренжіп, бірде қуанып,бірде бұйырып сөйлейді екен. Соған қарамастан, ол қыздарын ақылмен бір мәтіннің ішіне жұмсай алыпты.

- Қалай ойлайсыңдар, бұлар қандай сөйлемдер? Мұндай сөйлемдерден кейін қандай тыныс белгілері қойылады? Қане, ойланып көрейік.

- Нүкте.Сұрау белгісі. Леп белгісі.

Сөйлем туралы ой жйнақтап, сызбаға түсіріледі:



Кітаптағы ережеге тоқталып кету.

ІІ.Операциялық – орындаушылық кезеңде оқулықтағы жаттығулар орныдалады.

Дәптермен жұмыс: Көркем жазу: Лл мен Мм

164 – жаттығу ауызша орындау: салыстырып оқытылады:

Шекара, шекарашы, Шекарашылар күзетте тұрады.

ел, қорғайды, күзет, Олар еліміздің шекарасын

олар, тұрады қорғайды.

Екі бағандағы сөздердің қайсысы сөйлем екенін талдау арқылы таптырылып, сөйлем болу үшін белгілі бір аяқталған ойды хабарлануы тиіс екендігі түсіндіріледі.

165- жаттығу – жазбаша:

Ажар кітапханаға барды. Кітапханада адам көп. Ол кітапханадан кітап алды.

(дәптерді қою, қалам ұстау, партада отыру ережелерін еске түсіру)

«Адасқан сөйлемдер» - дидактикалық ойында 221 жаттығуды орындатып жіберу.

Бірнеше бала сырғанақ теуіп жүр. Ақан шанамен сырғанады. Ол абайсызда шанадан айырылып қалды. Шана төмен қарай сырғанай жөнелді.
- Сергіту сәтін орындату:

167 – жаттығу – жазбаша:

Мына сурет қандай әдемі салынған! Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған. Қастеев атаңды білесің бе?(Қастеев туралы қосымша айтып өту, білетін тақпақты сұрап өту)

(сөйлемдерді соңына қойылған тыныс белгісіне сай ырғақпен оқуға үйрету, айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелдеу, мұғалім өзі оқып беру, содан соң оқушыларға оқыту)



ІV. Қорытындылау:

ІІІ.Рефлексиялық – бағалау кезеңінде «Орныңды тап» дидактикалық ойынын ойнату:Ойынның шарты: Үстел үстіне бөліктерге бөлінген бірнеше сөз жазылған қима қағаздар жатады.Сол сөздерден сөйлем құрастырып, тыныс белгілері бар үйшіктерге орналастыру.

Мысалы: Мейіржан жылы киінді. Маржан нешінші сыныпта оқиды? Алақай апам келе жатыр!



V. Үй тапсырмасы: 168 – жаттығу,ереже жаттау

VІ.Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет