3.Желілер ағашы. Терминдер сөйлейді. Оқушылар үйге берілген термин сөздерге дайындалып келеді. Желілер ағашында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің логотиптері жабыстырылған. Әрбір логотиптің астында термин сөздер жазылған. Қатысушы кез келгенін таңдап, сөзді оқып жауабын беруі керек.
1 .Бұлттық технология- тұтынушыға ғаламтор арқылы онлайн жағдайында деректерді өңдеуге мүмкіндік береді.
2.Спам - электронды-поштамызға келген белгісіз хаттар мен жарнамалар.
3.Рерайтинг- бастапқы мәтіндік материалдарды одан әрі пайдалану мақсатында өңдеу деген мағына береді. 4.Хэйтер- көреалмаушы, өшпенді сыншы, көреалмаушылықтан табыстыларға – қызғаныштарына қарсы белсенді үгіт-насихат жүргізетін адам.
5.Копираитинг-көзге ерекше түсетін, алайда қарапайым әрі түсінікті етіп жазылған мәтіндерді теру машығын айтамыз.