Мұнай мен газ
Мұнай мен газдың мол қоры Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 жылы Қарашүңгілдегі Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады.
Көмір
Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 164 млрд тоннаға жетті. Көмір кен орындарының басым бөлігі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.
Уран
Қазақстанның минералды шикізат базасы дүние жүзінде уранның 25%-ын құрайды. Елімізде уранның 100-ге жуык кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстанда орын алады. Барланған қоры (470 мың тонна) жағынан Қазақстан дүние жүзінде екінші орында.
3.Пайдалы қазбалар коллекциясын көрсету
Табиғи алтын Табиғи мыс Әк тас (Ізбесті тас) Калий тұзы
Тас көмір Ванадин Мұнай өңдеу Алтын
Достарыңызбен бөлісу: |