Сабақ тақырыбы: Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш
Сабақ мақсаты:1Білімділік мәні: 1Бұрыш түрлеріне тоқталу, олардың бір-біріне ұқсастықтарын көрсету. Өтілген тақырыпқа есептер шығару. 2 Дамытушылығы: Баланың ойлау қабілетін, зейінді дамыту. Жаңа сабақты игерту.3 Тәрбиелік мәні: Есеп шығару жүйріктілігін көру, Жаман әдеттерден аулақ болуға баулу. Еңбекті қадірлей білуге тәрбиелеу Сабақ типі:аралас сабақ Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,ұжымдық.,практикалық.. Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, тапсырмалар, жалауша Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Белсенді болу. Бір- бірімізді құрметтеп сыйлау. Психологиялық дайындық -Әрбір адам ? Туыс, дос, жұрағат. -Әрбір сабақ? Үйрену, ұғу, ұлағат. -Әрбір ісің? Шындық, бірлік, адалдық. Мақсатымыз -білім алу. Міндетіміз- еңбектену.
Үй жүмысы. 7- мысал Үш кесінді сыз. -біріншісінің ұзындығы 2 см. -екіншісі біріншісінен 3 см ұзын. -үшіншісінің ұзындығы бірінші және екінші кесінділер ұзындықтарының қосындысына тең. Кесіндінің сызылуын тексеру
Менен сұрақ, сізден жылдам жауап.
1.Косудың компонеттерін ата.
2. Азайтудың компонеттерін ата.
3. Геометриялық фигураларды ата.
4. Ұзындықтың өлшем бірліктерін атап бер.
5. Толық ондықтарды атап бер.
6 26 санының көршісін ата.
7.Тік төртбұрыштың касиеті қандай?
8. Уақыт бірліктерін атаңдар.
3.Жаңа білімді түсіндіру.
-Балалар біз ертең қандай мерекені тойламақшымыз ?
- 1-желтоқсан Президент күні.
Онда біз бүгінгі сабағымызды сол елбасымыздың құрметіне арнамақшымыз.
Президентке арнау. Сағындық Азамат.
Бүгінгі сабағымыз.Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш.
Сендерге Тапқышбек түсініктеме береді (электронды оқулық)
Бұл -тік бұрыш Бұл-сүйір бұрыш Бұл-доғал бұрыш
Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші. Доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен.
Практикалық жұмыс
Кітаппен жұмыс
1-мысал
Үшбұрыштың тік бұрышы нешеу ?
Сүйір бұрышы нешеу ? Доғал бұрышы нешеу?
Төртбұрыштың тік бұрышы нешеу?
Сүйір бұрышы нешеу?
Доғал бұрышы нешеу?
2-есеп.
Таба нан-65 теңге Таба нан-65 теңге
Батон-? 5 теңге арзан Батон -? 5 теңге арзан Барлығы-?теңге
Ш. 65-5=60 Ш.65+(65-5)=125
Ж.Батон 60 теңге Ж.Барлығы 125 теңге
Сергіту сәті.
Дұрыс ойла ! Ас атасы-................
Дұрыс ойла !
Жастайыңнан еріншек бол.
Еріншектік бәрін де жеңеді.
Еріншектік адамды куанышқа бөлейді,
Ол адамды батыр атандырады.
3- мысал Өрнекті жаз және оның мәнін тап.
60 саны мен а- ның қосындысы, мұндағы а = 0, 40
60 саны мен а- ның айырмасы, мұндағы а= 60,0
а мен 60 санының айырмасы, мұндағы а =100, 60
60+0=60 60+40=100
60-60=0 60-60=0
100-60=40 60-60=0
4- мысал Теңдеулерді шеш.
Х+40 100 100-х=40 х-40=60
6- мысал.
8+6 = 14-6=
18+6 = 24+6=
28+6= 34+6=
38+6 = 44+6=
48+6= 54+6=
Қорытынды.
Бұрыш
Тік бұрыш Сүйір бүрыш Доғал бұрыш
- Жарайсыңдар!
Осы сабақ үшін бәріңе рақмет.
Бағалау. Жалаушалар арқылы бағалау
Үйге тапсырма: №5 мысал
Достарыңызбен бөлісу: |