Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. IІ. Ауызша жаттығулар: Өрнекті ықшамдаңдар: 3 а 2 · а; 2 Х · Х



Дата13.08.2017
өлшемі107,3 Kb.
#23529
түріСабақ
Сабақ жоспары. Алгебра. 7 класс.
Тақырыбы: Көпмүше. Көпмүшелерді қосу және азайту.

Мақсаты:

  • Оқушыларды көпмүше, стандарт түрдегі көпмүше, көпмүшенің дәрежесі түсініктерімен таныстыру, көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындау білік дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың ойлау, жүйелеу қабілеттерін дамыту;

  • Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, математикалық сауатты жазуға баулу.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

IІ. Ауызша жаттығулар:

1. Өрнекті ықшамдаңдар:

3а2 · а; 2х · х4; 2ху · 3у; (b · b2)3.

2. Өрнекті бірмүшенің стандарт түріне келтіріңдер:

- 2ах 2х3; 3аb2 · 8аb; (-2а3b2)2.

3. Бірмүшенің дәрежесін анықтаңдар: -2х3 ∙ у4; 6abс; -3х6; 71.



ІII. Жаңа тақырыпқа кіріспе:

1) Бірмүшенің стандарт түрі;

2) Таңбалар ережесі.
IV. Жаңа тақырыпты оқулықтағы тақырыпқа сәйкестендіріп құрастырып, түсіндіру.

Бүтін өрнектерді теңбе – тең түрлендірудегі негізгі мәселе – оны стандарт көпмүшеге түрлендіру, сондықтан оқушылар стандарт көпмүше түсінігін жақсы игерулері қажет.

Көпмүшелерді қосу және азайту амалдары алдына «+», «-» таңбалары бар жақшаларды ашу ережесіне сүйенеді.
V. Есептер шығару: №102, 103, 104, 105(1,3), №108 (1,3).

VІ. Үйге: § 6. № 105 (2,4), №108 (2,4), №113, № 116 (2,4).

VІІ. Сабақты қорытындылау.
Тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану. (2-ші сабақ)

Мақсаты:


  • Оқушылар көпмүшені стандарт түрде жазуға, көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындауға берілген есептерді шығарып жаттығу;

  • Оқушылардың ойлау, жүйелеу, теориялық білімдерін практикада қолдану қабілеттерін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, математикалық сауатты жазуға баулу.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Қайталау сұрақтары: 1) Көпмүшеге анықтама бер.

2) Стандарт түрдегі көпмүше деп қандай көпмүшені айтады?

3) Стандарт түрдегі көпмүшенің дәрежесі.

4) Көпмүшенің ұқсас мүшелері болмаса, онда көпмүше стандарт түрде жазылған деуге бола ма?

5) Көпмүшенің барлық мүшелері стандарт түрде жазылған болса, көпмүше стандарт түрде деуге бола ма?

6) Жақшаның алдында «+», «-» таңбасы болғанда, жақша қалай ашылады?



IІІ. Ауызша жаттығулар:

1. Жақшаны ашыңдар:

а) х – (у + z); б) (аb) – (cd).

2. Өрнекті ықшамдаңдар:

(ху) + (у + х).

3. Өрнектің мәнін табыңдар: 12,8 + (11 – 12,8); б) – 1,7 – (5 – 1,7).

4. Теңдеуді шешіңдер: 3 – (2 – х) = 1,5.

5. Теңдік орындалатындай, жақшаларды қойып шығыңдар:

х2 – 3 х + 1 – х2 – 3х – 1 = 2;

х2 – 3 х + 1 – х2 – 3х – 1 = – 2;

х2 – 3 х + 1 – х2 – 3х – 1 = 0.

IV. Есептер шығару: № 109, 110, 116(1,3), 118(1), 121.

V. Өздік жұмыс.

1. (7х2 – 5х + 3) – (7х2 – 5); 1. (3a2 + 7a – 5) – (3a2 + 1);

2. (3х + 1) + (–3х2 – 3х +1); 2. (5a + 3) + (–2a2 + a +7);

3. (a + 3b) + (3a – 3b); 3. (х + 6у) + (3 – 6у);

4. a2 - 5abb2 – (a2 + b2); 4. х2 – 3ху + у2 – (х2у2);

5. (х + уz) – (ху) + (ху + z). 5. (ab + c) + (ac) – (ab – c).



VІ. Үйге: § 6. №113, № 116 (2,4), 118(2).

VІІ. Сабақты қорытындылау.
Тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту.

Мақсаты:

  • Оқушыларды бірмүшені көпмүшеге көбейту ережесімен таныстыру, олардың көбейтіндісін стандарт түрдегі көпмүшеге түрлендіре білу дағдыларын қалыптастыру;

  • Оқушылардың тапқырлық, зеректік қабілеттерін, математикалық сауаттылықтарын дамыту;

  • Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

IІ. Қайталау: 1) Көпмүше ұғымы.

2) Көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру.

3) Көпмүшенің стандарт түрі.

4) 5-6 кластардан таныс көбейтудің үлестірімділік заңы.



ІII. Ауызша жаттығулар:

1. Қандайда бір заңдылықты пайдаланып өрнектің мәнін табыңдар:

7,49 ∙ 2,5 + 2, 5 ∙ 2,51; 0,2 ∙ 7 + 0,8 ∙ 7; 65 ∙ 35 + 352 .

2. Көбейтудің үлестірімлік заңын пайдаланып, теңбе-тең өрнекке түрлендір:

(5х + 2) ∙ 7; 8 ∙ (х + 3); 12(10 - 3b).

3. Дәреже түрінде көрсетіңдер: х5 ∙ х2; aa2; - 26 ∙ (- 86); 4a2 ∙ (-8a3).


IV. Жаңа тақырыпты оқулықтағы тақырыпқа сәйкестендіріп құрастырып, түсіндіру. Жазып, түсіндіру үлгісін мынадай түрде көрсетуге болады:

-5х2 ∙ (3х2-4х-5) = -5х2 ∙3х2 – 5х2 ∙ (- 4х) - 5х2 ∙ (-3) = -15х4 + 20х3 + 15х2.

V. Есептер шығару: 108(2,4), 109(1), 112, 126(1,2), 122(2,3)
VІ. Үйге: § 6. №108(1,3), 109(2), 122(1,4)
VІІ. Сабақты қорытындылау.
Тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту.

Мақсаты:

  • Оқушыларды көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесімен таныстыру, мысалдар арқылы түсіндіру;

  • Ізденімпаздық дағдыларын, ақпаратты өңдеу, байқағыштық, салыстыру, қорытынды шығара алу қабілеттерін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ауызша жаттығулар:

  1. 2 ∙ (4х2 -3х + 5)

  2. -2а2 ∙ (7а5 - 0,11а4)

  3. 4ху ∙ (х2 -2ху + у2)

  4. -1,6n2m ∙ (-2n + 5m)

  5. 0,5y ∙ (10y3 - 4y2 + 100y)

  1. -3x ∙ (x2 - 2x + 4)

  2. c ∙ (2c2 - d + 4d2)

  3. (4y3 - 5z3) ∙ yz

  4. bc ∙ (b2 - bc)

10) (a + b) ∙ (-3a2b2)



IІI. Жаңа тақырыпқа кіріспе. Көбейтіңдер:

1. 10 ∙ 23 = ... . /230/. Бұл - ... /натурал сандарды/ көбейту.

2. = ... . /3/. Бұл - ... /аралас сандарды/ көбейту.

3. 1,4 * 0,2 = ... . /0,28/. Бұл - ... /ондық бөлшектерді/ көбейту.

4. 5 * ( -12) = ... . / -60/. Бұл - ... /оң сан мен теріс санды/ көбейту.

5. 8х5 ∙ 3х2 = ... . /24х7/. Бұл - ... /бірмүшелерді/ көбейту.

6. -4а ∙ (3а2 - 12а5) = ... . /-12а3 + 48а6/. Бұл - ... /бірмүшені көпмүшеге/ көбейту.

7. (a + 5b) ∙ (1-3ab) = ? Бұл - ... /көпмүшені көпмүшеге/ көбейту.

Ендеше жаңа тақырып: Көпмүшені көпмүшеге көбейту.
IV. Жаңа тақырыпты оқулықтағы тақырыпқа сәйкестендіріп құрастырып, түсіндіру. Жазып, түсіндіру үлгісін мынадай түрде көрсетуге болады:


(a - b) ∙ (c - d) = ac – ad – bc - b ∙ (- d) = ac – ad – bc + bd.

Міндетті түрде көрсетіп кетуге болады: егер бірінші көпмүше m мүшеден, ал екінші көпмүше n мүшеден тұрса, шыққан көбейтіндіде (m∙n) мүшелі көпмүше шығады. Бұл көпмүшелерді көбейтуде кететін қателіктердің бірінен сақтайды.

Мысалы: (-х-у3 + z2) ∙ (p-q).

Бірінші көпмүшеде 3 мүше бар.

Екінші көпмүшеде 2 мүше бар.

Шыққан көпмүшеде 3 ∙ 2=6 мүше болады.
V. Есептер шығару: 109 (3,4,5,6), 117, 123, 126(3,4).

2х(х+3) – х(2х+4) = 6 – х


VІ. Үйге тапсырма: §6. № 109(5,6), 123 (2,3)
VІI . Сабақты қорытындылау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет