Сабақ барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру. Психологиялық дайындық. 1минут



Дата13.05.2017
өлшемі64,76 Kb.
#16223
түріСабақ
4-сынып. Қызықты грамматика.

Тақырыбы: Жұмбақ жасыру

Мақсаты: Білімдік: Өз беттерінше сабаққа мақсат қойып, халық ауыз әдебиетінің бір тармағы ретінде жұмбақ тақырыбына шығу, оның түрлері туралы білімдерін кеңейту

Дамытушылық: Жұмбақ шешу арқылы ойын ұшқырлау, елестету, қиялдауын дамыту, өздіктерінен жұмбақ шығару арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Халық даналығының мағынасын өздеріне алып шығуға,білімпаз болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жұмбақ аялдамалары. Бағалау парағы. Ақ қағаздар, фломастерлер.

ЖОСПАР

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Амандасу. Алты топқа бөлініп отыру.

Психологиялық дайындық. 1минут.

Мен өзімді жақсы көремін.

Мен сені де жақсы көремін.

Мен барлығын да жақсы көремін.



а/ Қызығушылықты ояту. Жаңа тақырыпқа шығу. «Ассоциация» әдісі

-Балалар, халық ауыз әдебиеті деген не? Халық ауыз әдебиетіне нелер жатады? 2 минут



Халық ауыз әдебиеті

мақал


ертегі

аңыз жұмбақ

шешендік сөздер


ә)Сабақтың тақырыбы қандай болмақ? 1 мин

-Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- жұмбақ .



б) Сабақтың мақсатын анықтайық.

-Сабақта жұмбақ жасыру арқылы , қиялдау, елестетуді дамытамыз, жұмбақ түрлерін білеміз.Өзімізді халық даналығын қадірлеуге тәрбиелейміз.



ІІ. Негізгі бөлім . Жұмысқа бағыттау. 2 минут.

Төле би 90 жасқа келгенінде қаз дауысты Қазбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендер, ойшылдары жиналып, әңгіме-дүкен құрып отырғанда:



  • Қаз дауысты Қазбегім келді. Бәрін түгел жиналдыңдар. Сендерге айтар 10 түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер,- деді Төле би.

  • -Айтыңыз, айтыңыз!

  • Айтсам, 10 түрлі жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Отырғандар таң-тамаша болады.

-Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?

Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз?- дейді қаз дауысты Қазбек.

-Рұқсат, рұқсат.

1 дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман,

2 дегеніміз – егесіп өткен ер жаман,

3 дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман,

4-дегеніміз- төсектен безген жас жаман,

5 дегеніміз- белсеніп шапқан жау жаман.

6 дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман

7дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман

8 дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман

9 дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесең, сол жаман,

10 дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас деген, - дейді қаз дауысты Қазбек.

-Рахмет, дәл шештің. Ойы да, тілі де жүйрік ,тұлпарым,- деп Төле би Қазыбекке разы болыпты.

-Сендер де бүгін сол Қазбектің шешуіндегідей 10 түрлі жұмбақ шешесіңдер, қай топта 10 ұпай жиналса, сол жеңімпаз атанады.



Практикалық бөлім.

1. 1 дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман, 2 минут

Адам туралы

  1. Көреді бәін өзгенің, Көре алмайды өздерің. (көз )

  2. Күндіз шайқасады, түнде айқасады. (кірпік)

  3. Жағалай-жағалай тас қойдым, жирен атты бос қойдым. (тіс ж/е тіл)

  4. Жас кезінде қара орман, жыл озған сайын ағарған. (шаш)

  5. Бірі үлкен, бірі кіші, туысұан бірге бес кісі. (бес саусақ)

  6. Ти десем, тимейді, тиме десем, тиеді. (ерін)

2. 2 дегеніміз – егесіп өткен ер жаман, 2 минут

Тұрмыстық заттар туралы

1.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды. (дастархан)

2.Шыркөбелек айналар, беліне жіп байланар. (ұршық)

3.Төрт бұрышты, бір ауызды. (сандық)

4. Костюмімді күнімен өзім кием ұдайы, сол костюмді түнімен досым киіп шығады. (киім ілгіш иықша)

5.Бір бұрышта бостан-босқа бүріскен, қолыңа алсаң, шаруасына кіріскен. (сыпырғыш)

6. Жисаң – таяқтай, жайсаң – табақтай. (қолшатыр)

3. 3 дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман,3 минут

Өсімдіктер туралы

1.Іші жұмсақ, сырты қатты, еті қызыл, сүті тәтті. (қарбыз)

2. Қалың киім ұнатады, шешіндірсең, жылатады. (пияз)

3. Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады, қыста жақсаң – жаның рақат табады. (ағаш)

4.Дөңгеленіп өседі, желмен бірге көшеді. (қаңбақ)

5.Білесің бе қандай тауық, жұмыртқасын жер астында жүртауып. (картоп)

6.Жіпсіз тізілген, кезінде үзілген. (жүзім)

4. 4-дегеніміз- төсектен безген жас жаман,3 минут

Үй жануарлары туралы


  1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар. (түйе)

  2. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)

  3. Секіреді – бала емес, сақалы бар – шал емес. (серке)

  4. Жанды сағат «айғай» салад. (есек)

  5. 2 айнасы бар, 2 найзасы бар, 4 жылтырмағы бар, 1 шыбыртқысы бар. (сиыр)

  6. Құлағы қайшыдай, құйрығы қамшыдай. (ат)

5. 5 дегеніміз- белсеніп шапқан жау жаман. 3 минут

Техника туралы

1.Қара айғырым кісінеп, қара жерді тарпыды. (трактор)

2Тұрған жерінде ізі бар, ұшқан жерінде ізі жоқ. (ұшақ)

3.Темір балық теңізде жүреді екен нені іздеп? (сүңгуір қайық)

4.Не бары қос дөңгелек, жеткізбейді өзгеге. (велосипед,мотоцикл)

5.Атсыз, нарсыз арбаң, барар жерге барғаң «автомобиль)

6. Жолда жүріп, жол үстінде қыстайды, бірін-бірі етегінен ұстайды. (поездың вагондары(

Сергіту сәті 3 мин (релаксациялық)

Көздеріңді жұмып, денелеріңді босаңсытыңдар, бос ұстаңдар.

Өздеріңді құспын деп елестетіңдер – ұша жөнелдіңдер!

Енді теңізде жүзіп жүрген дельфинсіңдер, жүземіз, жүземіз,

Енді бақта уылжыған тәп-тәтті, қып-қызыл алма жинап жүрсіңдер. Иісі қандай!

Ал енді оңға қараймыз, солға қараймыз, айналамызға қараймыз. Көзімізді ашып, жұмысқа кірісеміз.


6. 6 дегеніміз - асқынып кеткен дерт жаман 4 минут

Әріпті жұмбақ

-Қазір өздерің ойдан шығарып, әріпті жұмбақ жасырасыңдар.



7. 7дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман 3 минут

Табиғат құбылыстары туралы

1.Үй үстінде ұсақ тас. (жұлдыз)

2.Қолы жоқ, суретсалады, тісі жоқ, тістеп алады. (аяз)

3.Жазда болмайды, қыста болады. Терезеге қонады, әсем ою салады. (қырау)

4.Мамықтай ұлпа, қанттай ақ. Қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады. (қар)

5.Бар ма, жоқ па, білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

6.Таңертең бар, кешке жоқ. Кеш түгілі, түсте жоқ. Мен әдемі моншақпын, Ірі емеспін, ұсақпын (шық)

8. 8 дегеніміз - серпілмеген қайғы жаман 4 минут

Суретті жұмбақ.

Әр топқа сурет беріледі, сол туралы тұспалдап, ишара сөздермен жасырасыңдар, егер қарсыласың шешсе, бал беріледі.



9. 9 дегеніміз – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесең, сол жаман,

Үй жұмысын тексеру. 5 минут

Ізденіс пен шығармашылық тапсырма үйде орыңдадыңдар. Бір-біріне жұмбақ жасырыңдар.



10. 10 дегеніміз – оңалмас кәрілікке дауа болмас

Қорытынды кезең. 3 минут

Қорытынды бөлім а/ Ой толғаныс

білемін?

Не білдім?

білгім келеді?



Бағалау.Әр топ бір-бірін бағалайды. 4 минут
Үйге тапсырма: математикалық жұмбақтар жазып келу. 1 минут.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет