3. Қызықты сұрақтар
Уақыты: 10 минут
1. Балаңыздың туған күні?
2. Тәрбиешісінің толық аты-жөнін білесіз бе?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың жақын досы бар ма? Есімі кім?
5. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
8. Балаңыз балабақшаға неше жасында барды?
9. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
10. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?
4. «Аяулы есім» жаттығу
Балалар шеңбер бойына тұрады. Тренинг жүргізуші балаларға үйде оларды қалай еркелетіп айтатындарын естеріне түсіруді сұрайды. Содан соң, балалар допты келесі балаға бере отырып, өздерінің аяулы есімдерін айтады. Барлығы өздерінің аттарын айтып болған соң, допты қайта артқа қарай керсі бағытта береді, бірақ осы жолы допты берген адамның аяулы есімін еске түсіріп, айту керек.
5. «Баламның есімі» жаттығу - балаларына қойылған аттарын (есімдерін) қорғау. Мектеп жасындағы балаларымыздың аттары қалай қойылғандығына сипаттама беріп, шағын тарихын айтып шығасыздар. Кім қойды, себебі, кімнің және ненің құрметіне деген сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |