Байланысты: Болатқызы А - 6.Баланы мектепке психологиялық жағынан дайындау
Психологиялық дайындықтың құрылымы мынадай бөліктерге бөлінеді:
Жеке дайындық (5,6).Баланың жаңа қоғамдық ортаға дайындығының қалыптасуы бірнеше құқықтар мен міндеттерді қамтитын мектеп ережесінен тұрады.Мектепте оқуға дайын оқушы-мектепке қажетті оқу құралдарын (портфель,оқулық,дәптер, және т.б) түгелдеп қана қоймай, сондай-ақ жаңа білім алу мүмкіндігі мен таным қабілеті жеткілікті дәрежеде дамыған бала болып табылады. Болашақ мектеп оқушысы қызығушылығының қалыптасу жүйесіне қарай өзінің мінез- құлқын, танымдық іс-әрекетін басқара алуы керек. Сонда ғана оның оқуға деген құлшышысы пайда болады.Сонымен қатар,жеке дайындық баланың эмоциялық жай-күйінің даму деңгейін де көрсетеді. Мектепке балар алдында баланың көңіл күйінің көтеріңкі болғаны жөн.