Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру


Жаңа тақырып: §42. Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі, қасиеттері



бет2/2
Дата25.08.2017
өлшемі171,52 Kb.
#25820
түріСабақ
1   2

Жаңа тақырып: §42. Негіздер, олардың құрамы және жіктелуі, қасиеттері.

Негіздермен біз бұдан бұрын кездестік пе? Қандай реакцияларды жазған кезде негіздер алдық?



Енді сіз тақтада ылғи негіздердің формулаларын көріп тұрсыз, бұлардың құрамында ортақ болып тұрған не?

Ал енді әр түрлі болып тұрған нелер?

Сонда біз негіздерге қандай анықтама беруімізге болады?

(Оқушылар бұл заттармен судың қасиеттерін жазған кезде кездескендерін айтады. Реакция теңдеуін жазады. Барлық негіздердің құрамында –ОН тобының бар екендігін тұжырымдайды. Гидроксил тобынан басқа металдардан тұратынын айтып, анықтаманы өздері тұжырымдайды. )

Топқа бөлініп отырған оқушыларға жаңа сабақты меңгерту мақсатында тапсырмалар беремін.

І-топ: Негіздердің формуласын құру.

ІІ-топ: Негіздердің физикалық, химиялық қасиеттері.

Қышқылдармен: NaOH +HCl →NaCl + H 2O

Қышқылдық оксидтермен: Ca(OH)2+ CO2→CaCO3+H2O

Тұздармен: 2NaOH + CuSO4→Cu(OH)2+ Na2SO4

Ерімейтін негіздер қыздырғанда ыдырайды:

ІІІ-топ: сілтілердің индикаторға әсерін зерттеу. Үш сынауықта қышқыл, сілті, су берілген. Әр сынауыққа 1 тамшы лакмус тамызып көр. Түстері қалай өзгерді?

(Әр топ тақырыпты оқып, негізгі түсініктерді талдап, тақырыпты өз беттерімен түсінуге тырысады. Өз тақырыптарын басқа топтарға түсіндіреді.)


Сергіту сәті.

Интерактивті тақтада көрсетілген формулалардан бейорганикалық қосылыстардың кластарын ажыратады. Тұз болса, қолдарын жоғарға көтереді, оксид болса, отырады, қышқыл болса, оң жаққа қисаяды, негіз болса секіреді.



Жаңақала аудандық әдістеме кабинетінің сараптама

кеңесінің шешімімен аудан келемінде таратылуға

ұсынылды.

Хаттама №3, 11 қыркүйек, 2014 ж

Жаңақала аудандық білім беру бөлімі

«Айдархан жалпы орта білім беретін мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Ашық сабақ

«Негіздер, олардың құрамы, жіктелуі, қасиеттері»

Дайындаған: химия пәнінің мұғалімі

Утегалиева Б.А.

2014 жыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет