Сурет "Мен мектептемін". Мақсаты: диагностикалық тапсырма
Балалар өздерінің мектепте жүргендегі суретін салады. Жетекші оларға балаларды, мұғалімдерді, оқу пәндерін бейнелеуді ұмытпауларын үнемі еске салып отырады. Ашық жарқын түстерді пайдалануды, көңілді бөліктер: гүлдер, ойыншықтар немесе тағы басқа заттардың бейнелерін қосуды ұсынады.
Қара түстерді көбірек пайдаланып немесе жалғыз өзін бейнелесе, ол баланың мектепке қиындықпен бейімделіп жатқанын білдіреді.
Жаттығу:"Көңіл-күйімізді суреттейміз" Мақсаты: Сабақтың соңындағы оқушылардың эмоциялық жай-күйін көрсету.
Жаттығудың барысы: Мұғалім балаларға түрлі-түсті қарындаштар жиынтығы немесе фломастерлер, альбомның парақтарын таратады. Балаларға өз көңіл-күйінің суретін салу ұсынылады. Тыныш әуен астында балалар жаттығу орындайды. Сурет салып болған соң, мұғалім өз суретін ілгісі келетін түсті таңдауын ұсынады. Бұдан "сары", "көк" және басқа да түсті суреттер пайда болуы мүмкін. Алынған коллаж балалардың көңіл-күйін білдіреді.