Сабақ барысы Жаттығу: "Сәлем!" Мақсаты: топтың барлық қатысушыларын жұмысқа тарту, таныстыру



бет21/53
Дата08.02.2022
өлшемі2,05 Mb.
#117600
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53
Байланысты:
1 сынып бейімділік бағдардамасы

1. Сөз ішіндегі сөзді тап


Жаңа сөз пайда болатындай әр сөзден бір-бір әріптің астын сыз.



шарф
әзіл-қалжың
сәттілік
суыр

жолбарыс
спорт
найзағай
үгінділер

2.Шифрлаушы.
Шифрларды пайдалана отырып,осы сандармен жасырылған сөздерді тап.



А

Б

В

Г

Д

Е

Ё

Ж

З

И

Й

К

Л

М

Н

О

П

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

Р

С

Т

У

Ф

Х

Ц

Ч

Ш

Щ

Ъ

Ы

Ь

Э

Ю

Я

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33





1 15 1 -

1 32 -

6 5 6 15- 

17 1 18 20 1 -

19 16 14 -

19 1 20 29 -

26 29 15 29 -

8 1 9 -

3. " Пішінді қайтала "
Мұғалім қолының ауадағы қозғалысымен бір заттың пішінін бейнелейді.
Балаға ауада бейнеленген сол пішінді қолымен қайталауы талап етіледі. Жаттығу моторикалық жадын дамытуға көмектеседі.


5-сабақ
Мақсаты: Балаларды тәртіпке, ұқыптылыққа, оқулықтарға және басқа да мектеп заттарына ұқыпты қарауға үйрету.
Сабақтың барысы:
Жаттығу: "Жел соғады..."
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларының бір-бірінің әдеттерімен таныстыру.
Жаттығудың барысы:Психолог "Жел соғады..." деген сөздермен ойынды бастайды. Ойынға қатысушылар өзара бірін-бірі жақсы білу үшін, бір-біріне сұрақтар мынадай болуы мүмкін: "Жел соғады,кімнің шашы сары түсті",барлық сары түсті шашы бар оқушылар бір топқа жиналады. "Жел соғады, кімнің әпкесі бар", "кім жануарларды жақсы көреді", "кім ертегілерді көп көреді", "кімнің достары жоқ" және т. б. Жетекшіні өзгерте отырып, қатысушылардың әрбіріне сұрақ қоюға мүмкіндік беру қажет.
Жаттығу: "Мектепте маған не қажет?"
Мақсаты: оқу құралдарымен танысу
Жаттығудың барысы: Психолог оқушыларға мектепке қажет құрал-жабдықтар жөнінде жұмбақтар жасырады.
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөздi ақ алаңға,
Түсiруден шаршаған,
Мен емеспiн әмәнда.
(Қалам)

Қысқа таяқ дiңi бар,


Шиырлаған iзiнде
Сайрап тұрар тiлi бар.
(Қарындаш)

Қабы сояу,


Дiнi – бояу.
(Түрлі-түсті қарындаш)

Бөлiнгендi табыстырып,


Бiрiктiрсе қабыстырып.
Жымдастырған жiгiт де,
Байқамайсың түгiн де.
(Желiм)

Ұшымен қазық


Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)

Оқуыма төрешi,


Тоқуыма төрешi.
Парақтасам байқалар.
Бiлiмiмнiң өресi,
Онда және жазылған,
Кестем де бар келесi.
(Күнделiк)

Оқу-бiлiм аспабы,


Қоймасының бас қабы.
Бөлмесi де бiрнешеу,
Тиегi бар ашпалы.
(Сөмке)

"Ал енді айтыңызшы: оқушы мектепке немен барады? (Балалар жауап береді: сөмкемен) Дұрыс, сөмкемен. Ал оның сөмкесінде не бар? (Балалар жауап береді: қаламдар, қарындаштар, пеналдар, оқулықтар, өшіргіштер.) Өте жақсы! Ал мектепке дейінгі балалар балабақшаға өзімен бірге не алып барғысы келеді? (Балалар жауап береді: ойыншықтар, қуыршақтар, мәшинелер) Ал олай болса сөмке туралы ертегіні тыңдаңыздар.




М.А. Панфилова «Сөмкені жинақтау» ертегісі

Сабақтан кейін барлық оқушылар үй тапсырмасын орындап, өлең-ережелер құрастырды. Тиын өзінің дұрыс тамақтану ережелерін сурет альбомына сурет түрінде салғысы келді. Сурет өте сәтті шықты: түрлі-түсті қарындаштармен үстел басында отырған таза бірінші сынып оқушысын бейнеледі. Ол қолында қасықты дұрыс ұстап, шынтағын дұрыс қойып, сүлгіні дұрыс пайдаланып отырғаны да сәтті шықты. Оның ауызы жабық еді. Тиын өзі салған суретін біраз уақыт тамашалап отырды да, сөмкесіне сала салып, жүгіре басып ойнауға кетіп қалды...


Мектепте мұғалім үй тапсырмасын тексеріп жатқан. Балалар өз жауаптарымен мұғалімді қуантып салды. Тек қана Тиын әлі өз суретін көрсеткен жоқ. Ол өз сөмкесінен сурет салынған альбомын таба алмады.
— Мүмкін сен өз ережеңді айтып берерсің, Тиын? — деп сұрады Кірпі.
— Маған өзімнің суретімсіз өлеңімді еске түсіру қиынырақ болады. Қазір тауып аламын. Мен кеше салып едім ғой! — деп жыламсырады Тиын.
— Жақсы, Тиынға бәріміз көмектесейік! — деп мұғалім балаларға ұсыныс берді.
Көжек пен Бөлтірік жоғалған затты тез табу үшін, сөмкедегі бар заттарды үстелдің үстіне шығара бастады. Тиынның сөмкесінде не жоқ дейсің?! Үстелдің үстінде жаңғақтар да, шыбықтар да, бантиктер де, гүлдер де, кәмпиттің қағаздары да, тіпті кепкен саңырауқұлақтар да бар еді. Кірпі мен оның оқушылары бұл байлыққа таң қала қарап тұрды.
— О, міне, менің альбомым! — деп қатты қуанды Тиын.
— Ал кәне, Тиын, не салғаныңды бәріне көрсет, — деп күлімдеді мұғалім.
Тиын өзінің шығармасымен, құрастырған өлеңімен мақтанып жатқан, бірақ ол күткендей болмады, ешкім оның көрсеткеніне таң қалған жоқ. Балалар әлі де сөмкеден шыққан «байлыққа» қарап тұр еді.
— Сендер неге бұлай қарап тұрсыңдар? — деді Тиын жолдастарына.
— Осының бәрі сенің мектеп сөмкесіне қалай сыйып кеткен? — деп сұрады Қонжық.
— Маған анам сөмкемнің ішінен бірнеше қалта тігіп берген, сондықтан осының бәрі ішіне оңай сыйып кетті! — деп Тиын әрі қарай мақтана түсті.
— Иә, сенің анаң жақсы еңбектенген екен, қызының мектепке апаратын оқу құралдары сыйып кету үшін, қалам бір қалташаға, дәптерлер бір қалтасында, кітаптар бір қалтада ... — деп Кірпі оқушысына түсіндіргісі келді.
— Оларды не үшін олай салу керек? Басқаша салуға да болады, мысалы: оқу құралдары бір қалтада, бір қалтасында жаңғақтар, бір қалтасына кәмпиттер салуға ыңғайлы ғой... — деп Тиын да өзінікін дұрыс деп болмады.
— Әрине, олай да салуға болады, бірақ сенің жоғалған альбомыңды іздейміз деп қаншама уақытымыз зая кетті ғой?! — деп қарсылық білдірді Кірпі.
Тиын ойланып қалды. Ал Кірпі бүкіл сыныпқа қарап:
— Балалар, сабаққа ыңғайлы болу үшін, сіздер сөмкелеріңізді қалай жинастырасыздар?
— Мен дәптерлерім мен оқулықтарымды бірге саламын, — деп тәжірибесімен бөлісті Бөлтірік.
— Ал оны сөмкеге салған кезде немесе сөмкеңнен алған кезде, дәптерлерің майысып қалатын шығар?! — деп тұспалдады мұғалім.
— Иә, майысып қалады, — деп растады Бөлтірік.
— Ал мен әр оқу құралын жеке-жеке саламын. Қаламдарым бір қалтасында, дәптерлерім бір қалтасында, оқулықтарым бір қалтасында, жеке-жеке жатқандай қылып жинастырған ыңғайлы, — деді Көжек.
Бұл дұрыс, — деп оны мақтады мұғалім. — Бізге оқу құралдары ұзақ уақыт ұстауға қажет болатындықтан, оларды таза, ұқыпты және күтіп ұстауымыз керек.
— Оларды қалай күтеміз? Олар жанды емес қой! — деп таң қалды Тиын.
Дұрыс ұқыпты пайдаланып, сыртын тыстап, уақытында желімдеп, жанды денелердей күтіп ұстасаңыз, олар да сізге ұзақ уақыт адал қызмет етеді. Ал егер біз өз заттарымызға ұқыпсыз қарасақ, «Федордың қайғысы» ертегісіндегі ыдыс-аяқтардай қашып кетуі мүмкін.
Балалар ішек-сілесі қата күлді де, бірақ аздан соң өз сөмкелеріне уайыммен қарап қалды.
— Мен өз сөмкемнің қашып кеткенін қаламаймын! — деді бір кезде Мыршай.
— Мен де қаламаймын! — деп балалардың бәрі сыбырлады.
— Олай болса біз өз сөмкелерімізді күтіп ұстаймыз, артық керексіз заттармен ішін толтыра бермейміз, — деп сөзін аяқтады мұғалім.
Қоңырау уақытында әр оқушы өз сөмкесін қайта қарап, майысқан дәптерлерін түзетіп, қарындаштарын ұштап, әрқайсысын жеке қалташаларға жинастыра бөліп қойды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет