3. «Нүктелермен сурет сал».
6-сабақ
Мақсаты: Сабақтың жалпы жағымды атмосферасын қалыптастыру, топтық жұмысқа қатыстыру.
Сабақтың барысы:
Жаттығу «Ауадағы би кеші»
Мақсаты: топты жандандыру
Жаттығу барысы. Психолог балаларға бірі құсқа, бірі көбелекке, бірі инелікке айналуын сұрайды. Ауада қалықтап билейді, ұшады, айналады, жоғары секіреді. Бәрі өздерін жеңіл сезініп, күледі, қуанады.
Жаттығу «Шарлармен жаттығу жасау»
Мақсаты: топтың ұжымдасуы.
Қажетті құралдар: топтағы балалар санымен тең және артық мөлшердегі шарлар, көңілді ән үзінділері.
Жаттығудың барысы:
Қатысушылар өздеріне шар таңдап алып, оны үрлейді. Бәрі шеңбер құрып тұрады да, бір-біріне теріс қарап бұрылады. Шарлар қатысушылардың бүйірлерінде қолсыз қыстырылып тұрады. Ол үшін балалар бір-біріне өте жақын тұруы керек. Жүргізушінің белгісімен көңілді ән басталады да, ойынға қатысушылар шеңбер бойымен қозғала бастайды. Қозғалған кезде ортада қыстырылып тұрған шарларды түсіріп алмау керек. Қолмен көмектесуге болмайды. Ойын басталар алдында жүргізуші қатысушылармен бірге қандай шапшаңдықпен қозғалу керектігін алдын-ала келісіп алуы керек. Бес түрлі қозғалыс шапшаңдығын алуға болады. Мысалы бірінші дегенде қатысушылар баяу қозғалса, бесінші дегенде жылдам қозғала бастайды. Қозғалыс шапшаңдығын араластырып отырады. Келесі қозғалыс түрі кері бағытта жүру үшін бәрі кері бұрылады, бірақ шарды түсіріп алмау керек. Жаттығу кері бағытта қайта жалғасады.
Барлық шарларды алып тастап бір ғана шар қалдырылады. Ол шарды бір-біріне беру керек, бірақ қолмен емес, баспен, аяқпен, шынтақпен тіземен немесе иекпен және т.б. ғана береді. Жетекшінің белгі беруімен жаттығу басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |