Мақсаты: ойын байқау мен есте сақтау қабілеттерін жаттықтырады, бұдан басқа, қатысушылардың өзіне және басқаларға зер сала қарап салыстыруға үйретеді. Бұл бір-біріне үйірсектік сезімдерінің дамуына, топтың ұйымшылдығына және ондағы өзінің бекуіне ықпал етеді.
Жаттығудың барысы: Топ бір-біріне қарама-қарсы келетіндей екі қатарға тұрады. Әрқайсысы өзіне қарама-қарсы тұрған құрбысының басынан-аяғына дейін зер сала қарап шығады да, ойша суретін салып, есінде сақтайды(1 мин). Келесі ретте бір-біріне теріс қарап бұрылады. Әрқайсысы құрбысына көрсетпей үстіндегі бір затты немесе келбетін өзгертеді. Мысалы: бір сырғасын шешу, мойынтағын, ленталарын шешеді, жүзік, білезік не сағаттарын басқа қолға тағу т.б. (30 сек).
Ал енді қайта бұрылып бір-біріне қарама-қарсы тұрған кезде құрбысының сыртқы келбетінде не үстінде не өзгергенін зер сала қарап тауып алуы керек.