Бұл тапсырмада нүктелерді рет-ретімен қосу арқылы бояуға болатын сурет шығатындай етіп қосу талап етіледі. Бұл жаттығу назар аудару, шыдамдылық, реттік санау сияқты ерекшеліктерін дамытады. Нүктелеріді тура және кері жалғауға болады. Нүктелерді кері тәртіпте біріктіру кезінде, тапсырма едәуір күрделене түседі.
4-сабақ Мақсаты: балаларға өзінің жаңа мәртебесін сезінуге жағдай жасау.
Сабақтың барысы. Жаттығу: "Мұрын ұшымен амандасу" Мақсаты: топты қыздыру 1 минутта неғұрлым көп адаммен амандасу. Қолмен, мұрын ұшымен, тіземен және т. б.амандасуға болады.
Жаттығу"Сөйлемді аяқта". Мақсаты: жұмысқа деген көңіл-күйлерін қалыптастыру.
Балалар жүргізуші айтқан сөйлемдерін аяқтайды: "Менің мектепке барғым келеді, өйткені...", "Мен мектепке барамын, үйрену үшін..." және т. б.