Мақсаты: достық сезімдерін білдіру және алғыс айта білу дағдыларын дамыту. Бұл сонымен қатар сабақтың аяқталғанын білдіретін достық рәсімі.
Барысы: Мұғалім: - Өтінемін, жалпы шеңбер құрып тұрыңыздаршы. Мен сіздерге достық сезім мен бір-бірлеріңізге алғыс айта білуге үйрететін шағын рәсімге қатысуларыңызды ұсынамын.Ойын былайша өтеді: біреулеріңіз ортаға тұрасыздар да, екінші біреулеріңіз келіп, ортадағы оқушының қолын қысып «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтасыздар, сосын оның қолын ұстаған күйі қасында қаласыз. Үшінші оқушы келіп, бірінші немесе екінші оқушының қолын алып: «Тамаша күн үшін рахмет» деп айтады да тағы да сол жерде қалады. Осылайша, шеңбердің ортасындағы топ үнемі өсе береді. Барлығы бір-бірінің қолынан ұстайды. Ортадағы топқа соңғы оқушы келіп қосылған кезде шеңбер жабылып, өзара ұстап тұрған қолдарын үндемей үш рет қысады. Осылайша сабақ аяқталады. Мұғалім де мүмкіндік болса, шеңбердің ортасында қалуға тырысады.