Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі


Жаңа тақырыпты түсіндіру: Слайд бойынша оқушыларға сабақ түсіндіремін



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#84934
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сабақ жоспары 36

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: Слайд бойынша оқушыларға сабақ түсіндіремін
1. Қабатты гидравликалық жару туралы жалпы мәліметтер
2.Қабатты су арынымен жару кезінде қолданылатын жабдықтар
3.Қабатты су арынмен жару технологиясы
Қабатты су арынымен жару – ұңғыманың түп маңы аймағына әсер етудің тиімді әдісі болып табылады. Бұл әдісті мұнай және газ кен орындарының өнімділігін арттыру , айдау ұңғыаларының жұту қасиеттерін арттыруға қабат суларын саңылаусыздандыру кезінде қолданады. Қабатты су арынымен жарудың негізі болып ұңғымаға жоғарғы қысымда сұйықтықты айдау арқылы түп маңы аймақтарындағы жыныстарда жарықтар жасау және бар жарықтарды кеңейту болып табылады. Жыныста қысымның әсерінен жаңа жарықтар пайдп болады немесе болған жарықтар кеңейеді. Осы барлық жарықтар жүйесі ұңғыманы түптен алыстаған өнімді қабаттармен байланыстырады. Қабатта жарықтар пайда болғаннан кейін жарықтардың жабылуын болдырмас үшін айдау сұйығымен бірге ірітүйірлі құм айдалады. Жарықтардың радиусы бірнеше ондаған метрге жетуі мүмкін. Қазіргі кезде бұл технология мұнай кен орындарындағы өткізгіштігі аз, әлсіз дренаждалатын қабаттардың мұнай бергіштігін көтеру және игеруді күшейтудегі ең белгілі әдістердің бірі болып саналады. Көптеген аймақтарда бұл технология өндіруді елеулі түрде көтеретін және ұңғымаларды рентабельді категорияға шығаратын жалғыз технология болып табылады.
Қабатты гидравликалық жарудың мәнісі, ұңғымаға айдайтын сұйықтықпен ұңғыма түбінде жоғары қысым жасағанда, қабатта жарықшақтардың түзілуі мен кеңеюіне негізделген. Пайда болған жарықшақтар қысымды түсіргеннен кейін қайтадан бірікпес үшін, оларға сортталған ірі түйіршікті құм айдайды.
Қабатта түзілген жарықшақтар немесе ашылған және кеңейген жарықшақтар басқалармен байланысып, мұнай мен газдың өткізгіштері болып қалады. Ол ұңғыманы түптен алыс жатқан қабаттың өнімді аймақтарымен байланыстырады. Қабат тереңіндегі жарықшақтардың болу ауданы бірнеше ондаған метрге дейін жетуі мүмкін. Ірі түйіршікті құммен толған, ені 1-2 мм болатын жыныста түзілетін жарықшақтардың өтімділігі жоғары болады. Қабаттың гиравликалық жарудан кейін ұңғымалардың өнімділіктері бірнеше есеге артады. Қабатты гидравликалық жару операциясы мынадай сатылы кезеңдерден тұрады: 1) қабатқа жарықшақтар түзу үшін сұйықтығын айдау; 2) құм тасушы-сұйықтықты айдау; 3) жарықшақта құмды жаншып енгізу үшін сұйықтық айдау.
Әдетте қабатты гидравликалық жару кезінде жару сұйықтығы мен құм тасушы сұйықтық ретінде бір сұйықтықты пайдаланады. Сондықтан да терминалогияны жеңілдету үшін бұл сұйықтықтарды жару сұйықтықтары деп аталады.
Жару сұйықтықтарының негізгі екі түрі қолданылады:
1) көмірсутектік сұйықтықтар; 2) сулы ерітінділер.
Кейде су-мұнайлы және мұнай-қышқылдық эмульсиялар қолданылады.Көмірсутектік сұйықтықтыр мұнайлы ұңғымаларда қолданылады. Оған жататындар: тұтқырлығы жоғары шикі мұнай; мазут немесе оның мұнайлармен қоспасы; дизельді отын немесе мұнай сабындарымен қоюланған шикі мұнай.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет