Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі


Қабатты сұйықпен жару технологиясы



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#84934
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сабақ жоспары 36

Қабатты сұйықпен жару технологиясы
Қабатты сұйықпен жару үшін бірінші ретте өнімділігі төмен жыныстардың табиғи аз өткізгіштілігінен болатын скважиналарды немесе түп маңы аймағының сүзгіштігі қабатты ашқанда нашарлаған скважиналарды таңдайды. Сондай-ақ қабат қысымы скважинаға мұнай ағынын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жаруға дейін скважинадағы ағынды зерттейді және оның жұту қабілеті мен жұту қысымын анықтайды. Жаруға дейінгі және кейінгі ағынды зерттеулер нәтижелерімен скважинаның жұту қабілеті туралы мәліметтер жүргізілген іс нәтижелерін талдауға мүмкіндік береді, жару қысыман шамамен бағалауға, жару жасау үшін қолданылатын сұйықтың қолайлы қасиеттері мен мөлшерін дұрыс таңдауға, жарудан кейін түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігінің өзгеруін талдауға көмектеседі. Скважинаны жұмысты бастау алдында құрғату арқылы тазалайды және жуады.
Жуылған, тазаланған скважинаға диаметрі 76 немесе 102 мм сорап құбырлары түсіріледі , олармен жару сұйығы түпке түседі. Диаметрі кіші құбыр түсірілсе біршама қысым жоғалтулары нәтижесінде жару процесі қиындайды. Шегендеу тізбегін жоғары қысым әсерінен қорғау үшін, қабаттың үстіне пакер қойылады. Қысым көтерілгенде ол тізбекпен жылжымауы үшін құбырларда гидравликалық зәкір орнатқан жөн. Құбырлар мен зәкір ішіндегі қысым үлкен болған сайын зәкірдің поршендері соғұрлым үлкен күшпен жылжиды және шегендеу тізбегіне қысылады. Поршендер бүйіріндегі сақиналы қырлар тізбекке сұғынып , қысым үлкен болған сайын зәкірдің поршендері соғұрлым үлкен күшпен жылжиды және шегендеу тізбегіне қысылады. Поршендер бүйіріндегі сақиналы қырлар тізбекке сұғынып қысым өскен сайын, сондай күшті тежеу қарсылығын көрсетеді. Зәкірлердің басқа да түрлері бар.
Қабатты жару құбырларға жару сұйығын айдау арқылы қабат бөлінген сәтке дейін жүреді, ол скважина сыйымдылық коэффициентінің өсуінен байқалады. Егер жару үшін нашар сүзілетін сұйық қолданылса, сондай-ақ түп маңы аймағы жыныстарының өткізгіштігі саз ерітіндісімен ластануы нәтижесінде төмендеген болса, кейде жарылған сәтке айдау қысымының төмендегені байқалады. Жарудан кейін қабатқа құмтасығыш- сұйық айдайды.
Құмтасығыш – сұйықты үлкен жылдамдықпен және жоғары қысыммен айдаудың тиімділігі зор , себебі бұл жағдайда қалыптасқан жарықтар жақсы ашылады. Құбырларда қалып қойған құмтасығыш сұйық қабатқа скважинамен сығу сұйығын айдау арқылы, ол ретінде мұнай скважиналары үшін мұнай және айдау скважиналары үшін су қолданылады. Содан кейін скважина сағасын бекітеді және оған қысым төмендегенше тимейді. Содан кейін скважинаны жуады, құмнан тазалайды және оны меңгеруге кіріседі.Өңдеуге керекті құмтасығыш- сұйық көлемін жарыққа қажет құм мөлшерімен енгізіп, сондай-ақ сұйықтағы шекті құрамы бойынша анықтауға болады. Бірінші жару жарыққа 5-6 м құм кіргізген дұрыс, ал кейінгілерінде құм мөлшері 10-20 т-ға жеткізеді. Шет елдерде жарыққа 90 т құм енгізген де болған. Отандық және шет елдік құмтасығыш –сұйықтарда келесі құм құрамы ұсынылады: тұтқырлығы 50-150 МПа-с қабат жағдайларындағы мұнай мен су – мұнай эмульсиялар үшін 120360 г/дм3; қоюлатылған мұнай мен мұнай өнімдері үшін- 600-ге дейін; керосин-қышқылдық эмульсиялар үшін- 1200-ге дейін және қоюлатылған су үшін-360-600 г/дм3.
Қабатты бірнеше рет жаруды келесі тәсілдермен іске асыруға болады.

  1. Әдеттегі технологиямен гидравликалық жарылыс жасап, артынан скважинаға сұйықпен бірге жарықты уақытша тығындайтын немесе жару аралығына келетін перфорациялық тесіктерді жабатын арнайы заттар айдалады. Бұл қысымды қайта көтеруге және қабатты басқа жерде жаруға мұмкіндік береді. Тығындағыш материал ретінде түйіршікті нафталин, пластмасса дәндер және т.б қолданылады. Скважинаны меңгергенде нафталин мұнайда еріп кетеді, ал дәндер ағынмен айдалып шығарылмайды.

  2. Жарықтар жасауға арналған аймақты әрқашан да екі пакермен немесе гидравликалық қақпақпен бөліп тастауға болады және қабатты жаруды әдеттегі технологиямен жүргізуге болады.

  3. Бірнеше рет жаруды, өнімді қабатшаларын құм тығынымен бөліктеп тастау арқылы жасауға болады.

Саз қабатшалары көп , яғни тік бағытта өткізгіштігі төмен қималарда өнімді қабатшаларды қосатын тік жарықтар тудырған дұрыс. Мұндай жарықтарды қалыптастыру үшін жарудың сүзілмейтін сұйықтарын қолданады. Тік жарықтар жарудың сүзілетін сұйықтарын айдағанда да сұйық шығынын және түпке түсірілетін қысымды тез көтергенде қалыптасуы мүмкін.
Қабаттардың жарылуын жеңілдету үшін алдын-ала таңдалған жерде құйма ағында перфорация немесе тізбекті торпедамен тесіп өткізуге болады, Кейін осы аймақ пакерлермен бөлінеді.(саңылаусызданады)
Қабатты гидрожару технологиясы жетілдірілу үстінде. Жарудың әртүрлі әдістері, цемент сақинасын жарылудан сақтау, қабатты жоғары қысымды газбен жару сияқты жаңа әдістер ұсынылуда.
Гидрожару жүргізгенде аса көңіл бөлуді талап ететін маңызды сұрақ-қалыптасатын жарықтардың орны мен сипатын анықтау. Бұл мәселе жарыққа жай және радиоактивті құм енгізілгеннен кейін болатын радиоактивтік зондтау әдістері арқылы шешілуде.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет