Жаңа тақырыпты бекіту:
Оқушылармен бірлесе қорытынды жасау мақсатында бекіту сұрақтары слайдта көрсетілген:
Қабатты гиравликалық жару дегеніміз не?
Қабатты су арынымен жару кезіндегі қолданылатын жабдықтар?
Агрегат 4ПА және УСП-50 қондырғы қызметі?
Қабатты гидравликалық жару технологиясы
Үйге тапсырма беру: Н.3. Қ.5. Конспект бойынша дайындалып келу
Бағалау. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды және тапсырмаларды орындаған оқушыларды бағалау.
«Мұнай – газ және стандарттау» бөлімінің ПЦК отырысында қаралды
Хаттама № __ ___ _________ 20__
ПЦК төрайымы___________Тулешкалиева А.М
Ашық сабақты талқылау ХАТТАМАСЫНЫҢ көшірмесі
09.01.2015 ж
Өткізгендер: Мұнай-газ және стандарттау бөлімінің арнайы техникалық пәндер оқытушысы
Н.М Жумагалиева
Тақырыбы: Қабатты су арынымен жару (ҚСАЖ) технологиясы, қолдану аймағы
Пәні: Мұнай мен газды өндірудің жаңа технологиялары
Қатысқандар: Куспаева Ш.Н.- аға әдіскер
Тнымбаева А.Т. – мұнай-газ және стандарттау бөлімінің меңгерушісі
Тулешкалиева А.М. - Мұнай- газ ж/е стандарттау бөлімінің ПЦК төрайымы
Тлеугалиев Ж.К. - мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Байменов Н.Б. – мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Жумашева А.Н - мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Сейтжанова Б.Г. - мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Күн тәртібінде
1. Ашық сабақты талқылау
Тыңдалды: Мұнай-газ және стандарттау бөлімінің арнайы техникалық пәндер оқытушысы
Н.М Жумагалиева.
«Қабатты су арынымен жару (ҚСАЖ) технологиясы, қолдану аймағы» атты ашық сабағымыздың мақсаты – оқушыларға қабатты су арынымен жару туралы жалпы түсінік беру, ҚСАЖ технологиясымен, қолданылатын жабдықтарды және қолдану аймағын түсіндіру. Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында қосымша материалды пайдалануға дағдыландыру, ойлау және шапшаңдық қабілетін жетілдіру, оқушыларды туған жердің қазба байлығын білуге, бағалауға үйрету, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғауға, сүйе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдары макет, буклеттерді түсіндіру арқылы оқушыларға жаңа сабақты түсіндірді. Сұрақтарға жауап жазу арқылы, слайдтарға жауап беру арқылы жаңа сабақты бекітті.
Сөйлегендер:
Куспаева Ш.Н.- аға әдіскер
Оқытушы сабақтың тақырыбын ұтымды таңдаған. Берілген материалдар көлемі үлкен. Оқытушы сабақ барысында өзін еркін ұстап оқушылармен тығыз байланыс орната білді. Сабақ жақсы деңгейде өтті.
Куспаева Ш.Н-аға әдіскер
Оқытушы сабақты жақсы өткізді. Сабақ барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолданды.Оқытушы сабақ барысында өзін жақсы ұстады және оқушыларға сабақты жеткізе білді.
Тнымбаева А.Т. – мұнай-газ және стандарттау бөлімінің меңгерушісі
Оқытушы сабақтың тақырыбын дұрыс таңдаған, сабақтың тақырыбы ашылды деп ойлаймын. Оқушылардың сабақтағы тәртібі мен пәнге деген қызығушылықтары байқалып тұрды. Сабағы жақсы өтті, оқытушы өзін жақсы ұстады, сабақты оқушыларға жеткізе білді.
Тлеугалиев Ж.К. - мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Сабақ жоғары деңгейде өтті, әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Әсіресе оқушылардың тұз қышқылымен қолданылатын техникасын жатқа айтып, олардың сипаттамаларын түсіндіре білуінде олардың пәнге деген қызығушылықтары көрініп тұрды. Сабақтың құрылымы, яғни турлары жүйелі түрде құрастырылған, мысалы, слайд бойынша сұрақтар жай сұрақтардан басталып күрделі сұрақтарға дейін саты сатысыман қойылған. Сабақ мақсатына жетті.
Байменов Н.Б. - мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Сабақта жаңа технологиялық әдістері тиімді қолданған. Көрнекіліктері мен слайдтардың сапасы жақсы. Оқушылар өз білімдерін сабақ барысында жақсы көрсетті. Сабақ жақсы деңгейде өтті, мақсатына жетті.
Жумашева А.Н. – мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Бүгінгі ашық сабақ маған өте ұнады. Ең бастысы оқытушы өзін жақсы ұстады. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Сабақта түрлі тәсілдер қолданыла білді. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті. Менің ойымша сабақ өз мақсатына жетті.
Сейтжанова Б.Г. - мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Сабақ бөлімдері белгілі жүйемен өтті. Оқушыларда сабаққа белсене қатысып отырды. Оқушылар өз білімдерін сабақ барысында жақсы көрсетті. Көрнекіліктері де және минералдар, макеттер жақсы түсінікті түрде көрсетілді. Оқытушының топпен қарым-қатынасы және өзін жақсы ұстағаны ұнады. Сабақ өз мақсатына жетті.
Тулешкалиева А.М. - мұнай-газ және стандарттау бөлімінің оқытушысы
Маған оқытушының сабағы ұнады. Соның ішінде оқушылардың кен орныдарынң аттарын жазу арқылы оқушылар өздерінің жан жақты ізденгендерін көрсетті. Тау жыныстарының қаттылығына байланысты қашауларды таңдауда, қашауды жатқа айту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытты. Сайыс өз мақсатына жетті.
Қаулы қабылданды:
1. Ашық сабақ жақсы әдістемелік деңгейде өтті және «жақсы» деп бағалансын;
2. Сабақтың үлгісі әдістемелік кабинетке тапсырылсын.
Төрайымы Ш.Н. Куспаева
Хатшы А.А. Беркалиева
Қатысушылардың қолы:
Мұнай-газ ж/е стандарттау
бөлімінің меңгерушісі _____________Тнымбаева А.Т.
Мұнай- газ ж/е стандарттау
бөлімінің ПЦК төрайымы ____________Тулешкалиева А.М.
Арнайы пәндер оқытушысы ___________Тлеугалиев Ж.К.
Арнайы пәндер оқытушысы ___________Байменов Н.Б.
Арнайы пәндер оқытушысы____________ Жумашева А.Н.
Арнайы пәндер оқытушысы_____________ Сейтжанова Б.
Достарыңызбен бөлісу: |